Талдықорған: +15°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«КЕТТІК ПА? КЕТТІК ПЕ?» — ҚАҒАЗДА ҚАЛҒАН ШЫЛАУЛАР

22.05.2019
ТҮПСАНА
"КЕТТІК ПА? КЕТТІК ПЕ?" - ҚАҒАЗДА ҚАЛҒАН ШЫЛАУЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

«Тіл – ақылдың өлшемі, ұлттың жаны» деген қағидалы сөзге сүйенсек, бүгінгі таңда мемлекеттік тіл мәселесінің жағдайы көңіл көншітпейді. Қазіргі жастардың басым көпшілігі қазақ тілінде сөйлеуден ұялатыны байқалады. Осындайда өзге тілде сөйлеп жүргеніміз болашақта еліміздің дамуына қандай үлес қосады деген ойға қаласың. Себебі, адам қай тілде сөйлесе, сол ұлттың менталитетін, салт-дәстүрін, танымын өзінің бойына сіңіреді емес пе?

Көшеде кетіп бара жатқандардың көпшілігі орыс тілінде шүйіркелесіп бара жатқанын жиі байқаймыз. Тіпті, орысша дұрыс сөйлемесең, «говори на человеческом языке» деген өктем дауысты естуге де жеттік.

Таяуда автобуспен орталық жаққа баруға тура келді. Көлікте мінген бойда әр тұстан телефон үні естіле бастады. Бір байқағаным, өз мәселесін егжей-тегжейлі баяндаған бір ағай бес минуттың ішінде он рет «конечно» сөзін қолданды. Кейбіреулерге «давай-давай», «ладно», «пока» сөздерін айту дағды болып кеткендей. Бір көлікте келе жатқан соң олардың әңгімесі естіліп жатады. «Мені сонда күт, келеатырм», – дейді шұрайлы тілімізді бұрмалап сөйлеген қаракөзіміз еш қысылмастан.

Расында да, ұялы телефонмен сөйлесетін кейбір жастар «келеатырм», «баратырм», «отырватрм», «көрватрм», «жатырқ», «тұрқ» деген секілді сөйлемдермен ойларын жеткізіп жатады. Мұндағы қалып етістіктер түзелуден қалған. Орфоэпиялық нормаға бағындырайық десек, келетін еш жері жоқ. Ал келтірмек ниетіміз жеңсе, бұған орфографияның ауылы алыс. Мысалы: «атсын», «атыр» дегендерді бөлек алып қарасақ: «атсын» – яғни, бір затты ату. Бағанағы бастапқы сөзді «жатырсың» деп ұғына аламыз. «Атырдың» түк мағынасы жоқ. Бұларды орыс тілін имектетіп, химиялық тәжірибе жасаудың нәтижесі деп түсінеміз. Сондай-ақ, сұраулы сөйлемдерге «бе», «ба», «па», «пе» демеулік жалғауын жалғамастан «Келесін, кездесеміз, барасың?» деп ана тіліміздің шырқын бұзып, орашолақ сөйлей салады. «Ма, ме», «па, пе» шылауларынан шығады, қазір жіңішке дыбыстардан құралған сөзге де жуан сұраулық шылауын жалғайтын болдық. Бұл тілдік қателік деп есептеймін. Мәселен, «Келесің бе?» деудің орнына «Келесің ба?» деп айтуға бейімбіз. Сонда «ме, бе, пе» сұраулық шылаулары тек қағаз бетінде қалып, ауызекі стильде қолдануды қоямыз ба? Бірде таныстың ұялы телефонына көзім түскенде жазғандары емле қателерге тұнып тұрғанын байқадым. Мәнісін сұрағанымда: «Телефонымда қазақша әріптер жоқ, бәрі орысша немесе ағылшыншаға негізделген ғой», – деп жауап қатты.

Бұдан басқа қазақ тілінде сөйлейтіндердің өзі орыс тіліндегі жалғауларды жиі қолданады. Мәселен, көптеген қандастарымыз: «Бұл Абая ма, Төлебаева көшесі қайда, Абылай хана алыс па, Қонаеваға қалай барамын?» деген сөздерін жиі естуге болады. Ал осы көшелерді неге Абай, Төлебаев, Абылай хан, Қонаев демеске?! Бұдан басқа көше аттарын бұрынғы атаумен сұрайтындар да бар.

Бір аңғарғанымыз, неге екенін қайдам, мемлекеттік тілді бір кісідей білетіндердің өзі ана тілінде сөйлеуге арланатын секілді. Сұрақ қойсаң, орысша сайрай жөнеледі. Одан қалса қанша жерден қазақша білемін деп тұрса да емін-еркін көсіліп сөйлеуге келгенде, тілі күрмеліп, қиналатын адамдардың саны аз емес. Ол ой тиянақсыздығы, кібіртіктеу, орфоэпиялық қате жіберу, орысша акцентпен сөйлеу, қыстырма сөздерді орысша қолдану, қазақша-орысша араластырып қойыртпақтап сөйлеу кезінде байқалады.

Іргелі ел боламыз, елдігімізді сақтаймыз десек, ұлттық кодымыз — тілді меңгеріп, қолдану аясын кеңейтіп, өркен жаюына әрбір ұлтжанды азамат өз үлесін қосқаны абзал.

Еңлік ҚАБДЕШ

Сурет ғаламтор беттерінен алынды

Қатысты жаңалықтар

Аманатқа адал ұл

Аманатқа адал ұл

03.04.2026
Кітаппен кемелденген сана

Кітаппен кемелденген сана

03.04.2026
Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

03.04.2026
Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.