Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбына арналған отырысы өтті.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту кезінде конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев отырысқа қатысушыларға ілтипат білдіріп, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды конституциялық өзгерістер мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту үшін жасалған қадам және қоғамның саяси жүйені жаңартуға қатысты сұранысына берілген жауап екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл белгілі бір салалардағы өзгерістер емес, мемлекеттік модельдің мазмұны мен жұмыс істеу қағидаттарын түбегейлі қайта қарау екенін тілге тиек етті.

— «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың жуырда өткен отырысында ауқымды конституциялық реформалар туралы айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталатынын жеткізді. Бұл саяси жүйемізге тек түзетулер мен толықтырулар енгізу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл әлемдегі қазіргі сын-қатерлерге бейімделу арқылы түбегейлі жаңғыруға қадам басу екені анық. Сондықтан, осындай маңызды сәтте бірлігімізді бекемдеп, Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістерді жүзеге асыруда жұдырықтай жұмылу айрықша мәнге ие», – деді Мәулен Әшімбаев.

Палата Спикері елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа кешенді және жүйелі сипатқа ие екенін айтты. Алдағы өзгерістер парламенттік реформалар аясынан шығып, Ата Заңымызды тұтастай қамтып отыр. Оның айтуынша, қазірдің өзінде Конституцияның 80-ге жуық нормасына өзгерістер енетіні белгілі болды. Бұл басты құқықтық құжатымыздың 84 пайызын құрайды. Мәулен Әшімбаев реформаның маңызды бағыты еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының өкілеттіктерін кеңейтуді және рөлін күшейтуді көздейтінін де атап өтті. Сондай-ақ заңнамалық процесті оңтайландыру, депутаттардың дербестігін арттыру, партиялық жүйені дамыту және саяси бәсекелестікті күшейту бағытына да баса мән беріліп отырғанына тоқталды.

Сенат Төрағасы реформа аясында мемлекет пен қоғам арасындағы келісім және диалог институты ретінде Халық кеңесін құру ұсынылғанына ерекше назар аударды. Отырыста аталған алаңда идеология, құндылықтар мен ұлттық бірлік мәселелері талқыланатыны және Кеңеске заң шығаруға бастамашы болу құқығын беру оны мазмұнды институтқа айналдыратыны сөз болды. Ұсынылған өзгерістердің қатарында вице-президент лауазымын енгізу және Конституцияның преамбуласын жаңарту туралы бастамалар да бар екеніне мән берілді. Сол арқылы мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығын көрсетіп, Әділетті Қазақстан құруды ең жоғары мақсат ретінде белгілеу көзделіп отыр.

«Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңіне қадам басуда. Осы тарихи сәтте зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы ұсынған ауқымды өзгерістердің мәнін қоғамға дұрыс жеткізу аса маңызды. Қазіргідей жауапты кезеңде ұлттық бірлікті одан әрі бекемдеу өте өзекті. Қоғамды ортақ мүддеге жұмылдыру ісінде де сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Саяси жаңғыудың түпкі мақсаты – мемлекеттілік пен Тәуелсіздікті нығайту. Бұл – Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңа конституциялық модельге көшу кезеңі. Алдағы уақытта конституциялық реформаларды табысты іске асыруға зиялы қауым мен сарапшылар қоғамдастығы белсенді үлес қосады деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев.

«Ұлттық мүдде» диалог алаңында сенаторлармен бірге белгілі филолог, қоғам қайраткері Қойшығара Салғараұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Жамаладен Ибрагимов, «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ерлан Сайлаубай, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры Дихан Қамзабекұлы, Парламентаризм институты орталығының басшысы Шолпан Саймова, Nazarbayev University жоғары мемлекеттік саясат мектебінің доценті Серік Оразғалиев және басқа сарапшылар сөз сөйлеп, қозғалған тақырыпқа қатысты пікірлерін білдірді.

Қатысты жаңалықтар

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026
Жетісу – жердің жұмағы

Жетісу – жердің жұмағы

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.