Талдықорған: +4°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Ақынын ардақтаған

30.09.2017
ТҮПСАНА
Ақынын ардақтаған
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы мен Райымбек аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен Кеген ауылында белгілі ақын, публицист, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрлан Қалқаның шығармашылық кеші өтті.

Қашанда қарапайымдылығынан ажырамайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, өзінің жылы жымиысымен айналасын нұрландырып жүретін Нұрланның ердің жасы елуге келген мерейтойына арналған әдеби кеш ақынның өміржолы мен шығармашылық жетістіктерін көрсететін мазмұнды бейнебаяннан бастау алды. Одан кейін белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Болат Үсенбаев ақынның шығармашылық жолын барынша шынайы ашып көрсеткен байыпты баяндамасын жасаса, талантты ақын Серікжан Қажи ақын інісіне арнап жырдан шашу шашты. Ал кешті жүргізген белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан мерейтой иесіне арнаған жырын әлеуметтік желі арқылы жолдаған ақын Алмат Исаділдің өлеңін оқып берді.
Кеш үстінде белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Иса Нұрлан Қалқаға осы басылымның қарымды қаламгерлерге арналған «Қаламдоз» сыйлығын тапсырды. Сонымен қатар, ақын-жазушылар Кәдірбек Құныпияұлы, Ермахан Шайхыұлы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреты, талантты ақын Нұржан Қуантайұлы мен белгілі журналист Ғабит Мүсіреп, ақынның сыныптастастары Қанат Сәрсебеков, Талғат Миракимов, және тағы да басқа замандастары елжандылық, отаншылдық, патриотизм, туған жер, т.б. тақырыптарды үзбей жырлап жүрген ақын шығармашылығына сәттілік тілеген жылы лебіздерін жеткізді.  
Осынау туған жер төріндегі тағылымды жүздесу барысында публицист Н. Қалқаның «Әке, сені сағындым» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі болды. Сондай-ақ, ақын өзінің туған жер, атамекен, ел мен Отан, т.б. тақырыптарды қамтыған өлеңдерін оқып, жырсүйер қауымның көңілін бір серпілтіп тастады. Дәстүрлі әнші Ілияс Әбженбаев Сәдіқожаның «Сарыбидай» әнін, ал әнші Кәдірбек Сүлейменұлы халық әні «Бір бәйтеректі» нақышына келтіріп орындады. Астанадағы          Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Боранбай Молдабаев ақынның «Ауылға бардым» атты өлеңін, театр және кино актері, Мәдениет қайраткері, «Терісқақпай» театрының әртісі Дархан Дайырбек ақынның «Қу дүние» атты өлеңіне бард стильде шығарған әнін, ұзынбұлақтық өнерпаз Берік Байбалаев ақынның сөзіне жазылған композитор Мәтқұлбек Майбасардың «Немере» атты әнін орындап, көпшілік қауымның ризашылығына ие болды.
Шығармашылық кештің салтанатты бөлігінде Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Талғат Байеділов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Ерлан Құдабаев ақын Нұрлан Қалқаға Райымбек ауданының Құрметті азаматы атағының куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.
Бұдан бөлек, туған жеріне келіп, шығармашылық кешін өткізген ақынның атына игі тілекке толы құттықтаулар мен жылы лебіздер «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Құл-Мұхаммедтен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Н. Алдабергеновтен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлынан, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтан, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Н. Оразалиннен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ. Мұтановтан, Райымбек ауданының әкімі Ж. Тажиевтен, «Өлке тынысы» ЖШС директоры М. Жанадиловтен келіп түсті. 
Әдеби кеш барысында публицист-журналист Нұрлан Қалқа білім алған Ұзынбұлақ аулындағы Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектептің оқшылары ақын өлеңдері бойынша поэтикалық көрініс қойып, жырсүйер жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Жұмабай МҰСАБЕКОВ.
Райымбек ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Президент: Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұр

10.02.2026
Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

10.02.2026
Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.