Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЛАШОРДАҒА АРНАЛҒАН ЗӘУЛІМ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

13.12.2020
ТҮПСАНА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЛАШОРДАҒА АРНАЛҒАН ЗӘУЛІМ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік күні қарсаңында Бесағаш ауылында Алаштың ақ таңы үшін жанын пида еткен ұлт перзенттерінің рухына арналған еңселі ескерткіш ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Тарихи іс-шараның ашылу салтанатына республикалық «Әділет», «Желтоқсан ақиқаты», «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, тарихшы-ғалымдар мен Алаш ардақтыларының ұрпақтары, аудан тұрғындары қатысты.

— Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының жарық көруі ұлт санасының сілкінісіне тың серпіліс берді. Алаш арыстарының бір ғана мақсаты болды. Ол – қазақ халқын отаршылықтан азат ету. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп, бүкіл өмірін қазақ халқы үшін сарп етті. Алаш көсемдерінің әрқайсысы қазақтың ұлттық сана-сезімін дамытуға, ұлт болып ұйысуына үлкен үлес қосты, – деген Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ахмет Ашимахұнұлы бабаларымыздың «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген тәмсілін мысалға ала келе, ауызбірлікте өмір сүріп, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, осы ескерткіштің ашылуына атсалысқан ұлт патриоттарының еселі еңбектеріне аудан жұртшылығы атынан зор алғысын білдірді.

— Бұл отыз жыл тәуелсіз ел болғалы алашордалықтарға қойылған тұңғыш ескерткіш! Жалпы, қазақтың ұлт-азаттық қозғалысы «Алаш» деп аталатын. 1917 жылы 12 желтоқсан күні Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылған болатын. Содан бері бір ғасырдан астам уақыт болды. Бұл ұмытылмайтын, ұрпақтар жадында сақталатын күн, – деді тарих ғылымдарының кандидаты, алаштанушы, жазушы Бейбіт Қойшыбаев.

Алашорданың артықшылығы кешегі келмеске кетті деп есептелетін Қазақ ордасының – Алаш орда болып жаңғыруы. Міне, соған қызмет еткен Алаш қайраткерлері шын мәніндегі ұлт мемлекетін орнатудың шарттарын жасап, негізін қалады. Жалпы, ұлттық мемлекеттің қандай болуы керектігін, оның қандай жолмен ел қатарлы өркениетке жетуі жолдарын атап, бүкіл халыққа жариялап отырды. Осылай ой өрбіткен Бейбіт Қойшыбаев: «Оған алашордалықтар көп күш салды. Осы себепті, олар сталиндік репрессияға бірінші болып ілікті. Ел үшін басын бәйгеге тіккен Алаш қайраткерлерінің осында ұрпақтары келді. Алаш қайраткерлерінің негізінде жұмыс істеген қазақ коммунистерінің қорғаушылары бәрі бірігіп, 1989 жылы «Әділет» ұлттық қоғамын құрған. Содан бері ұлт-азаттық қозғалысының, репрессияның шындығын жеткізуде көп жұмыстар істеді. Соның бір көрінісі, осы ауданның Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған монумент пен музейдің ашылуы. Бүгінде жақсы жұмыс істеп келеді. Алашорда ескеркішінің де Талғар ауданынан ашылуы тарихи оқиға», – деді.

Келесі сөз кезегін алған «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев монументтің бой көтеруіне халықтың өзі, қоғам белсенділері тірнектеп ақша жинап, тер төккендігін айрықша атады. «Тәуелсіздік – ең басты байлығымыз. Әлихан Бөкейханов «мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық» деген еді. Біз жетім емеспіз. Алаш арыстарының ерлігі зая кеткен жоқ», — деген Азат Перуашев жиылған жұртты қуанышымен құттықтады.

— Алашорда үкіметіне 100 жылдан асса да бүгінгі күнге дейін толық зерттеліп, нүктесі қойылмағанын білеміз. Алаштықтар жасап кеткен еңбек орасан зор. Олардың атымен жоғары оқу орындарын, қалаларды, спорт нысандарын, әскери бөлімшелерді атасақ та артық етпеген болар еді. Ескерткіш – елдігіміздің белгісі. Бүгінгі күнге дейін отарлаған орыс империясының ескерткіштері мен жер-су аттары аталған атауларды өзгерту, тікелей біздің парызымыз. Осы жерден арлы-берлі өтіп, Калининнің ескерткішін көрген сайын бұл не ғып тұр деген ой келетін. Соны алуды 2017 жылдан бастап көтердік. Оның орнына Алашорда көсемдерінің ескерткіші тұруы әділ де ақиқат іс болды. Осы ескерткішке атсалысқан әр азаматқа алғыс айтамын. Талғар аудандық әкімшілік аппаратына, әсіресе, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаеваға, абаттандыруға атсалысқан Бесағаш ауылдық әкімдігіне ризашылығымды білдіремін. Ескерткіш жасалып жатқан кезде қарапайым адамдар да қолұшын берді. Тіпті, жолай өтіп бара жатқан азаматтың бізді танымаса да алашордалықтар үшін қуана құптап, қомақты қаржы беріп кетуі сынды көмектер өте көп. Сонымен қатар, үлкен көмек жасаған «Ақ жол» партиясының басшысы Азат Тұрлыбекұлына, облыстық комиссиядан өткізуге атсалысқан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәліге, бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына алғысымыз шексіз. Осылай ұлт мүддесіне жұдырықтай жұмыла қызмет етейік. Әлихан Бөкейханов атамыз айтқандай, «тірі болсақ, ұлтқа қызмет етуді ұмтпайық», – деді жоба авторы Бейсенғазы Сәдуұлы.

Сонымен, көптен күткен монументтің лентасы қиылып, алқызыл гүл шоқтары қойылды. Алаш арыстарының рухына бағыштап, ауданның тіл жанашыры, ұлт қайраткері Кәмнұр Тәлімұлы құран бағыштады.

«Ескерткіштің үш қанатты болуы 1917 жылы үш жүздің азаматтары бірігіп, Алашорда үкіметін құрды деген мағынаны білдіреді. Басындағы шаңырақ – сол кездегі қазақ үкіметі екенін көрсетсе, түсінің қара болғаны – алаштықтардың басына қара бұлт үйірілгені, ал ортасындағы қызыл түс – сол кездегі қызыл империяның белгісі», — дейді жоба авторы, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы.

«Алаш» идеясы бүгінгі қазақ елінің «Мәңгілік ел» идеясымен сабақтасып, жалғасын тауып, рухани жаңғыруға бастап отыр. Халқымыздың ұлттық кодының бір тармағы осы Алаш құндылығында жатыр. Алаш қайраткерлерінің асыл арманы осы күні шындыққа айналды. Олай болса, Алашорда көсемдері аңсаған қазақ елінің әр таңы арайлап атып, тәуелсіздігіміз мәңгілік жасай берсін!

Ұлбосын ИСАБЕК

Фото — автор

Тұздыбастау ауылы,

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026
Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.