Талдықорған: +11°C
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Тау-тау болып үйілген тәтті түбір

29.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тау-тау болып үйілген тәтті түбір

default

WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу және Көксу қант зауыттары егістіктен жиналған биылғы қызылшаны қабылдауға кірісті. Кәсіпорындар маңындағы әр көліктің тіркемесі тәтті түбірге толы. Алғашқылардың қатарында көлігіне қызылша тиеген шаруаларды Көксу және Ақсу кәсіпорындарының қабылдау бекеттері қарсы алды. Биыл қос зауыт 585 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, өңдеуді жоспарлап отыр.

АҚСУ АУДАНЫ. Арнайы көліктерге тиелген дақыл зауытқа жеткізіліп, қабылдау алаңына түсірілуде. Бір көлік босап үлгерсе, кезек келесісіне жетеді. Осылайша таңнан басталған тіршілік кешке дейін толастамайды. Ал зауыт мамандары үшін бұл – өндірістің қызу кезеңінің басталғанын білдіреді. Кәсіпорында 5910 гектар алқаптан жиналған өнімнен жалпы 211 мың тонна қант қызылшасын өңдеу жоспарланған. Байқағанымыздай, зауытта шаруалардан келетін өнімді дер кезінде қабылдап, өндіріс қозғалысын тоқтатпауға қажетті дайындық жұмыстары толық жүргізіліпті. Өнім кезек тәртібімен қабылдануда.

«Ақсу қант зауыты» ЖШС директоры Берікбек Қалиевтің айтуынша, қазір қант қызылшасын 120-ға жуық шаруашылық қазып алуда. Алакөл, Сарқан және Ақсу аудандарынан бір тәулікте орта есеппен 4 мың тонна өнім зауытқа жеткізілген. Зауыт аумағында өнім тиелген 30-40 шақты көлік кезегін күтуде. Бұрын мұндай кезекте тұрған көліктердің саны әлдеқайда көп болатын. Ал биыл көлік қозғалысы реттеліп, шаруаларға қолайлы болу үшін элек-трондық кесте жасалған. Нәтижесінде көліктердің кезек күтуі азайған.

Кестеге сәйкес таңнан кешке дейін 150-170-тей автокөлік зауыт аумағынан өтіп, өнімін түсіреді. Қызылшаны уақытылы қабылдап, өңдеу көлемін арттыру мақсатында құрылғылардың басым бөлігі жаңартылып, өндірістік үдерістің тиімділігін күшейтуге басымдық берілген. Кәсіпорынды жаңғырту жобасы аясында зауыттың өндірістік қуатын жылына 350 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Жаңғырту жұмыстары биыл басталып, 2028 жылы аяқталмақ. Жоба құны 25 млрд. теңгені құрайды.

Бұл бастама кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, өңірде өсірілетін қант қызылшасын терең өңдеуге жағдай жасайды. Зауытта екі қазандық табиғи газға толық ауыстырылған. Өнім цехындағы центрифугалар мен пресс-камералық сүзгілерге қызмет көрсету жұмыстары біткен. Сонымен бірге, жаңа БУМ қондырғысы сатып алынған.

Кәсіпорында екі жаңа қызылша кескішті монтаждау, технологиялық жабдықтарды жөндеу, диффузиялық аппарат бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек, №1 әктас-газ пешінің монтажы аяқталып, электр цехындағы жоғары вольтты электр жабдықтарына сынақтар өткізілген. Қазіргі таңда зауытта 320-ға тарта адам еңбек етуде, алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсіп, 450 адам жұмыспен қамтылмақ.

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Әсет Серікболовтың айтуынша, биыл ауданда 77 шаруа қожалығы 2 600 гектар алқапқа қант қызылшасын егіпті. Бүгінге дейін 11 шаруашылық жиын-терін жұмыстарына кірісіп, 113 гектар алқаптан 3 984 тонна қант қызылшасы жиналған. Қызылша өсіруде заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлініпті. Қазір 3 шаруа қожалығы жалпы 310 гектар алқапта тамшылатып суару технологиясын қолдануда.

