Талдықорған: +16°C
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Судың да сұрауы бар

06.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Судың да сұрауы бар
WhatsAppTelegramFacebook

Су – кез келген мемлекеттің стратегиялық ресурсы. Оның жетімділігі ауыл шаруашылығының тұрақтылығынан бастап, елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз етуге дейінгі көптеген мәселенің шешіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан су шаруашылығын дамыту тек жаңа нысандар салумен немесе ескі инфрақұрылымды жаңғыртумен шектелмейді. Бұл саланың болашағын қамтамасыз ететін ең маңызды факторлардың бірі – білікті маман. Соңғы жылдары елімізде су шаруашылығы саласына кадр даярлауға ерекше көңіл бөліне бастауы да осы қажеттіліктерден туындап отыр. Оның нақты нәтиже-сі – осы бағытта білім алуға ниетті жастар санының артуы.

Бірнеше жыл бұрын су шаруашылығы мамандықтары жастар арасында аса танымал бағыттардың қатарында бола қойған жоқ. Алайда бүгінде жағдай өзгеріп келеді. Бұған ең алдымен саладағы кадр тапшылығы және су ресурстарын тиімді басқарудың мемлекеттік деңгейдегі маңызды міндетке айналуы себеп. 2023 жылы Қазақстанда су шаруашылығы мамандарын даярлайтын 9 жоғары оқу орны мен 6 колледж болса, қазір бұл көрсеткіш 13 университет пен 10 арнаулы орта оқу орнына жетті.

Яғни, маман даярлайтын білім беру ұйымдарының жалпы саны 15-тен 23-ке дейін көбейді. Бұл – жай ғана статистикалық өсім емес. Мұның соңында су шаруашылығына деген жаңа көзқарас жатыр. Бұрын су саласы көбіне коммуналдық немесе ауыл шаруашылығының қосалқы бағыты ретінде қарастырылса, қазір ол ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде бағалана бастады.

Жастардың бұл салаға қызығушылығының артқанын мемлекеттік білім гранттарының динамикасынан да байқауға болады. Атап айтқанда, 2023-2024 оқу жылындағы 262 гранттан 2024-2025 оқу жылында 390 грантқа дейін, ал былтырғы оқу жылында 1000 грантқа дейін көбейді. Ең маңыздысы – бұл гранттардың соңында нақты жұмыс орнына деген сұраныс тұр. Дегенмен студент санының көбеюі саладағы мәселенің бірден шешілгенін білдірмейді.

Негізгі мәселе – осы жастардың қаншасы оқуын аяқтаған соң кәсіби маман ретінде жұмысқа кіріседі және алған білімін өндірісте қаншалықты қолдана алады? Бұл жерде теория мен тәжірибенің байланысы шешуші рөл атқарады. Сондықтан студенттердің су шаруашылығы кәсіпорындарындағы өндірістік тәжірибесіне басымдық беріліп отыр. Мәселен, «ҚазСуШар» кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны соңғы жылдары бірнеше есеге артқан.

Мәселен, 2024 жылы 82 студент тәжірибеден өтсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 470-ке жеткен, ал 2026 жылы 700-ден астам студент өндірістік тәжірибеден өткен. Бұл – дұрыс бағыт. Себебі, су шаруашылығы – тек аудиторияда оқып үйренетін сала емес. Болашақ маман арнаның, су қоймасының, гидротехникалық құрылыстың, ирригациялық жүйенің нақты жұмысын көзімен көріп, техникалық үдерістерді тәжірибе жүзінде меңгеруі керек.

Қазіргі су шаруашылығына бұрынғыдай тек гидротехник немесе су инженері ғана емес, заманауи технологияларды меңгерген мамандар қажет. Суды есепке алу, цифрландыру, автоматтандыру, су үнемдеу технологиялары, гидрологиялық мониторинг, жер асты суларын зерттеу, ирригациялық жүйелерді басқару – мұның барлығы жаңа буын маманының құзыретіне айналуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, су саласында маман даярлайтын оқу орындарының көбеюі – жақсы мүмкіндік. Бірақ, саннан сапаға көшу мәселесі алдыңғы орынға шығуы керек. Яғни, «қанша студент оқып жатыр?» деген сұрақпен бірге «олар қандай білім алып жатыр?» деген сұрақ қатар қойылуы қажет.

