Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

КӨКПАР ТАРТЫП, ҚҰС САЛҒАН ЕУРОПАЛЫҚТАР: МАЖАРЛАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

31.07.2021
ТҮПСАНА
КӨКПАР ТАРТЫП, ҚҰС САЛҒАН ЕУРОПАЛЫҚТАР: МАЖАРЛАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

Мажар халқы – Батыс пен Шығысты жалғап жатқан Ұлы Дала көшпенділерінің бір бөлшегі. Олар – түркі мәдениетін сақтаған, бізге тілдік, танымдық тұрғыдан ұқсастығы бар Еуропа құрлығындағы жалғыз ел. Соңғы жылдары Мажарстан ғалымдары тарихына көз жүгіртіп, түркі халықтарымен ортақ тілдік, тарихи, мәдени байланыстарын зерттей бастады.

Екінші атамекен

Түркі-мажар және Дешті-қыпшақ халқы арасындағы тарихи байланысты зерттеп жүрген мажар ғалымдары да аз емес. Антрополог Андраш Биро мұны ғылыми дəрежеге көтерді.  2006 жылы ғалымның жетекшілігімен Қостанай облысына жасалған антропологиялық экспедиция нəтижесінде мажар мен қазақтың туыстығы толығымен дəлелденді. «Қазақстан – біз үшін екінші Атамекеніміз. Өйткені, бабаларымыз өз дәуірінде осы Ұлы Даладан қоныс аударды», – дейді антрополог Андраш Биро.

Оның ойынша, көшпенділер мәдениеті адамзат өркениеті үшін теңдессіз жетістіктердің бірі бола білді. Бүгінде Андраш Биро жетекшілік ететін «Мажар-Тұран» халықаралық қоры түркі халықтарының достығын нығайтуға арналған бірнеше шара ұйымдастырып келеді. Солардың ішінде тұрақты түрде өткізіліп жүрген Түркі халықтарының үлкен Құрылтайы мен Ősöknapja (Бабалар күнін) атап өтуге болады.

Мұндай шаралар аясында ежелгi көшпендiлердің дала мәдениетi, қолөнері мен өркениеті, ұлттық спорт түрлері, тұрмыс-салты көрсетіледі. Шараға түркі тілдес халықтардың барлығы шақырылады, қатысушылар әдетте ұлттық киімдерін киіп, қонақтарға өз ұлтының киім үлгісін таныту мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, осы салада еңбектеніп жүрген ғалымдардың зерттеулері ортаға салынып, өзара тәжірибе алмасады. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық шараның құрметті қонақтарының ішінде отандық ғалымдар, қолөнершілер, әнші, жыршылар, ұлттық спортшылар мен дипломатиялық сала өкілдерінен құралған қазақстандық делегация да бар. Биылғы жаздың басты шараларының қатарында «Мажар-Тұран» халықаралық қорының ұйымдастыруымен өткен ұлттық спорт түрлері бойынша сайысты атауға болады. Қатысушылар садақ тарту, ат жарыс, жекпе-жек сынды көшпенділер ойындарының он түрінен өнер көрсетті. Сондай-ақ, келушілер сұңқар ұшыру дәстүрін тамашалап, көшпенділер тұрмысы тақырыбындағы фотокөрмемен, киіз үй жабдықтары мен қару-жарақ түрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Шараның салтанатты ашылуына ҚР Мажарстандағы Елшілігі өкілдері қатысты. «Мажар-Тұран» халықаралық қорының негізгі мақсаты – ерте түркі-ғұн мәдениетін жаңғыртуға ғылыми ортаны тарту, сол саладағы ғылыми зерттеулер арқылы көпшілікке тарихи тамырластықты таныту. Жалпы түркі халықтарының үлкен құрылтайы – көшпенділер өркениетін танытатын Еуропадағы ең ірі шара. Тұңғыш қазақ-мажар құрылтайы «Ғасырдан кейінгі кездесу» деген тақырыппен Қазақстанда өтсе (Қостанай обл., 2007 ж.), екіншісі 2008 жылы Мажарстанның Бөстөрпуста аумағында ұйымдастырылды. Үшіншісі «Тұран халықтарының құрылтайы» деген атаумен 2010 жылы Мажар-станның Бугац мекенінде өтті. Содан бері Түркі халықтарының үлкен құрылтайы дәстүрлі шара ретінде екі жылда бір ұйымдастырылып келеді.

