Талдықорған: -2°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«КІНӘ ӨЗІМІЗДЕН!» КЕЙБІР ЖАСТАР АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫМЕН ШАЛА ТАНЫС

15.04.2020
ТҮПСАНА
"КІНӘ ӨЗІМІЗДЕН!" КЕЙБІР ЖАСТАР АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫМЕН ШАЛА ТАНЫС
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан біршама уақыт бұрын Абайдың 175 жылдығына арналған маңызды шара ақындар мен батырлар  елі – Жамбыл ауданында, «Жиырмасыншы ғасырдың Гомері» атанған ұлы ақынның мұражайында өткен еді.

Халықаралық Жамбыл қорының төрағасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми қызметкері, белгілі ақын Манарбек Ізбасар «Біздің университет ректоры Такир Балықбаевтың шешіміне орай оқу орнының алдындағы ұлы ақын ескерткіші түбінде жыл аяғына дейін мезгіл-мезгіл флешмоб ұйымдастырылып тұратын болды. Ол басқосуда ұстаздар мен студенттер Абай жырларын оқиды, қара сөздерін жатқа айтады, қызықты тарихи деректерді ортаға салады. Ұлы Жамбыл мұражайына Алматыдан арнайы атбасын бұруымыз сол шарамен лайықты үндестік табады деп білемін» – деді.

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Далабаев алматылық қонақтар мен жиналған қауымды ауданда Ұлы Абайға арналып өтетін, өтіп жатқан іс-шаралар барысымен таныстырды.

Салтанатты жиынға қатысушылардың алды болып Жамбыл ауданы мен Алматы облысының Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Орысбай Әбділдаұлы сөз сөйледі.

– Біздің ауылымызда өтіп жатқан, Абай бабамыздың рухын көтерген бұл жүздесу – ұлан-асыр үлкен тойдың басы. Абай – қазақтың түпқазығы, Абай ілімі – қазақтың бас идеологиясы. Менің бала кезімде оқушы дәптерінің сыртында ақынның «Ғылым таппай мақтанба» деген сөзі көз салған жанға шамшырақтай әсер беріп тұратын. Ол сөз қазір жазылмайды. Өйткені, Абайдың ол ақылы қазақтың қанына сіңді дейтін сияқтымыз. Жоқ. Ұрпақ ауысып, буын алмасып тұрады. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелейтін сол дәстүр жалғасуы керек, – деді ол.

Жұмабай Шаштайұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Даңқты композитор Нұрғиса Тілендиев ағамыздың аузынан естіген мына бір ақиқат сөз есімнен еш кетпейді. Атамызға Алматыдан сәлем бере келген кіл мықты жазушылар сынамақ үшін бе екен, бірде Жәкеңе: «Осы Абай  қандай ақын?» деген сауалды қойыпты. Сонда сәл ойланыңқырап қалған ғасырдың құрдасы үзіп алғандай «Абай – ақын ба?..» деп кідіріпті. Қаумалаған жұрт – пенде. Атағы айға жетіп тұрған ақын мұнысымен не айтпақ болды екен деп іштен тына қалады. Сонда Жамбыл тәтем: «Абай ақын емес, Абай – Пайғамбар!» деген екен. Міне, ұлы Абайға берген ұлы Жамбылдың бағасы.

Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, университеттің «Абай» телестудиясының директоры:

– Таяуда маған бір жас өрен келді. Абайдың 175 жылдығына орай деректі фильм түсірмек ойы бар екен. Сол үшін бейнекамера керек дейді. Қуана қолдадым. Кездейсоқ режиссердің бағыт бағдарламасымен танысу барасында оның Абай шығармаларымен шала таныс, тіпті, «Абай жолын» оқымағанын білдім. «Оқып аламын, қазір тездетіп ақынның бейнесін жасағым келеді», — дейді. Амал қанша, қазіргі қоғамдағы кейбір жеткіншектеріміздің бүгінгі болмысы, ұлы ойшылға деген көзқарасы осындай… Кінә – өзімізден!

Нұрманбет Қизатұлы, Қазақ журналистикасының қайраткері, Халықаралық Жамбыл сыйлығының иегері:

– Ұлы ойшылымыз Абай өзінің «Жиырма екінші қара сөзінде» былай дейді: «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ. Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық амалға елдің бәрі де есті». Ғұламаның бұдан бір ғасыр бұрын біздің бүгінімізді тереңнен болжап, салмақтап, таразылап кеткеніне, данышпандық талғамына таң қалумен, таңданумен келемін.

Ұлы Абайдың мерейтойына байланысты өткен аса қызықты да мазмұнды пікір алмасулардан соң аудандық «Құлансаз» ән-би ансам- блінің артистері Абай әндерін тамылжыта шырқады. Осындағы Жамбыл атындағы орта мектептің оқушылары ақынның жырларын кезек-кезек жатқа оқыды. Мұрайжай залына лық толған көрермен-көпшіліктің құлақ құрышы қанып, бір сергіп қалғандай әсерге бөленді.

Абай мерейтойының аяғын ала ұлы Жамбылдың дәл осындай 175 жылдық мерейтойы бастау алатынын нақ білетін халық мұражайдағы кездесуде қазақ әдебиетінің қос алыбының рухына тік тұрып бас иіп тағзым етті, қол соқты.

Талғат СҮЙІНБАЙ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

12.02.2026
Жырлау үшін келгенмін

Жырлау үшін келгенмін

12.02.2026
Ақын рухы асқақтаған күн

Ақын рухы асқақтаған күн

12.02.2026
Сөреден шыққанымен мәреге жете алмады

Сөреден шыққанымен мәреге жете алмады

12.02.2026
Тарих төріндегі тұлға

Тарих төріндегі тұлға

12.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.