Талдықорған: +2°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Үңгірбай атаның киесі

28.10.2017
ТҮПСАНА
Үңгірбай атаның киесі
WhatsAppTelegramFacebook

 Еліміздің бүгінін бекем, болашағын берекелі етуге бағытталған бағдарламалардың ішінде «Рухани жаңғырудың» алар орны ерекше. Осы бағдарлама аясында өмірге келген «Туған жер» жобасы аясында қазақтың кие қонған қасиетті жерлерін анықтау және насихаттау қолға алынып отыр.

Осы орайда туған ауылым – Ақсу ауданындағы Ащыбұлақ елді мекені туралы айтсам деп едім. Суықсай округіне қарасты Ащыбұлақ ауылының маңында ел тағзым етіп, киелі санайтын  Үңгірбай ата зираты бар. Ол Белтоған деген төбеде орналасқан. Үңгірбай ата XVIII-XIX ғасырда өмір сүріпті. Кезінде салынған күмбезі қирап қалып,  2006 жылы қайта тұрғызылған. 
   Елдің айтуынша және Үңгірбай атаның шөбересі Еркінбек  Қожабекұлынан жазып алынған мәліметке сүйенсек, Үңгірбайдың атасы Барғана  аузы дуалы, елге абыройлы аса ауқатты би әрі  көріпкел болған. Ел ішінде ол кісі жайында: «Тобылғым бұрын ба?   Қобызым бұрын ба?» дегенде,  қобызы бір түп тобылғыны жұлып әкеткені  жайлы аңыз-әңгіме айтылады. 
    Үңгірбай ата да тегіне тартады. Бойына аруақ қонып, көріпкелдікпен емшілік қасиет бітеді. Сол заманда ел арасында беделді, абыройлы адам болады. Көріпкелдігі сондай, өзінің бір жылдан кейін өлетінін айтып,  алдын ала күмбезін тұрғызыпты. «Мен қыста қайтамын, күн суық, боран болады» дегені де дәл келеді. Қайтыс болғанда алай-дүлей боран соғып, қарға адым жер көрінбей, қырманның төмен жағындағы үйінен күмбезіне әрең жеткізген екен.     
Өлерінің алдында: «Мені Белтоғандағы биік төбеге қойыңдар, өлсем де ұрпақтарымды жауларынан, барымташылардан қорғап жатайын» депті.
    Бірде Қыдыралы елінің барымташылары осы елдің малын айдап бара жатқанда біреуі құлап, мертіккен екен. Құлаған жері күмбездің тұсы болса керек, содан сол елдің биі ат-шапан айыбын арқалап келіп, кешірім сұрапты. Тағы бірде барымта жасағандардың бірі тақиясын түсіріп алады. Сол тақия арқылы ұрылар ұсталып,  айыптарын өтепті.  
      Қазіргі кезде жасы тоқсаннан асқан Нұрсара әжейдің айтуынша, Саурықов Тұрарбек ата  17-18 жасында  ГПУ-дың адамдарынан қашып, атымен күмбезге тығылады. Артынан із кескен қуғыншылардың көзі байланып, оны  таппай қалады. Тұрарбек ата содан кейін күмбездің тұсынан өткен сайын үзеңгіден аяғын  шығарып өтетінін  айтыпты. Тың игеру кезінде Матвей Колочев  «ХТЗ» тракторымен,  Мөжін Қасымов «ЧТЗ» тракторымен  жер жыртып, күмбездің маңайына жақындағанда екеуінің де жап-жаңа  тракторы жүрмей,  бұзыла беріпті.  Олар сол тоқтаған тұсынан ары қарай жерді жыртпапты.  
Сол заманның қиындау кезінде бір шолақ белсенді күмбезді бұздырып, кірпішін жаңа қоныстанушыларға береді. Орыстармен бірге Ащыбұлақтың  тұрғыны  Сейіт деген кісі де  пеш салдырады. Көшіп келгендердің екеуінің үйіндегілер пешке жаққан оттың ысына тұншығып өледі. Сейіт те тура солай екі баласынан айырылады. Ақыры ол кісі молдаға құран оқытып,  кірпіштерді қайтадан зиратқа апарып тастайды.
    2006 жылы Үңгірбай атаның ұрпақтары  баба басына  құлпытас қойып, жан-жағын қоршады. Жанына адамдар тізе бүгіп, дамылдайтын орын жасады. Содан бері жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде ұрпағы жиылып, құран бағыштауды дәстүрге айналдырған. Зираттың табалдырығының астын жылан паналайтын көрінеді. Сол жылан «бабамыздың киесі» дейді үлкендер.  Басына адамдар зиярат етіп келіп тұрады. 

Б. НҰРМҰХАМБЕТОВА,
  Ащыбұлақ ауылдық клубының меңгерушісі.
Ақсу ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.