Талдықорған: +2°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

04.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

t.me/mazhilis_kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи тілді текетірес пен ерегестің құралына айналдыру қоғамға абырой әкелмейтінін айтты. Ол бұл пікірін Мәжілістің жалпы отырысында елдегі конституциялық реформаны талқылау барысында білдірді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Елдегі саяси өзгерістер туралы пленарлық отырысқа мәселе енгізу жөнінде ұсыныс білдірмес бұрын біз – Бақытжан Базарбек, Еркін Әбіл, Қазыбек Иса, Елнұр Бейсенбаев және тағы басқа бірқатар депутаттар – алдымен қазақстандық қоғам мен салауатты азаматтық белсенділерге сөз арнайық, халыққа өз пікірімізді білдірейік деген оймен бас қосқан едік, – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, жаңа Қазақстанды қалыптастыру сұраныстарына сәйкес, біздің қоғам елде саяси өзгерістер болуы керек деген талапты талмай айтып келе жатқаны мәлім.

Алайда біз елде бұрынғы 30 жыл бойы қалыптасқан, сірескен саяси режимнің сеңі 2022 жылғы референдум барысында сөгіле бастағанына мән бермей жүрміз. Сол алғашқы реформалардың нәтижесінде біртіндеп қалыптасқан құндылықтарды бағалай алмай жүрген созылмалы қарсылық дерті өзіміз аңсап келген конституциялық өзгерістерді өгей көруіміз тіптен түсініксіз жағдай болып тұр. Бүгінгі қоғамда, әсіресе әлеуметтік желілерде соңғы 6 ай көлемінде сұлбасы жасалған конституциялық өзгерістерге қатысты батыл, бірақ біржақты, сыңаржақ сындар көп айтылып жатыр. Әрине, азаматтық ұстаным мен мемлекеттік мүдде тұрғысынан айтылған сындарлы сынға шектеу болмауы тиіс. Бірақ сондай сын айту мүмкіндігінің өзі қоғамдық құндылық екенін тағы да бағалай білуіміз керек, – деп айтты Бапи.

Мәжіліс депутаты Назарбаевтың заманында демократиялық демі ішінде тұншығып, суырылып шыға алмай жүрген қоғамның тығыны дәл сол құндылықтардың арқасында ағытылғанын мойындауымыз қажет екенін айтты.

Иә, жаңа Конституция жобасына қатысты айтылып жатқан сындарлы сөздердің біразы тіл мәселесіне келіп тіреліп жатыр. Ұлттық намысы селт етіп оянған халықтың талабын теріс деп, үзілді-кесілді кереғар пікір айтуға болмайды. Бұл тақырыпты жылы жауып қоюға да болмайды. Бірақ қазақта «басқа пәле – тілден» деген тәмсіл бар. Даулы, дүлей, қатқыл халықаралық қатынастардың қоршауында, тәртібі күн сайын құбылып жатқан саяси әлемде біз бұл пәленің қатерінен сақтана білуіміз керек. Біз әпербақан, әумесір әлдекімдерге білек күшін безейтіндей ел емеспіз. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен жасампаз болашағы үшін сырттағы соқтықпалы-соқпақты жолды дипломатияның демеуімен және сырбаз саясатпен жүріп өтуден басқа балама жоқ, – деп санайды Ермұрат Бапи.

Оның пайымдауынша, жалпы, халықтық талқылауға ұсынылған жаңа Конституция жобасының жалпы саяси сипатын салауатты саралай білген адам оның мазмұны мен мақсаты мемлекеттілігіміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздіктің тұрақтылығын күйттейтінін астарлы түрде түсінсе керек.

Үлес салмағы 70 пайыздан асатын халықтың өз тілін өзгеге өктемдікпен емес, сары майға ыстық қасық батырғандай байыппен таңуы – дәл бүгін әлдеқайда ұтымды айла болар еді. Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге абырой әпермейді. Өз тілін өктемдікпен тықпалаған имансыз идеялар пайда болған заманда есерлік пен егесу естінің ісі емес, – деп айтты Бапи.

