Талдықорған: +2°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН БАТЫРҒА МУЗЕЙ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ

24.10.2021
ТҮПСАНА
АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН БАТЫРҒА МУЗЕЙ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқы небір қилы заманды бастан өткерді. Ел тағдыры сынға түскен заманда жеріміздің бүтіндігі мен ұлт тұтастығы үшін ту көтерген батырлар көп шықты. Олардың есімі тарихта әркез алтын әріппен жазылғаны белгілі. Солардың қатарында ерлікпен шайқасып, жанқиярлық танытқан Сәмен батыр да бар. Қалай десек те, бабалар тарихы сан рет жазылар да айтылар, ал олардың ат үстінде өткен өмірі мен ерлікке толы жорықтарын көзбен көргендей әсер қалдыратын жәдігерлері мен мол мұраларын сақтайтын музейлердің болуы ұрпақ тәрбиесі үшін үлкен өнеге.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында Сәмен батыр музейінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мерекелік шараға қос генерал, қоғам қайраткерлері Сәт Тоқпақбаев пен Алик Шпекбаев, басқа да зиялы қауым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. Айта кетейік, музей Алик Жатқамбайұлының бастамасымен өткен жылы іргетасы қаланған. Жиналғандар алдымен Сәмен батыр кесенесіне барып, баба рухына тағзым етті. Құран бағышталып, мал сойылды.

Бұдан соң облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ сөз сөйлеп, көпшілікті музейдің ашылуымен құттықтады.

– Бүгін біз ұлы бабамыздың жатқан жеріне келіп, құран бағыштадық. Осының бәрі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан шарапатты шаралар. Бұрынғы тарихымызды, ерлікпен қаза тапқан батыр бабаларымызды ұмытпай, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа аманаттаудамыз. Жетісу өлкесінде ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-байтақ жерімізді қасық қаны қалғанша қорғаған батырларымыз баршылық. Сондай-ақ, ақындарымызда аз емес. Аңырақай шайқасында айрықша ерлік көрсеткен Сәмен батыр туралы толғанбай айту мүмкін емес. Осындай өңірдегі киелі жерлер, тарихи мұралар мен ұлттық құндылықтар Алаштың айбынын, батыр бабаларымыздың асқақ рухын биіктетеді. Елбасымыз да, Мемлекет басшымыз да ұлтын ұлықтаған тарихи тұлғаларға құрмет көрсетуден еш танған емес. Бүгінгі өткізіліп отырған шара осының айғағы десек болады. Есіне алар ел барда ерлердің ерлігі ұмытылмайды. Батырларын құрметтейтін қасиет болашақ ұрпағымыздың бойына дарысын деп тілейік. Елімізде әрқашан жақсылық болсын, – деді облыс басшысы.

Амандық Ғаббасұлы сондай-ақ, биыл Мұқағали Мақатаев атамыздың 90 жылдығы аталып өткенін, Талдықорғанның көрнекті жеріне Жолбарыс бидің 350 жылдығына орай ескерткіш орнатылатынын, қазір бұл бағытта жұмыстардың жүріп жатқанын әңгімеледі. Жалпы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында осындай маңызды іс-шаралардың көптеп өтуі болашақ ұрпақ үшін қажетті дүние екенін еске салды.

Шарада Сәт Бесімбайұлы, Алик Жатқамбайұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, қоғам қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев сөз сөйлеп, өздерінің ой-тілектерімен бөлісті. Салтанатты шара барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың, Алматы облысының Құрметті азаматы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы арнайы жобалар қызметінің жетекшісі Ерсұлтан Бектұрғановтың атынан құттықтаулар келгені аталып өтті. Бұдан соң салтанатты түрде Сәмен батыр музейінің ашылу лентасы қиылып, шашу шашылды. Қонақтар музейге кіріп, ішіндегі экспозиция залдарымен танысты.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Фото — Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.