Талдықорған: -1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА ЕКІ ТҮРЛІ ТОП БАР. ТАҒЫ ДА ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

31.12.2021
ТҮПСАНА
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА ЕКІ ТҮРЛІ ТОП БАР. ТАҒЫ ДА ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл мәселесі қашанда өзектілігін жойған емес. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толса да тіл мәселесінде шешімін таппай отырған жайттар көп. Осынау толғанысты істің мән-жайын пысықтау мақсатында Тіл сарайында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Онда Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Болат Керімбек баяндама жасады.

— Қай халықтың болмасын басты байлығы – тілі. Бабаларымыз осы қасиетті, киелі қазынамызды қастерлеп, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа аманаттап жеткізген. Қазіргі таңда да елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге бар мүмкіндік қарастырылған. Тәуелсіздік алған жылдары мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналған тілдерді қолдану мен дамыту бағытында өңірімізде де ауқымды істер жүзеге асты. 2005-2006 жылдары өңіріміздегі мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 40-45 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 99,5 пайызды құрап отыр, – деді ол. Сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Түркі жұртының рухани астанасы – киелі Түркістан қаласында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің VI құрылтайы өткенін, онда құрылтайдың қаулысы қабылданып, қоғамдық филиалдар мен орталық кеңесінің нақты атқаратын жұмыстары белгіленгенін, алдағы бес жылға арналған бағдарламасы мен жаңа жарғысы қабылданғанын жеткізді.

Келесі кезекте сөз алған І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Сайлау Қожағұлов ҚР «Тіл туралы» Заңының қолданысқа енгізілгеніне ширек ғасырдан аса уақыт өтсе де мемлекеттік тілдің өз дәрежесінде қолданылмай келе жатқандығын атап өтіп, әсіресе, баяндамалардың екі тілде оқылып, ғылыми жұмыстардың да үш тілде аударылып жазылатынын, оның бәрі адамның көп уақытын алатындығын атап өтті. Ал Тәуелсіздік алғаннан бергі жетістік ретінде өзге ұлт өкілдерінің балаларын қазақтілді балабақша, мектептерге беріп жатқандығымен сипаттады.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Гүлім Чукенаева «Тіл саясаты: кеше және бүгін» деген тақырыпта баяндама жасап, тіл тарихы мен қазақ тіліне негізделген латын қарпіне қатысты кейбір ерекшеліктерге тоқталып өтті.

«Jetіsý» газеті бас редакторының орынбасары, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Жұматай Әміреев: «Қазіргі қазақ қоғамында екі түрлі топ бар: бірі – қазақ тілін өшірмейтіндер, екіншісі – қазақ тілін өсірмейтіндер тобы. Өшірмейтіндер тобы – ұлтын сүйетін, тілдің майын ішіп, жілігін шаққан, қазақ тілінің қасиетін білетіндер. Қауіптісі – өсірмейтіндер тобы. Олардың көбі бүгінде билік басында отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қолданысқа енуі үшін миллиондап ақша шашудың қажеті жоқ еді. Тек қажеттілік тудыра білсек болғаны. Қажеттілікті кім тудырады? Оны билік тудырады», – деген жанайқайын жеткізіп, «Қазақ тілі» қоғамының алдағы міндеті тілдің көсегесін көгертіп, өткен ғасырда алаштықтар бастаған ұлы істі жалғастыру екенін ортаға салды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Дүйсен Аңсабаев болса, тіл мәдениеті мәселесін көтеріп, қазіргі таңда жастардың, тіпті үлкен адамдардың айғайлап ерсі сөйлейтінін, сыпайылық жойылып бар жатқанын алға тартты.

Облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Сарыбай ұлттық мәселелерді бүгежектемей шешетін уақыттың келгенін, «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын жүргізуде күрескерлік рух пен қайраткерліктің қажет екенін баса айтты. Тіл мамандарының сөздіктерді дайындаудағы кейбір қателіктерін де сынға алды.

Б.Римова атындағы облыстық драма театрының әртісі, «Парасат» орденінің иегері Кендебай Темірбайұлы да тілді дамытуда балалар театры ашылса деген ұсынысын жеткізіп, өнерге баулып жүрген шәкірттерінің тіл туралы өлеңдер оқуына кезек берді.

Шара соңында тіл саласына қызмет етіп жүрген бірқатар жандар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың Алғыс хатымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бар бақытым – қасиетті Отаным» атты облыстық байқаудың бас жүлде иегері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Бүрлен Серікбол марапатталды.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.