Талдықорған: +15°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

БОРАЛДАЙДЫҢ ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БІРІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

02.10.2020
ТҮПСАНА
БОРАЛДАЙДЫҢ ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БІРІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы аяқталды. Үздік ауыл әкімі болып Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кентінің әкімі Данияр ҚОҢЫРБАЕВ анықталды.

Д.Қоңырбаев дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинап, 1 жүлделі орынға ие болды және өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жобасын сәтті қорғап шықты.

2-орынды екі әкім иеленді. Олар: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Мәншүк ауылдық округінің әкімі Ғани Исаев және Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр.

3-орынды да екі әкім иеленді: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылдық округінің әкімі Азамат Медетов және Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Шалабай ауылдық округінің әкімі Жанар Есембаева. Сондай-ақ, «Үздік әлеуметтік-экономикалық жоба» номинациясы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданы, Абай ауылдық округінің әкімі Мұратбек Арыстамбековке, «Халыққа ашық әкім» номинациясы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Центральный ауылдық округінің әкімі Самат Мейірмановқа, «Үздік іскер-шаруа әкім» номинациясы Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиевке табысталды.

Республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың атынан грамоталармен, дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Еске салайық, конкурс елдің ауылдық елді мекендеріндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жергілікті бастамаларды, оның ішінде, қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын ынталандыру, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосатын үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурс екі кезеңнен тұрды. Республикалық байқаудың бірінші кезеңі облыстық деңгейде өтті. Еліміздің 14 өңірінен келген үздік әкімдер республикалық байқауға жіберілді. Конкурстың бірінші кезеңінде аталған агенттіктің аумақтық департаменттері облыстардың әкімдіктерімен конкурс әдістемесіне сәйкес жұмыс жүргізді. Облыстың Әдеп жөніндегі уәкілдерімен бірлесіп, арнайы сауалнама әзірленді, ол бойынша тұрғындардың пікірі ескерілді және үміткерлердің мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы бойынша қорытынды берілді.

Бұдан басқа, әкімдердің халықпен тиімді және кері байланысты жолға қою жөніндегі қызметі бағаланды, осы бағытта қол жеткізілген нәтижелер зерделенді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, яғни, халықпен кері байланыс орнату және мәселелерді уақытылы шешу мақсатында ауыл тұрғындары үшін «Ашық әкімдік», «Ашық диалог» форматтарында тоқсан сайынғы кездесулер өткізу тәжірибесі енгізіледі.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында,ауыл әкімдіктерінің көптеген ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған.

Ауыл әкімінің тұрғындармен ашық қарым-қатынасы және өзекті мәселелер бойынша уақытылы шешім қабылдау нәтижесінде халықтың әлеуметтік мәселелері шешіледі.

Президент өзінің 2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті биліктің тұрғындарға қолжетімді болуын атап өткен болатын. Сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бағалау рәсімдерінің міндетті талаптарының бірі облыс әкімдіктерінің сайтында орналастырылған 16 критерий бойынша онлайн-дауыс беру түрінде өткен әкімдердің жұмысына халықтың қанағаттануын өлшеу болып табылады.

Үміткерлер ауылдық округті дамытуға, ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған жобалық жұмыс, сондай-ақ «Мен неге үздік ауыл әкімі атағына лайықпын?» тақырыбында эссе дайындады.

Ең жоғары балл жинаған кандидатпен республикалық комиссия жеке онлайн әңгімелесу өткізді, оның құрамына Президент Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  қызметкерлері, Сенат пен Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері кірді.

Комиссия мүшелері олардың эсселерін, жазудағы креативті тәсілдерін оң бағалады, сондай-ақ жеңімпаздардың жобалық жұмыстары басқа қатысушылардың жұмыстарымен салыстырғанда үздік болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026
Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

30.03.2026
Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.