Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Еліне қорған болған Кәшке батыр

05.01.2018
ТҮПСАНА
Еліне қорған болған Кәшке батыр
WhatsAppTelegramFacebook

Аудан-дық Мәдениет үйінде Кәшке батырдың туғанына 300 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өткен жиында ұлт азаттығы үшін күрескен батырдың ерлігі жан-жақты баяндалды. Оған белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, аудан жұртшылығы қатысты. 

Алдымен көрермен назарына Кәшке батыр туралы түсірілген бейнефильм ұсынылды. Баһадүрдің найзаның ұшы, ақылдың күшімен халқына сіңірген еңбегі көрсетілген фильмде кейінгі кездері зерттеу барысында мәлім болған жайлар да таныстырылды. Мәселен, батырдың осы күнге дейін қай жерде екені белгісіз болып келген бейітінің табылып, сүйек қаңқасының зерттелгені, білікті ғалымдардың оның бас сүйегі бойынша бет-әлпетін қалай қалпына келтіргені көрсетілді. Конференцияны Қонаев және Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академияларының профессоры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы ашып, бастан-аяқ жүргізіп отырды. 
– Осынау ұлы далада мың өліп, мың тірілген қазақ халқының қаншама батыры жері мен елі үшін жауларымен ұдайы арпалысып өтті десеңізші. Сол шайқастарда ерліктің үлгісін көрсеткен ерлердің бірі және бірегейі – белгілі батыр, ірі қолбасшы, еліне пана елағасы болған Кәшке Дәулетұлы. Оның ұлдары Ақынбек пен Стамбек те, олардың балалары Саурық, Сұраншы батырлар, Андас датқа, Шынасыл би және басқа да ұрпағы ел үшін жан аямай күресті, – деген Н. Қапалбекұлы атақты Қарасай батырдың ұрпақтары Мырзабек, Кәшке елінің ежелден дәулетіне сәулеті сай, жеті атасынан бері байлық, мырзалық, батырлық, бектік үзілмеген қасиетті де киелі жұрт екенін тілге тиек етті. Бірақ Кеңес өкіметі орнасымен бұл аталардың ұрпағын бай-манаптар, шонжар тұқымдары деп қатты қудалағандықтан көбі жан-жаққа бытырап кеткен. Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана ата-бабаларын еске алып, іздестіре бастапты. Әсіресе, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Кәшке ұрпақтары батыр аталарының тарихы мен өмірдеректеріне тереңірек үңілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көптеген игілікті жұмыстар атқарылды. Мерзімді басылым беттерінде мақалалар жарияланып, интернет сайттарға батыр жайлы деректер салынды. 
Аудан әкімі Жандарбек Далабаев сөз алып, даңқты баба өмір сүрген кезең мен ерліктеріне тоқталды. Ол: «Тарих кешегі мен бүгінгінің арасын жалғайтын алтын көпір. Демек, өткенді білмей, болашақты бағдарлай алмаймыз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, алдағы мақсатқа жету үшін санамыздың ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Осыған орай елдің азаттығы үшін жанқиярлықтың үлгісін танытқан батырлардың есімін бүгінгі ұрпаққа жеткізу аса маңызды. Жамбыл жері ақындар мен батырлардың кіндік қаны тамған қасиетті жер. Ел мен жерді қорғауда батырлардың ерлік мінезін сипаттап, жырмен ескерткіш соққан ақындардың шығармашылығы негізінде біз тарихи қаһармандарымызды танып білдік. Көшпелі өркениеттің соңғы жыршысы Жамбыл ақын Кәшкенің батырлығын жырлап өткен, – деп бастаған мазмұнды баяндамасының соңын – Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» демекші, батыр баба есімі мен ерлік ісін ұлтымыз ұлықтап, мәңгі есінде сақтайды. Ерлікті, батырлықты ту еткен ұрпағымыздың бірлігі мен татулығы арта берсін, – деп аяқтады.
ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжановтың баяндамасы аса мазмұндылығымен ерекшеленді. Ұзақ жылдар бойы Кәшке батыр өмір сүрген қиын-қыстау дәуірді талмай зерттеп келе жатқан ғалымның Кәшке батыр туралы тұжырымды ойларын конференция қатысушылары ұйып тыңдады. Ол батырлар институты ұлттық тарихымыздың ұлы парағы болып табылатынын атап өтті. Яғни батырлар институты – елдік өмір салтын, әлеуметтік қатынастарын, жеңіске жетелейтін құндылықтарын бойына жинаған бірегей құбылыс екенін жақсы айтты. «Кәшке батыр – мәңгі құндылығымыз. Елбасымыз айқындаған Мәңгілік Ел ұлттық идеясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сәтімен жүзеге асырудың басты шарты осындай құндылықтан көз жазып қалмауда деп ойлаймын. Жер жаннаты Жетісудың жат қолында кетпей, Албан, Суан, Шапырашты, Ысты қауымдарының  есте жоқ ескі замандардан өз жұртында отырғаны барлық қазақ батырларының, әсіресе Қарасай, Наурызбай, Қазыбек, Өтеген, Райымбек, Кәшке, Сыпатай, Саурық сынды тұлғалардың даңқы өшпейтін ерліктерінің арқасы екендігі даусыз. Ерлік жалғаса береді», – деді ғалым.
Сахна төрінде осы мерейтойға орай Нағашыбек Қапалбекұлы шығарған «Кәшке батыр» кітабының тұсаукесер рәсімі жасалды. Оны аудан әкімімен бірге академик-тарихшы Хангелді Әбжанов, Кәшке батырдың ұрпақтары, Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров, тоқсанға келген мемлекет және қоғам қайраткері Нұртілеу Бәкіров және экономика ғылымдарының докторы Ержан Жатқанбаев атқарды.
Қазақ елі үшін қалмақ, жоңғарлармен, қоқан шапқыншыларымен, қырғыздармен шайқасқан Дәулетұлы Кәшке ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Ол дүниеге келіп, ес білген жылдар жоңғар шапқыншылығынан халқымыздың басына ауыр жағдай туған қиын-қыстау кезең еді. Бұл 1723–1728 жылдар тарихта  «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен белгілі. Ел басына күн туғанда ол егеулі найзасын қолға алып, жауға қарсы тұрды. Алғашқы қақтығыстарда-ақ көзге түскен Кәшкені жастығына қарамастан онбасы, жүзбасы, одан кейін мыңбасы етіп тағайындайды. Жетісу өңірін жоңғар, қырғыз жаулаушыларынан азат ету соғысына белсенді қатысады. Кейіннен ол хан ордасында қызмет етіп, билікке араласқан. Кәшке батыр сияқты тарихи тұлғалардың есімін ұрпаққа дәріптеу басты мақсат, келешек ұрпақ үшін үлкен өнеге екені жиында баса айтылды. 
Кәшке батыр және оның ұрпақтары туралы       М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің факультет деканы, тарих ғылымдарының докторы Сейдехан Әлібек, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, әдебиеттанушы, жазушы Нұрдәулет Ақышев, ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастыру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, белгілі археолог Арнабай Нұржанов, республикалық Ауған соғысы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Ерлікбай Әлімқұлов бағалы ой-пікірлерін ортаға салды. Батырдың ұрпақтары атынан Амангелді Дінбаев көпшілікке ризашылық білдірді. Конференция Кәшке батырды мәңгі есте қалдыру мақсатындағы шаралар туралы қарар қабылдады.
Батыр бабаның 300 жылдық мерейтойы аудандық «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концертімен жалғасып, күміскөмей әншілер қазақтың дарқан елі мен кең-байтақ жерін, оған қорған болған батырларды, ерлікті арқау еткен шығармаларды орындады. Соңынан аудан орталығында бой көтерген сәулетті де еңселі мешітте Кәшке батыр рухына Құран бағышталып, арнайы ас берілді.
 
Серік САТЫБАЛДИЕВ.
Жамбыл ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.