Талдықорған: +25°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ЕЛБАСЫ «ЖЕТІСУ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІН ЕКІ РЕТ ҚАБЫЛДАДЫ

08.03.2019
ТҮПСАНА
ЕЛБАСЫ "ЖЕТІСУ" ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІН ЕКІ РЕТ ҚАБЫЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен «Көктем шуағы» атты кездесу өтті. Елбасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бір топ әйелдер қауымын қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесуге қатысқан нәзік жандар қатарында ақын, әріптесіміз, «Жетісу» газетінің Қапшағай және Іле ауданындағы меншікті тілшісі Мақпал МЫСА да болды. Газетіміздің тілшісін Елбасы осымен екі рет қабылдап отыр. Бірі — «100 жаңа есім» жеңімпазы атанған сәтте, бірі — Халықаралық әйелдер мерекесінде. Бұл жолы да Елбасы Мақпал Мысаға өлең оқытып, тебірене тыңдады. Меншікті тілші осы жайында егжей-тегжейлі «Ult.kz» порталы мен «Жетісу» газетіндегі әріптестеріне айтып берді.

«Бұл жиынға Елбасының атынан арнайы шақырту алдым. Ол туралы Мемлекет басшысы кездесу барысында айтып өтті. «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы ретінде, ақын ретінде бүгінгі кездесуге шақыртуды жөн деп тапқан екен. Бұл – мен үшін қуаныш. Әр түрлі салада жетістікке жеткен әйелдер қауымы жиналды. Олардың бастан кешкен оқиғаларын, тағдыр жолын тыңдап отырып, ерекше әсер алдым», – дейді ол.

Мақпал кездесудің жоғары деңгейде өткенін, өзіне жақсы әсер сыйлағанын атап өтті. Сондай-ақ, ол Елбасының еліміздегі нәзік жандардың қай салада болсын, озық ойымен, өрелі ісімен көзге түсіп жүргендігін мақтан етіп, алғыс-құрметін жеткізгенін тілге тиек етті.

«Елбасы менен өткен жолғы «Жүз жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен болған кездесуде оқыған махаббат туралы өлеңімді оқып беруді сұрады. Мен ол кездесуде еркін тақырыпта өлең оқығанымды айтып, бұл жолы ел, жер жайында оқығым келетінін жеткіздім. Себебі, қазақ поэзиясының жарқын өкілдері Фариза Оңғарсынова, Марфуға Айтқожина, Қанипа Бұғыбаева секілді апаларымыздан жолын жалғап келе жатқан ақын арулардың қатар өсіп келе жатқанын айтып, олардың өлең-жырлары ең алдымен туған елге, туған жерге деген сүйіспеншіліктен туғандығын жеткізіп, ел жайында жазған өлеңіммен түйіндедім», – дейді ақын.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ақынның үш кітабын арнайы алдыртқанын айтып өтті.

Айта кетсек, Мақпал Мыса – ақын, жазушылар және журналистер Одағының мүшесі. «Алақандағы бақыт», «Мен керекпін» және «Аспантаудың көктемі» атты үш кітап авторы. Ақсу ауданының 80 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдығына арналған республикалық байқауларда бірінші орын алған. Молықбай қобызшы, Майра Уәлиқызы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы сыйлықтардың иегері. Былтыр Ресей жазушылар Одағының шешімімен білікті аударма үшін балқар ақыны Керім Отаров атындағы алтын медальмен марапатталған. Сонымен қатар, Қазақстан Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» Республикалық байқауының бас жүлдегері атанған. Қазіргі таңда Алматы облысының ғасырдан асқан басылымы — «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі.

Мақпал балалар энциклопедиялық кітаптарын аударып, редакциялаған. Оның өлеңдері ағылшын, түрік, татар, башқұрт, орыс, қырғыз, әзірбайжан және испан секілді түрлі әлем тілдеріне аударылған. Өлеңдері испан, әзірбайжан, орыс антологиялық кітаптарына енгізілген. «Алтын тобылғы» байқауында бас жүлде алған және үш тілге аударылған «Шоған Абыз» поэмасының авторы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Факультет сертификатына жеке мөр басқан декан қызметінен кетті

Факультет сертификатына жеке мөр басқан декан қызметінен кетті

03.04.2026
Экс-әкім 6 жылға сотталды

Экс-әкім 6 жылға сотталды

03.04.2026
Үкімет боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

Үкімет боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026
Ауқымды операция. 2 мыңнан астам көлік айып тұрағына қойылды

Ауқымды операция. 2 мыңнан астам көлік айып тұрағына қойылды

03.04.2026
Мемлекет басшысы Қарулы күштерде екі қолбасшыны ауыстырды

Мемлекет басшысы Қарулы күштерде екі қолбасшыны ауыстырды

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.