Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ALATAU-TAMCHIBOULAK ұрпақтары Жетісуға келді

30.07.2016
ТҮПСАНА
ALATAU-TAMCHIBOULAK ұрпақтары Жетісуға келді
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемге танымал ержүрек ағылшын сая­хатшысы Томас Аткинсонның ұрпағы Жетісу жеріне келді. Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия елдерінен ат арылтып келген олар ХІХ ғасырда ата-бабасы Томас пен Люси Аткинсон қоныстанған мекенді көзбен көріп, Ұлы Даланың баға жетпес байлығымен танысуды сапардың басты мақсаты еткен.

Томас пен Люси Аткинсон ХІХ ғасырдың танымал зерттеу­шілерінің бірі. Олар Орталық Азия мен Сібірге өз­ге еуропалықтардан бұрын саяхат жасаған. Ең бастысы, жай жүрмей алған әсерлерін қойын дәптерге жазып, қарындашпен сызып сурет түрінде де түсірген. Еліне оралған соң оның бәрін кітапқа кіргізіп, еліміздің кең-байтақ даласының сұлулығы мен дарқан халықтың қонақжайлылығын көрсететін тарихи-географиялық альбом шығарған. Тау асып талай жердің дәмін татқан Томастың жары Люси де күйеуі көрген қиындық пен қуанышқа онымен қатар жүріп, бірге куә болған.

Олар 1848 жылы Семей мен Аягөзде болып,  жолшыбай Алакөл, Балқаш, Ақсу, Тентек, Сарқан, Басқан бойындағы көне қорғандардың сырын көкейге тоқып, барша Алашқа есімі мәлім би-сұлтандармен сұхбаттасып, аяңдап Қапалға жеткен. Сол жылы қараша айында Люси айы жетпей босанып, дүниеге ұл әкеледі. Еліне қайтқанша баланың шымыр болып өсуі үшін күннің суығына қарамастан Қапалдағы Тамшыбұлаққа шомылдырған. Ағылшындар арып-ашып жүргендерінде барын аямай тамақтандырып, қиын жағдайда қол ұшын созған қазақтардың құрметіне орай ұлдарына «Алатау-­Тамшыбұлақ» деген есім береді. 

Кіндік қаны қасиетті Қапал топырағында тамған Алатау Аткинсон ержетіп, Британияда білім алады. Гавай аралында қызмет етіп, жеті ба­ла тәрбиелеп, өсіреді. Өз кезеңінде ол бір газеттің редакторы болған. Бүгінде Алатау-Тамшыбұлақтың салиқалы ұрпағы әлемнің әр қаласында қызмет етіп, түрлі салада біліктілігін танытып жүр.   

Делегаттардың елге келу барысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет және спорт минис­тр­лігі мен Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігіндегі елшілігінің, сондай-ақ, Қазақ география­лық қоғамының қолдауы­мен ағылшын жазушысы, журналист Ник Филдингтің «Оңтүстікке Ұлы далаға: 1847–1852 жылғы Томас пен Люси Аткинсонның Шығыс Қазақстанға саяхаты» атты кітабының тұсауы кесілді.

Мәртебелі қонақтарды қабылдап, олармен жақын танысқан облыс әкімі  Амандық Баталов шетелдіктерге Жетісудың әсем жерлері мен тарихы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.

– Бұл облыс – еліміздің тұңғыш Президенті туған өңір. Енді біз мұнда сіздердің аталарыңыз Алатау-Тамшыбұлақ Аткинсон дүниеге келді деп те мақтанатын боламыз. Ол заманда ұшақ жоқ, тек ат-шанамен жаяу жүріп, небір қиындықтарды көріп, қаһарлы қыста ұлын шетінетіп алмай, аман-сау еліне алып қайтуының өзі ерлік. Енді сол Аткинсон ұрпағын бүгін осында көріп отырғанымызға біз аса қуаныштымыз, – деді облыс басшысы. Кездесу соңында Амандық Ғаббасұлы шетелдіктерге қазақтың қонақжайлығын тағы бір танытып, Аткинсон ұрпағына бағалы сыйлық табыстады. 

Журналистер үйінде жалғасқан шарада жазушы, аталған жаңа кітаптың авторы Ник Филдинг тілшілерді слайд арқылы Томас Аткинсонның туып-өскен ортасы мен халқымыздың сол уақыттағы тұрмыс-тіршілігін бейнелеген суреттерімен таныстырды. Сая­хат құрып жүргенінде қазақ отбасында қонақ болып, сұлтандарымен тілдескені, әйелімен Қапалда қыстағанының барлығы суреттен көрініс тауыпты. Айта кетейік, Томас архитектор мамандығын да меңгеріп, өзі тұрған шаһардың бірқатар ғимараттарын жобалауға атсалысқан. Өз кезегінде Аткинсонның үрім-бұтағы саналатын Пол Далквист, Белинда Браун, Филиппа Смит, Рауз Уайтхед сөз алып, бабаларын ұлықтауға барын салып жатқан қазақ халқына ағынан жарылып, алғыс­тарын білдірді.   

Түс ауа Тамшыбұлақтың таңдайдан кетпес суынан дәм татып,  Алатау Аткинсон дүние­ге келген жерді көзбен көру мақсатында саңлақ саяхатшының саналы ұрпағы Ақсу ауданы, Қапал ауылына ат басын бұрды. Мұнда олар ең алдымен Алатау-Тамшыбұлақ Аткинсон дүниеге келген жерге орнатылған мемориалдың ашылуына куә болды. Артынша Тамшыбұлаққа барып, салқын суынан ішіп көрді.

Қапал Мәдениет үйінде оларды тағы бір тосын сый күтіп тұрды. Іңгәлаған сәби үні естіліп, Томас Аткинсонның ұлды болғандығы туралы барша жұртқа сүйінші хабар жеткізген театрландырылған қойылым ұсынылды. Алатау­-­Тамшыбұлаққа ат қойылып, бесікке бөленді. Бұдан соң тойбастар таратылып, шілдехана дастарқаны жайылды.

Тарихи шараға Томас Аткинсонның шөберелері ағайынды Стив Браун мен Филиппа Смит  кезіндегі ата-әжесінің киім үлгісімен киініп келді. Өздері оның себебін бұл кездесуге ұзақ дайындалғандары мен бір ерекшеліктің болуы шарт деп шешкендерімен деп түсіндірді.

– Қолға қуыршақ алып, ХІХ ғасырдың үлгісінде киінгенді жөн көрдік. Бұл үлгі біздің ата-әжеміз бен сәби Алатау Аткинсонның дүниеге келген мерзімін елестетіп тұрғандай болсын дедік. Қазақстандықтар бізге ұшақтан түскеннен бастап керемет құрмет көрсетуде. Өте ризамыз. Барған жеріміз бізді күмбірлеген домбыраның қоңыр үнімен қарсы алды. Алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес, – деді бабалары ішкен судан дәм татқан олар.

Шетелдік қонақтар кешқұрым Томас пен Люси Аткинсонның табаны тиген Арасан арқылы Сарқанға жол тартты.

 

Меруерт МОЛДАҒАЛИЕВА.

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.