Талдықорған: +25°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

БЕС МЫҢ ДОЛЛАРЛЫҚ ӨЛЕҢ НЕМЕСЕ АҚЫНҒА АЛҒЫС АЙТҚАН АНА

05.12.2019
ТҮПСАНА
БЕС МЫҢ ДОЛЛАРЛЫҚ ӨЛЕҢ НЕМЕСЕ АҚЫНҒА АЛҒЫС АЙТҚАН АНА
WhatsAppTelegramFacebook

Қасиетті сөз өнерінің өрен жүйрігі Әміре ӘРІН тіліне кіршік жуытпай келе жатқанын маздақ жырларымен де, терең сырлы публицистикалық жазбаларымен де, қасиетті мінберлердегі рухты пайымдарымен де ел жүрегін тебіренте мойындатқан. Қашанда ақыным деп ардақтағандардың арнайы ұйымдастырған кештерінің кейіпкері болған ол ұлттық руханият пен қоғам, адам құндылығы туралы мәйекті әңгіме өрбітіп, мәуелі кеудесінен қазына қотарып келеді.

Айбоз ақын Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясында оқушылармен жүздесіп, ғибратты да өнегелі әңгімесімен бөлісті.

«Ата-баба дәстүрі» бағдарламасы бойынша «Еңбек ерлікке бастайды» тақырыбында өткен рухани кештің шымылдығын ақжарма лебізімен ашқан аталмыш білім ошағының директоры Жанар Сансызбаева «ел мұңын Едігедей жеген» ерен тұлғалармен жүздесудің жөні бөлек екенін жеткізді. Сонымен қатар, рухани кештің негізгі мақсатын түсіндіріп өтті.

Сайра Қабдыкенқызының әсем дауысымен әуелеген «Бұлбұлым» әнінен кейін облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі Әміре Әрін сөз алды. Алаш елі алқалаған ақын әлқиссаны хакім Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», – деп келетін ғажайып жырынан бастады.

– Данышпанымыздың еңбек пен ақыл деп жырлауы тегін емес. Демек, еңбек пен ақыл егіз. Ақылсыз адам еңбек етіп мандытпайды. Ісі келте, жеміссіз болмақ. Берекесіздікке бастайтын ондай әрекет оның отбасына, қоғамына, Отанға деген азаматтығына әсер етеді, – дей келе, оқушылар үшін басты еңбек – білім алып, ұлағатты ұстаздардың өнегесін көру екендігін жеткізді.

Өмірден көптеген мысал келтіріп, іркес-тіркес тәмсілдермен әңгіме түйінін тарқатқан қайраткер ақын бүгінгі таңда халық қалаулысы болып жүрген кей лауазым иелерінің ақша жымқырып шетел асып жатуын тәрбиеден кеткен кінәраттың салдарынан екендігін де ашық айтты. Олардың ақылы таяз, еңбекқорлық қасиеті төмен еместігін жеткізген қаламгер сонша білімді бола тұрып, екі тізгін, бір шылбырды дүниеге, құлқынға айырбастау, ел сеніміне сызат түсіру жасынан алған тәрбиесінің төмендігінен, ішкі мәдениетінің берік қалыптаспағандығынан екенін айтып, оқушыларды ата-ана үмітін, ұстаздардың сенімін ақтап еңбектенуге, тәрбиелі болуға үндеді.

Ғажайып сырлар ақтарылып, өнегелі өсиет өріс тартқан рухани кеш барысында оқушылар Әміре ағасына көңіліндегі сауалдарын жолдады. Бірі журналистикаға қалай келгендігін білгісі келсе, енді бірі: «Спортпен шұғылданасыз ба?» — деген сұрақ қойды. Періште пейілдерге риза болған ақын оқушылардың барлық сауалына жауап беріп, өмірдегі үш құндылық — еңбек, денсаулық, білім екендігін айрықша атап өтті.

Қазақ әдебиетіне қазына қотарып келе жатқан қаламгердің өлеңдерін мектеп оқушылары тебірене оқыса, мың бұралған қыздар «Аққу», «Жаңбыр» билерін биледі. Математика пәнінің мұғалімі Ернар Беделхан «Біздің елдің жігіттері» әнін нақышына келтіре шырқаса, Мұстафа Бейсенбай ақын ағасына деген арнауын оқыды.

Оқушылардың өлеңге деген сүйіспеншілігін байқаған қаламгер өз кезегінде «Тіліме кіршік жуытпан» атты 5 мың долларлық жырын оқыды. Сонымен қатар, не үшін бес мың долларлық өлең деп атауының себебін де түсіндіріп берді.

Бірде кеңсеге рұқсат сұрай енген бір ана қызын жетелеген күйі ақынға алғысын жаудыра бастайды. Бұл Көксу ауданындағы Зылиха Тамшыбаева ауылының тұрғыны екен. Жүрек сөзін жеткізген ол: «Қызым облыстық байқауда сіздің өлеңді талдап, тебірене оқып, жеңімпаз атанды. Көп өтпей республикалық додаға барып, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің грантын ұтып алды. 5 мың долларлық грантты ұтпағанда бұл баламды оқытуға менде шама да жоқ еді. Сіздің осынау отты жырыңыздың, ақындығыңыздың шарапаты бізге де тигеніне шүкіршілік айтамын», – деп ақынға ризашылығының төркінін түсіндіріпті. Міне, бұл да болса өлеңнің құдіреті болса керек!

Осынау оқиғаны айрықша атап өткен ақын жырынан кейін оқушылар хормен ән әуелетті. Оған қоса мектеп ұжымы атынан Әміре Әрінұлына деген жазуы бар қазақтың қасиетті домбырасын тарту етілді. Мұғалімдер мен оқушылар ғибратты әңгіме, отты жырмен жан жадыратқандығына ризашылықтарын жеткізді. Ақын да сыйға-сый ретінде пернесіне саусақ жүгірмеген жаңа домбырамен М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Нұр жауып тұрған көктемде» әнін әуелетті.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Факультет сертификатына жеке мөр басқан декан қызметінен кетті

Факультет сертификатына жеке мөр басқан декан қызметінен кетті

03.04.2026
Экс-әкім 6 жылға сотталды

Экс-әкім 6 жылға сотталды

03.04.2026
Үкімет боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

Үкімет боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026
Ауқымды операция. 2 мыңнан астам көлік айып тұрағына қойылды

Ауқымды операция. 2 мыңнан астам көлік айып тұрағына қойылды

03.04.2026
Мемлекет басшысы Қарулы күштерде екі қолбасшыны ауыстырды

Мемлекет басшысы Қарулы күштерде екі қолбасшыны ауыстырды

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.