Венгр атауы жоқ

Ең қызығы, мажарлар өздерін «венгр» деп ешқашан атамаған, мажарша ұлттың атауы – magyar (мадьяр). «Венгр» – славян халықтарының қойған аты, ағылшын тілінде Hungary («ғұн» сөзінен шыққан деген көзқарас бар). Ал түркілер оларды көнеден «мажар» дейді. Ендеше, қазақ тілінде де елді «Мажарстан» деп атауымызды сұрайды мажар ғалымдары. Мажарстан Еуропаның орталығында орналасқан, Аустрия, Словакия, Украина, Румыния, Хорватия мемлекеттерімен шектеседі. Астанасы – Будапешт қаласы. Халқының саны он миллионның үстінде. Мемлекеттік тілі – мажар (мадияр) тілі.

Көшпенділер аралы

Бойында көшпенділер рухы бар мажар халқы көнеден ат баптап, құс салған, көкпар тартып, садақ атқан. Сол дәстүр бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Мажарлармен бізді байланыстыратын тағы бір нәрсе – көне түркілердің руна жазуы. Мажарлар – ұрпаққа мұра болып қалған осы руна жазуын бүгінге дейін қолданып, сақтап келген әлемдегі жалғыз ел. Мажарстан астанасы Будапешт маңындағы Бугац елді мекенінде өтетін Түркі халықтарының үлкен құрылтайында осының бәрін көзбен көріп, тілдес халықтардың көшпенді мәдениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық спорт түрлерін, ән-би өнерін тамашалауға болады.

Айта кетерлігі, аталмыш шарада әлемдегі ең үлкен киіз үй тігіледі. Киіз үйге Ұлы Дала қолбасшысы Атилла (Еділ қаған) есімі берілген. Биіктігі 7 метр, диаметрі 20 метр болатын киіз үйдің негізгі ерекшелігі оның жиналмалығында және көне ғұн дәстүрі бойынша жабдықталғанында.

Үйді безендіруші ғалымдардың айтуынша, киіз үйдің ішінен археологиялық, антропологиялық зерттеулер барысында табылған көне мұрағаттар көрмесі ұйымдастырылады. Құрылтайдың тағы бір ерекшелігі, шара қатысушылары мен келген қонақтар, мүмкіндігінше, ұлттық киімін киіп, орта ғасырдағы (ІХ-Х ғғ.) халқының қару-жарақ, құрал-сайман, әшекейлерін көрсетуге тырысады. Жалпы, мұндай шаралар түркі тектес халықтардың арасындағы ауызбірлікті нығайтуға әсерін тигізері анық.

Әлемде жүріп жатқан саяси, экономикалық, экологиялық және мәдени процестер аясында көшпенді халықтың құндылығы, мұрасы мен дәстүріне жүгініп, тегімізді танып, білудің маңызы зор.

Дипломатия

Негізі Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қатынас егемендік алған тұсымыздан басталды. Бұл – Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының жаңа деңгейге шығуы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайта түсті. Ел астанасы Будапештте мәдени-гуманитарлық бағыттағы шаралар жиі ұйымдастырылады. Будапештте Астана көшесі, Абай ескерткіші бар, Абай оқулары жиі өтеді, Мажарстандағы ҚР Елшілігі жанында «Абай орталығы» жұмыс істеп тұр.  Екі ел арасындағы мәдени, ғылыми байланыстар арқасында жыл сайын 250 жас қазақстандық білімін Мажарстанда жетілдіру мүмкіндігіне ие.

Жанар МАҚСҰТҚЫЗЫ,

«Мажар-Тұран» халықаралық қорының баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.