Талдықорған: +13°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«АҚ ҚАУЫРСЫН»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

06.09.2019
ТҮПСАНА
"АҚ ҚАУЫРСЫН": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында Қазақстан халқы тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға қонақ ретінде облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов, ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ардагер журналист Әли Ысқабай, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, белсенді жастар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиында облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген «Ақ қауырсын» кітабының тұсауы кесілді. Кітапта өткен жылы «Мәңгілік елдің мұраты» атты байқауда ең үздік деп танылған туындылар топтастырылған. Айта кетейік, «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесінің жас әдебиетшілер үшін берер мүмкіндігі орасан.

Биылғы байқауда поэзия жанры бойынша І орынды жас ақын, газетіміздің тілшісі «Жолдағы ауыл» «Тарих үйі» сынды тың туындыларымен бәйгеге түскен Мұхтар Күмісбек иеленсе, прозадағы үздік ретінде «Киелі топырақ» атты әңгімесімен қазылар алқасының оң бағасын алған Елдос Тоқтарбай марапатталды. Қос жеңімпазға облыс әкімінің «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесі табысталды. Сондай-ақ, өлеңде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан Әлия Іңкәрбек пен Ақниет Төленді тиісінше екінші және үшінші орыннан көрінді. Ал жазушылық қырымен көпті таңғалдырған Әсем Жұмақан проза аталымында екінші орынды қанжығалады. Үшінші орынды жас талант, әріптесіміз Мәулен Әнербай иеленді. Жүлдегерлердің барлығына ақшалай сыйлықтар мен дипломдар берілді.

Жетісу жеріне кіндік қаны тамған, дүниеден өткен ақын-жазушылардың есімін ұлықтап, шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен «Жетісудың жыр керуені» жобасы бойынша әлеуметтік желілерде дәл осындай хештегпен байқау ұйымдастырылған болатын. Нәтижесінде, «Ең жас қатысушы» номинациясымен 6 жасар Айша Бестібай, «Ең үздік қатысушы» номинациясымен Шынаргүл Оңашбай марапатталса, «Ең көп таралым» номинациясына желіде 2600 дауыс жинаған Алтынай Базарбайқызы ие болды. Ақын Әбен Дәуренбековтің «Тамшыбұлақ» өлеңін оқыған Данияр Сейсенбаев «Ең сапалы бейнебаян», көптің көңілін қоңыр дауысымен тәнті қылған Дәулет Бейісбаев «Ең жақсы мәнерлеп оқушы» номинациясымен марапатталды.

Шара барысында мемлекеттік тіл саясатын белсенді насихаттаушыларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Тіл саясаты комитетінің, облыс әкімінің, облыстық тілдерді дамыту басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз еткен «Тіл тазалығы» акциясы жеңімпаздары да марапаттан тыс қалдырмады.

«Дарын» жастар сыйлығының, «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесінің иегері Елдос Тоқтарбай сөз алып, Тілдер мерекесімен, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен шын жүректен құттықтады.

– Тіл қоғам үшін, жазушы үшін ұлттың өзегі. Тілдің қолданысын кеңейту аясында жастардың шығармашылығын қолдайтын, оларға серпін беретін байқаудың ұйымдастырылғаны және одан жүлде алу – біз үшін қуаныш. Оның үстіне ұлы ақынның туған күнінде жүлде алғанымыз біздің жадымызда мәңгі сақталатын бір тарихи оқиға болмақ. Шараны ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Өзім Нұр-Сұлтан қаласында тұрғаныммен, зерттеуімнің көк өзегі — Жетісу жері. Осы қасиетті жерден шыққан тұлғаларды танытсақ, тірілтсек қана Рухани жаңғырудың тұғырына жетеміз деп білемін. Сондықтан, Жетісу тарихының сан қырлы қатпарын жазудың бұл басы ғана. Көбесі сөгілмеген тарих көп. Оны жазу біздің – мұрат, – деді жас қаламгер.

«Ақ қауырсын» әдеби жүлдесін иеленген ақын Мұхтар Күмісбек те, қаламгер Мәулен Әнербай да «Жетісу» газетінің журналистері. Ұжым атынан екі жасқа зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз.

Салтанатты шара соңы әуезді әнге ұласып, қатысушылар мен қонақтар естелік суретке түсті.

Аймарал ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Аманатқа адал ұл

Аманатқа адал ұл

03.04.2026
Кітаппен кемелденген сана

Кітаппен кемелденген сана

03.04.2026
Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

03.04.2026
Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.