Талдықорған: -4°C
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Су тасқынының алдын-алу. Бәрі жеткілікті ме?

23.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Су тасқынының алдын-алу. Бәрі жеткілікті ме?

ЖИ/ 7-su.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында ауа температурасының жоғарлауы мен жауын-шашын салдарынан жылыну биыл ерте басталды (қардың еруі 4 ақпанда тіркеліп, 10-20 ақпанда қарқынды жүрді. Былтыр наурызда болған). Биылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында, 2025 жылы 26 инженерлік іс-шара жүргізілді, олардың  бүгінгі күнге 24-і толық аяқталып, 3 шақырым қорғаныс дамбалары салынып жөнделді, ал 14,8 шақырым су бұру арналары мен арықтар орнатылды, 11 шақырым өзендер мен каналдар арналары механикалық тазартылды, 13 шақырым өзен арналарының түбі тереңдетіліп, жағалаулары нығайтылды. Қалған 2 іс-шара көшпелі биылғы облыстың даму жоспарына сәйкес жалғасуда (1 — Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінде механикалық тазалау, тереңдету, 2 — Қаратал ауданы Тастөбе, Қаражиде ауылдары маңында Қаратал өзенінде механикалық тазарту, түзету және үйінді дамбаны жөндеу жұмыстары), – деп хабарлайды 7-su.kz  ақпараттық порталы.

Бұл жөнінде толықтырып Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіндегі брифингте облыстық төтенше жағдай департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Ринат Тазабековпен «Қазсушардың» облыстық филиалы директордың міндетін атқарушы орынбасары Бақыт Әбішев жан-жақты айтты.

– Барлық қауіпті учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылып, күнделікті мониторинг жүргізілді. Бақылау барысында облыстың жалпы 48 су бұру  арналарының 31 арнасы арқылы тасқын сулар транзитті қауіпсіз өтті. Алайда, Ақсу ауданының Алтынарық ауылында (11 ақпан, 2 аула), Талдықорған қаласының «Қызыл тас» саяжай қоғамында (11 ақпан 1 аула) және Қаратал ауданының «Үштөбе-Жылыбұлақ 15 км» (18 ақпан), «Үштөбе-47 разъезд 16 км (20 ақпан)  облыстық маңызы бар автожолдарында жергілікті су басу жағдайлары тіркелді. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары зардап шекпеді, жол қозғалысына шектеу қойылған жоқ, –деді Ринат Талғатұлы.

Су тасқыны жағдайын бақылау үшін өзендерде 53 гидробекет жұмыс жасауда («Қазгидромет» РМК – 27, «Қазселденқорғау» ММ – 26). Облыстағы 8 су қоймалардың 5-еуі («Алмалы», «Акешкі», «Ащыбұлақ», «Қызылағаш», «Лепсі өзеніндегі ГЭС-2») жинақтау режимінде. Жалпы, облыс аумағында барлығы 114 гидротехникалық құрылыс (ГТҚ) орналасқан (8 су қоймасы, 17 тоған, 20 гидроторап, 9 бөгет, 1 дамба, 59 магистральдық канал). Оның ішінде 73-і республикалық, 30-ы коммуналдық, 11-і жеке меншікте.

– Су тасқыны суларын апатсыз өткізу мақсатында су шаруашылығы нысандарындағы темір қақпалардың механизмдері толық тексеруден өтті. Төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін хабарлау схемасы бекітілді. 2025 жылдың қазан айында БАБИ, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың мамандарымен бірлесіп облыстағы барлық су шаруашылығы нысандарының, қызметтік ғимараттардың техникалық жағдайына, сондай-ақ өзен арналарының жай-күйіне кешенді тексеру жүргізілді. Су қоймаларының жұмыс режимі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бекіткен кестеге сәйкес реттелуде. Төтенше жағдай туындаған жағдайда су қоймаларынан өзендерге апатты су тастағыштар және түптік су шығару құрылғылары арқылы реттелген түрде су жіберу қарастырылған. Сонымен қатар, су қоймаларында ұлттық стандарттарға сәйкес жаңа акустикалық құлақтандыру блоктары орнатылып, БАО-600 жергілікті хабарлау жүйесі іске қосылған, – дейді Бақыт Несіпбайұлы.

Қатысты жаңалықтар

Astana Team – халықаралық Pee Wee Hockey турнирінің жеңімпазы

Astana Team – халықаралық Pee Wee Hockey турнирінің жеңімпазы

23.02.2026
Студенттер мен сотталғандар арасында телемост ұйымдастырды

Студенттер мен сотталғандар арасында телемост ұйымдастырды

23.02.2026
Колледждер еңбек нарығының сұранысына сай бейімделуде

Колледждер еңбек нарығының сұранысына сай бейімделуде

23.02.2026
Алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

Алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

23.02.2026
Жаңа Конституцияның негізі – адам мен оның құқығы

Жаңа Конституцияның негізі – адам мен оның құқығы

23.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.