Бұдан бөлек, қант қызылшасын өсіру және дайындау бағытында 5 сервистік-дайындау орталығы жұмыс істеп тұр. Орталықтар қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз етілген. Бұл шаруалардың егіс жұмыстарынан бастап, өнімді жинау және қабылдау орындарына жеткізу кезеңдеріндегі істерін жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл аймақта 101 мың тонна қант өндіру көзделіп отыр. Оның 71 мың тоннасы қант қызылшасынан, 30 мың тоннасы қант құрағынан алынбақ.

***

КӨКСУ АУДАНЫ. Зауыт алаңдарындағы үйреншікті көрініс қайта жанданды. Қызылша тиеген көліктер бірінен соң бірі келіп, зертханада өнім сапасы тексеріліп, таразыдан өткізіліп, қабылданып жатыр. Көлік ағынын реттеп, машиналардың жиналып қалуына жол бермеу үшін кәсіпорындар алдын ала бекітілген кесте бойынша жұмыс істеуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, екі қант зауыты да науқанға қажетті дайындық жұмыстарын толық аяқтаған.

– Зауыттарда өнім қабылдау кестесі бекітілді. Мұндай тәртіп түсетін өнім көлемін тиімді реттеп, қант қызылшасын өңдеуге өткізу кезінде кезектің жиналып қалу қаупін азайтады. Қазіргі уақытта екі зауытта да дайындық жұмыстары аяқталды. Қызылшаны қабылдау белгіленген жоспарға сәйкес жүріп жатыр, – дейді облыстық ауылшаруашылық басқарма басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Биыл Көксу қант зауыты 374 мың тонна қызылша қабылдауды жоспарлауда. Кәсіпорын жұмысын кезең-кезеңімен бастап, алдымен француздың «Авантаж» сияқты ерте пісетін сорттарын қабылдауда. Кейін өнім көлемі біртіндеп арта түседі. Қазір зауыт тәулігіне шамамен 2 мың тонна шикізат қабылдап жатыр.

Кәсіпорын директоры Алтынбек Абатовтың айтуынша, «өнім» цехын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталған. Қазір екінші кезең бойынша жұмыс жалғасуда. Жаңа жабдықтар іске қосылған соң тәуліктік өңдеу көлемі 3 мың тоннаға дейін артады. Ал жаңғырту жұмыстары толық аяқталғанда бұл көрсеткішті 5 мың тоннаға жеткізу көзделген.

Жаңа өнімді зауытқа алғашқылардың бірі болып Жарлыөзек ауылдық округіндегі «Қыдырали» шаруа қожалығы жеткізді.

– Зауыт тарапынан қабылдау кезінде ешқандай қиындық жоқ. Күніне үш-төрт рет қатынап, өнім өткізіп жатырмыз. Кезек те жылдам жылжиды. Соңғы жылдары өнімділік жақсы болды. Биылғы көрсеткіш одан да жоғары, – дейді шаруашылық жүргізушісі Асет Шеңгелбаев.

Биылғы қабылдау науқаны кәсіп-орынды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары аясында өтіп жатыр. Модернизация нәтижесінде Көксу зауытының жылдық қуатын 250 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Құны 29 млрд. теңгені құрайтын жоба 2027 жылға дейін жүзеге асырылады.

Жалпы биыл Жетісу облысында қант қызылшасы 13,5 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 мың гектарға артық. Қазір қызылша науқанының қарқынын егістіктегі жинау техникаларымен қатар зауыттардағы қабылдау бекеттері де айқындап отыр. Шикізатты уақытылы әрі жүйелі қабылдау – бүкіл маусымның нәтижесіне тікелей әсер ететін маңызды үдеріс.

Айгүл БАЙБОСЫН
Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Moody’s Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

Moody’s Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

29.09.2026
Тоқаев Германия бизнесіне жаңа бірлескен жобаларды ұсынды

Тоқаев Германия бизнесіне жаңа бірлескен жобаларды ұсынды

29.09.2026
Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

29.09.2026
Қоғам Президент Қ. Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды

Қоғам Президент Қ. Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды

29.09.2026
Жетісуда төрт адам TikTok-тағы тікелей эфир арқылы заңсыз 95 млн теңге тапқан

Жетісуда төрт адам TikTok-тағы тікелей эфир арқылы заңсыз 95 млн теңге тапқан

29.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.