Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

100 ЕСКЕРТКІШКЕ QR-КОД ОРНАТЫЛДЫ

20.06.2021
ТҮПСАНА
100 ЕСКЕРТКІШКЕ QR-КОД ОРНАТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым ашып, жүргізді. Кеңес отырысында үш мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Алматы облысы тумаларының атаулы күндеріне бағытталған іс-шаралар туралы болды. Аталған сауал бойынша облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров баяндама жасады. Ол жыл басында Мәдениет министрлігі мен облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлескен іс-шара жоспары дайындалғанын айтты. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік – тұғырым», «Тәуелсіздік – тәтті сый» тақырыптарымен танымдық сағаттар ұйымдастырылуда.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыстағы 14 автордың кітабы жарыққа шықпақ. Балалар әдебиетіне «Құлыншақ» жинағы қосылды. Онда танымдық, патриоттық тақырыптағы өлеңдер жинақталды. Бүгінде балабақшаларға кітаптың электронды нұсқасы таратылды. Сондай-ақ, Тәуелсіздікке байланысты ақындарға 30 өлеңге тапсырыс беріп, 100-ге жуық өлең келіп түсті. Ішінен отызы іріктеп алынып, композиторларға тапсырылуда. Алдағы уақытта таспаға жазылып, жеке концерт ұйымдастыру жоспарда бар, – деген Төлеужан Нүсіпжанұлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай фотокөрме өткенін жеткізді. Фото аппарат объективіне түскен тарихи сәттер топтастырылған көрме 30 күнге созылмақ.

Төлеужан Нүсіпжанұлы атаулы даталарға байланысты да іс-шаралар өтіп, бірнешеуі жүзеге асқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай 30 томдық Наурызбай батырға арналған кітап жарыққа шықпақ. Жолбарыс би мен Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші орнатылады. Сонымен қатар, Ж. Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай республикалық ақындар айтысы, Жолбарыс бидің 350 жылдығына арналған қойылым қою, кітап шығару сынды маңызды жобалар бар.

«Еңселі ауыл – ертеңім» жобасы аясында 1 нысанға құрылыс, 2 нысанға күрделі жөндеу, 49 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 15 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде екен. Мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 167,5 млн. теңге бөлінді.

Екінші мәселе бойынша облыстық туризм басқармасы инфрақұрылым және ішкі туризмді дамыту бөлімінің басшысы Арқау Шынтаев баяндады. Ол қасиетті және көрнекті жерлерге өлкетану экспедициясын ұйымдастыру, абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Арқау Әсетұлының сөзіне сүйенсек, жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 15,5 млн. теңге бөлінген. Экспедиция «Алтын емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, «Таңбалы тас» тарихи музейіне, Орбұлақ шайқасы өткен жер және Қарамерген қалашығына, Үңгіртас пен Әулиеағашқа жүргізіледі. Нәтижесінде туристерге арналған жаппалар (беседка), ақпараттық тақтайшалар, қоқыс жәшіктері орнатылады деп күтілуде. Бұл туралы баяндамашы:

– Қазіргі уақытта шараның конкурстық құжаттамасы дайындалу үстінде. Шілде айының басында мемлекеттік сатып алу порталында хабарлама жарияланады. Одан бөлек, «Көлсай көлдері», «Шарын», «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне туристік маршрут бойында шағын сәулет нысандарын, көрсеткіштер мен конструкцияларды орнату бойынша конкурстық құжаттама дайындалуда. Ол да шілде айының мемлекеттік сатып алуына жоспарланған, – деді.

Соңғы уақытта Шарын шатқалында сел жүріп, бірнеше оқыс оқиғаның орын алуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы сауал қойылды. Баяндамашының айтуынша, қауіпсіздік шараларына жіті көңіл бөлінуде. Туристерге қайда баруға болады, қайда баруға болмайтындығы көрсетілген тақтайшалар орнатылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, мектеп бағдарламасына өмір қауіпсіздігінің негіздері сынды арнайы пәндерді енгізу жөнінде ұсыныстар айтылуда.

Оқыс оқиғаның орын алуының бірден-бір себебі – ұялы байланыстың жоқтығынан, туристердің сел жүру қаупі туралы хабарламаны уақытылы алмауынан. Осыған байланысты ұялы байланыс операторларымен келіссөз жүргізілуде. Десе де, операторлар бағана орнатудың олар үшін тиімсіз екенін айтады. «Қазіргі уақытта Belline ұялы байланыс операторларымен келісу үстіндеміз. Интернетке шықпаса да хабарлама алатындай жағдай жасау жағын қарастырудамыз. Шарын шатқалына бағана орнату ұялы операторларға тиімсіздеу. Өйткені, туристердің көп келу науқаны көктем, күз айларында. Жаз, қыс айларында турист жоқтың қасы. Бөлінген қаражат ақталмай қалады дегенді алға тартып отыр», – деген Арқау Әсетұлы осы мәселе Төтенше жағдайлар министрлігінің назарында екенін жеткізді.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе – облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» ЖШС директоры Дана Дүйсенова баяндады. Ол өткен жылы 200-ге жуық іс-шара жоспары бекітіліп, нәтижесінде 55 мыңнан астам адамның қатысуымен 1300-ден астам шара ұйымдастырылған. Дана Алмазқызы: «Туған жер» арнайы жобасы аясында облыс меценаттары мен кәсіпкерлерінің қолдауымен жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге 35 жоба жүзеге асты. Сондай-ақ, 19113 аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. «Киелі жерлерге QR-код орнату» жобасы шеңберінде Қаратал, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Іле аудандары және Талдықорған, Текелі, Қапшағай қаласындағы 100 ескерткішке QR-код орнатылды. Республикалық деңгейде «Эрон дрон» атты дрондар жарысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «100 томдық Жетісу кітапханасы» жобасы жүзеге асырылып, оның аясында 18 ақын-жазушының кітабы жарық көрді. «Жетісу балалар әдебиеті» жобасы аясында 3 томдық кітап 3000 данамен басылды», – дей келе жүзеге асқан жобаларға тоқталды.

Ағымдағы жылға бекітілген жоспарға сәйкес «Қарекет ет, батырым» республикалық меценаттар мен еріктілер форумын, «Сонар-2021» халықаралық турнирін, «Бастау» бағдарламалық кешенін, Жолбарыс бидің 350 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясын, республикалық «IQ Дода» зияткерлік ойынын, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ғылыми конференция ұйымдастыру жоспарланған. Одан бөлек, түрлі байқаулар мен шеберлік сағаттары да жоспарға енгізілген екен.

Соңынан кеңес отырысының жаңа мүшелері таныстырылып, 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілген өзгерістер бекітілді.

                                                                  Еңлік АРЫҚБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан қауіпсіздік бойынша Франция мен Италияны басып озды

Қазақстан қауіпсіздік бойынша Франция мен Италияны басып озды

10.02.2026
«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

10.02.2026
Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

10.02.2026
Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

10.02.2026
Қаламгерлер ой додасында

Қаламгерлер ой додасында

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.