Талдықорған: -0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

АҚСУ АУДАНЫНДА МАТАЙ БӨРІБАЙ БАТЫРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРДІ

06.11.2020
ТҮПСАНА
АҚСУ АУДАНЫНДА МАТАЙ БӨРІБАЙ БАТЫРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсуда Бөрібай батырға қойылған ескерткіштің ресми ашылуы болды. Ескерткішті ұрпақтары елдіктің, ерліктің, ауызбірліктің үлгісі ретінде тұрғызды. Руға бөлінетін емес, рудан құралатын қазақтың бірлігінің жемісі көрсетілді. Салтанатты шараны қазақ журналистикасының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы жүргізді. Тарихи шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли келді.

Бөрібай – XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батыры. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» жылдарында өзі басқарған елді азып-тозудан аман алып қалған. Бөрібай жоңғарлардың әскері қазаққа шабуыл жасағанда жауды Бетпақдалада адастырып, Найман, Жалайыр, Қоңыраттарды Сарыарқадағы Сарысуға бастап барып, Арғын-Қыпшақ, Тарақты руларымен күш біріктірген ерен тұлға.

Ескерткіштің ресми ашылуында сөз алған Рустам Әлиұлы:

— Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елде көп шара атқарылуда. Соның ішінде Жетісу жері батырларын ардақтауда елге үлгі болуда. «Ер есімі – ел есінде» дегендей, ел үшін жанын құрбан еткен ерлерінің есімі ел жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Өткен жылы Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығы аталып өтсе, биыл Бөрібай батыр елімен қауышып, тұғырына қонды. Атаға туған жерден топырақ бұйырсын деген ағайын Бөрібай баба жерленген жерден топырақ әкеліп, ескерткіштің түбіне салды. Атамыздың рухы енді елін-жерін қорғап тұрады. Ескерткішті тұрғызуға халқы 60 миллион теңге жұмсаса, жан-жағын абаттандыруға 52 миллион теңге бөлінді. Ескерткіш ел рухын көтеріп тұрғандай. Осы ескерткішті орнатуға атсалысқан барлық азаматқа облыс әкімдігі атынан алғыс білдіреміз, – деді.

Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов та сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Ілияс елінің азаматтары үлкен іс тындырып, еңселі ескерткіш қойып, бабамыздың рухын асқақтатқандарына алғыс білдірді.

Бөрібайдай батырларымыздың арқасында бүгінге жеттік. Жоңғарлар мен қазақтар арасындағы екі жақты батырлардың жекпе-жек ұрысында Абылай хан мен бас қолбасы Бөгенбай батыр қазақ батырларына ақылдарымен бастұтқалық жасап, рет кезегімен әр елдің батырларын майданға шығарып, рухты дем, нұсқаулар беріп отырыпты. Жеңгендерді жігерлендіріп, абыройын арттырады. Осындай бір жекпе-жекте Абылай:

— Матай елі атынан майданға кім шығады? — дегенде, жоңғар қолбасы есерлік мінез көрсетіп, қоқиланады. Сол кезде Бөрібай атын тебініп, ортаға ентелей шығады. Осы шайқаста қазақ батыры жеңіске жетеді. Жекпе-жектен Бөрібай жоңғар батырының атын жетектеп келіпті.

Абылай хан Бөрібай батырдың ерлігіне ризашылық танытып, «Есімің Матай елінің ұраны болсын!» – депті. Содан бастап бәйгеден аты озған бала «Бөрібайлап», жауға шапқан ұл «Бөрібайлап» ұрандаған. Бүгін елі бабасына ескерткіш орнатты. Аталар ерлігі ұмытылмайды.

Салмағы 4,5 тоннаны құрайтын ескерткіштің биіктігі — 5 метр. Тұғырдан 20 метр қашықтықта айналдыра қазақ батырларының есімі жазылған 5 гранит тас қойылған. Мүсінді Қазыбек Дулатов, Еркін Мақұлбаев жасады.

Әлі де елімізде азаттығымыз үшін күрескен қаншама аты аталмай жатқан батырлар бар?! Олардың есімі аталуы тиіс. Бөрібайдай батырларды ұлықтау — біздің парызымыз.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.