Бұл жерде тағы бір маңызды мәселе бар. Жастардың су саласына келуі үшін білім гранты ғана жеткіліксіз. Олар оқуын аяқтаған соң тұрақты жұмысқа орналасып, кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік алуы керек. Саладағы еңбекақы, еңбек жағдайы, тұрғын үй мәселесі, мансаптық өсу мүмкіндігі – маманның осы бағытта қалуына әсер ететін негізгі факторлар. Соңғы уақытта бұл мәселеге де назар аударылып келеді. Мәселен, министрліктің мәліметінше, «Қазсушар» РМК-дағы орташа жалақы екі жыл ішінде екі еседен астам өскен. Сонымен бірге, сала мамандарының біліктілігін арттыру, шетелдік тәжірибені меңгеру бағытында да жұмыстар жүргізілуде.

Демек, бүгінгі студентке «оқып бітірген соң жұмыс табыла ма?» деген сұрақтың жауабы барған сайын нақты бола түсуде. Әрине, су саласына жастардың көптеп келуі – қуантатын көрсеткіш. Бірақ, ендігі міндет одан да маңызды. Ол – осы жастарды салада ұстап қалу. Өйткені, су шаруашылығында маманның тәжірибесі ерекше құнды. Инженер бірнеше жыл бойы белгілі бір өңірдің су жүйесін, климаттық ерекшелігін, су арналары мен гидротехникалық нысандарын зерттеп барып қана жоғары білікті маманға айналады. Сондықтан жас маманды бір рет жұмысқа қабылдау жеткіліксіз. Оған тәлімгер бекіту, кәсіби білімін жетілдіру, заманауи техникамен жұмыс істеуге жағдай жасау және қызметтік өсу жолын көрсету маңызды.

Бұл ретте оқу орындары мен су шаруашылығы кәсіпорындарының арасындағы байланыс бұрынғыдан да тығыз болуы тиіс. Бұл бағытта Жетісуда дуальды оқыту жүйесін дамыту тәжірибесі бар. Облыста кәсіпорындардың нақты өтінімдеріне сәйкес мамандарды мақсатты даярлау жүргізіліп, студенттердің оқу кезінде өндірістік ортаға бейімделуіне мүмкіндік жасалуда. Мұндай жүйенің тиімділігі – студент оқуын аяқтаған кезде жұмыс орнын ғана емес, сол жұмыстың қыр-сырын да білетін болады.

Бүгінде Қазақстанның су саласында кадр даярлау жүйесі айтарлықтай өзгеріп келеді. Университеттер мен колледждер көбейді, грант саны артты, студенттердің өндірістік тәжірибеге қатысуы күшейді. 2026-2027 оқу жылында жоғары оқу орындарында су саласына қатысты мамандықтарға 840 1-курс студентінің қабылдануы – осы өзгерістің нақты көрінісі. Нәтижесінде университеттерде су шаруашылығы бағытында білім алып жатқан студенттердің жалпы саны 3 мыңнан асты. Колледждерде де 800-ден астам жас осы саланың жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жатыр.

Жетісу облысының колледждерінде соңғы жылдары еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтар ашылып келеді. Облыстағы оқу орындарында гидротехникалық мелиорациямен қатар сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қатысты мамандықтарды енгізу жұмыстары да жүргізілді. Бұл көрсеткіштер су шаруашылығының жастар үшін біртіндеп жаңа мүмкіндіктер саласына айналып келе жатқанын көрсетеді.

Ең бастысы – бүгінгі студенттің ертеңгі инженер, гидролог, гидротехник немесе су ресурстарын басқару маманы ретінде елдің су қауіпсіздігіне үлес қосуына жағдай жасау. Өйткені, су тапшылығы күшейген заманда суды үнемдеу мен тиімді басқару технологиясынан бұрын сол технологияны меңгерген білікті адам қажет. Сондықтан су шаруашылығына келген әрбір жаңа студент – жай ғана талапкер емес, елдің су қауіпсіздігінің болашағына жасалған инвестиция. Себебі, ертең судың әр текше метрін тиімді пайдалану – тек техниканың емес, ең алдымен оны дұрыс басқаратын адамның біліміне байланысты болады.

Айта кетейік, қазіргі кезде Солтүстік қытай электр энергетикасы университетімен, Венгриядағы Корвинус және Обуда университеттерімен, сондай-ақ Өзбекстандағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығы механикаландыру инженерлері институтымен қос дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

06.10.2026
Судың да сұрауы бар

Судың да сұрауы бар

06.10.2026
Тау өзендері қуат береді

Тау өзендері қуат береді

06.10.2026
Конституция және елдік жауапкершілік

Конституция және елдік жауапкершілік

06.10.2026
Балықтан басталған бизнес

Балықтан басталған бизнес

06.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.