Осы орайда Қызылорда құрылтайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан бір сөз санаға орала береді: «Қазақстанның патриоты болу – азаматтық жауапкершілікті терең түсіну деген сөз. Ұлт мүддесін желеу етіп, бос айқайға басатын, азаматтарымыздың Отанға деген шынайы сүйіспеншілігін саяси ұпай жинауға пайдаланғысы келетін теріс пиғылды адамдар бізге қажет емес», – деген еді Мемлекет басшысы.

Бүгінгі әлеуметтік желілердегі дабыраға қиқу қосып, қоғамдық қажетсіз толқуға шақырып жүрген жекелеген желікпе псевдопатриоттардың қылығы шынын айтқанда, жанға батады. Бір ғана КТҚ мұнай құбырындағы апаттың өзі елді қандай қаржылық қауіпке тірегенін бастан кешіре тұра, біз әлдекімге сес көрсететіндей қай артымызға сенеміз? Алдымызда сауда соғысы тұр. Президент Трамптың баж шоқпарын еске алайық. Сауда соғысы мен әлем картасын бөліске сала бастаған қатерлі заманда Қазақстанның ішкі және сыртқы реалды жағдайын бағамдай алмаған саяси көрсоқырлық бізді орны толмас өкінішке ұрындыруы мүмкін. Әлдекімдер тағы да «фронт ашамыз» деп сес көрсетіп отырған, сыртқы дүние сеңселіп тұрған кезеңде біз өз қолымызбен ішкі дүниемізді дүрбелеңге салуға қақымыз жоқ. Дәл осы орайда айтарым, жаңа Конституцияның жалпы сипаты, ең алдымен, сыртқы қатерлерге қарсы тұру мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтады, – дейді депутат.

Ермұрат Бапи осы ойын Facebook желісінде жариялағаннан кейін қызылордалық қоғамдық белсенді Садуақас Аңсатпен сөзге келіп қалған. Себебі мен дәл осы сыртқы тәуекелдер төніп тұрған жағдайдың жай-жапсарын жұртшылыққа жеткізу үшін, депутат өзінің жеке қоғамдық-саяси имиджіме нұқсан келсе де, нақты реалды жағдайды айтудан жалтармағанын айтады. Оның сөзінше, мемлекеттік мүдде мен еліміздің тәуелсіздігі жеке бас абыройынан әлдеқайда биік.

Деупатат атап өткендей, Конституция жобасының 48-бабына байланысты да қоғамда алаңдаушылық бар. Бұл бапта Республика Президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға қатысты конституциялық кепілдіктер көзделген. Ал осы баптың үшінші тармақшасында «осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президентіне де қолданылады» деген тіркес бар.

Осыған байланысты бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралуы мүмкін деген күдік айтылуда. Әлеуметтік желідегі бұл алаңдаушылықты қазақы долбар мен даурықпа қиқуға қосылу деп білемін. Себебі экс-президент түгілі, бүгінгі президенттің де отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынған. Бұл талап 2022 жылғы маусымда қабылданған конституциялық заңда нақты бекітілген. Яғни Президенттің жақындары мен туыстары мемлекеттік жоғары қызметтерде жұмыс істей алмайды. Ендеше осы норманы қайтадан Конституцияға тықпалаудың қандай қажеттілігі бар? Қазақстанның тұтастығын, қауіпсіздігін және егемендігін қамтамасыз ету – елдің ертеңін ойлаған әрбір азаматтың борышы. Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен жалпыұлттық бірлік пен келісім, – деп санайды депутат Ермұрат Бапи.

Ол біз ел бірлігін сақтай отырып, өсіп-өркендеген, абыройы биік әрі қуатты мемлекет құруды басты міндетіміз деп санауымыз қажет екенін айтты. Осы мақсатқа стратегиялық тұрғыдан қарап, парасатты, дана халық екенімізді көрсетуіміз керек.

Қатысты жаңалықтар

Елде 4 литрден жоғары қозғалтқышы бар көліктердің салығы 17%-ға өсті

Елде 4 литрден жоғары қозғалтқышы бар көліктердің салығы 17%-ға өсті

04.02.2026
Терең өңдеу және экспорттық рекорд: Қазақстан агросекторының жаһандық әлеуеті

Терең өңдеу және экспорттық рекорд: Қазақстан агросекторының жаһандық әлеуеті

04.02.2026
Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

04.02.2026
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

04.02.2026
Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.