Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Өлмес өлең, өшпес мұра

14.02.2017
ТҮПСАНА
Өлмес өлең, өшпес мұра
WhatsAppTelegramFacebook

«Жазылар естеліктер мен туралы» деп тебіренген жыр тарланын жетісулықтар биыл да елеусіз қалдырмады. Түрлі шара ұйымдастырып, бәйге жариялап, ақын рухын асқақтатты. Соның бірі ақынның өлеңдеріне жазыл­ған әндерді орындаудан х облыс­тық әншілер байқауы. «Жырлайды жүрек» атты жарысқа өңіріміздегі жүзден жүйрік саналғандар қатысып, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайын әнмен әуелетті.

Өзінің отты да өрнекті өлеңдерімен өмірді ұғындырып, жұртының жүрегін жаулаған жыр жампозының қазақ поэзиясындағы орны ерекше. Олай деуімізге себеп те жетерлік. Өзі айтқандай осы ғасыр ұрпақтарының құрдасы болған ақынның жырлары бүгінгі жастарға биік бағдар, өшпес өнеге екендігі анық. Сұлу сөзден сарай соққан ақынның сан алуан тақырыптағы өлеңіне жарыса ән жазған композиторлардың санында шек жоқ. Әдемі де әсерлі, өміршең өлең әнге сұранбағанда қайтсін?! Ел игілігіне айналған ақын әндері әлемде әуелеп қана қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келеді. Жыр сүлейінің құрметіне өткізілген облыстық әншілер байқауы осы сөзіме дәйекті дәлел болмақ. Қазақ поэзиясына таудай үлесін қосып, мол қазына қалдырған ақынға арналған дәстүрлі байқау биыл оныншы рет өтіп отыр. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді әуелетіп, олардың жаңа орындаушыларын анықтап, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыруды мақсат еткен шараға 16 аудан, 3 қаладан жалпы саны 35 өнерпаз қатысты. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарып қана қоймай, өзінің отты жырларымен, өрнекті өлеңдерімен халқының қадір-қасиетін айта алған ақын өлеңдерінің өміршеңдігі кеш барысында кеңінен танылды. Байқаудың шымылдығы ақынға арналған арнайы театрландырылған көрініс­тен бастау алды. Мәңгілік ғұмыр­ға айналған мұзбалақ ақынды еске алып, жұрттың ықыласына бөленген әртістер көрерменді ерек сезімге бөледі. Тұла бойды бір шымырлатып, ақын бейнесін көз алдыға әкелген әсерлі қойылымнан кейін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров ақын жайлы ой қозғап, үміткерлерге сәттілік тіледі. Жігерлі  сөзден соң тартысты бәсеке бірден басталып кетті. Өнерпаздар дәстүрлі және эстрадалық әндерден өнер көрсетіп, екі кезең бойынша сынға түсті. Әдеттегідей ақтық сынға іріктеліп үздік деген 13 әнші жолдама алған. Ал олардың даралығын, дауыс ерекшелігін көзі қарақты көрермен мен өнер сыншылары саралады. Байқауға қатысушы барлық үміткердің бағасын ҚР еңбек сіңірген әртісі, Сүйінбай атындағы облыстық филармония­сының жеке дауыстағы әншісі Ұлжан Айнақұлова төрағалық еткен қазылар алқасы  Мәдениет қайраткерлері Абылай Қармысов, Төлеужан Нүсіпжанұлы, халықаралық байқаулардың лауреаты Мәншүк Тұрсынғазина, облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Асқар Нұрмұхаметов  саралап, байқауға төрелік етті. Қатысушылар белгілі бір аспаппен өздерін сүйемелдеу арқылы және жанды дауыспен өнерлерін ортаға салды. 
Ақиық ақынның «Күрең күз», «Есіңе мені алғайсың», «Сарыжайлау» сынды көңіл тебірентерлік танымал туындылары орындалып,  жұрт мерейі әнмен асқақтап, көңілі кереметке толды. Оған ақын әніне еріксіз қосылып, шабытпен шырқап отырған екінің бірі дәлел. Әділқазылардың шешімімен барлық талапқа сай деп табылған үздіктер де анықталды. Қарасай ауданынан келген Нариман Әбдірахманов пен талдықорғандық Нұрасыл Тастанбеков шынымен шыңнан көрініп, бірінші орынды иеленді. Ал талдықорғандық Бағжан Ерғайып пен Талғар ауданынан келген Әділет Әдикенов екінші орынды еншіледі. Үшінші орынды қанжығасына байлаған Кербұлақ ауданынан келген Мәулеш Әбжапаров пен Азамат Үмбетов ел мерейіне бөленді. Қалған үміткерлер ынталандыру сыйлықтарымен және байқауға белсенділік танытқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды. Ал өздерінің ерекше дауысымен дараланып, сайыста сараланып, көрермен көңілін жаулап, ерек өнерімен баурап алған жамбылдық Нұрсұлтан Елемесов пен ақын туған өлке Қарасаздың қара қызы, өнерлі дара қызы, Райымбек ауданының саңлағы Таңшолпан Өзбекова бас бәйгені алып, биылғы байқаудың ең үздік орындаушылары атанды. Жеңімпаздарға лауреаттық диплом мен ақшалай сыйлық табысталды. Өлеңдері мен әндері өміршеңдігімен, жасампаздығымен құнды болған ақынның мұрасы бүгінде ел игілігіне айналып, тыңдарманға рухани азық болуда. Халқының қара өлеңін қадірлеген ақынның өзі де қастерлі. Кеш барысында өлеңді бағалайтын ұрпақты көріп, ақынның саф алмастай поэзиясының талай ғасырға көшетінін бағамдадық.

Құралбек СӘБИТОВ

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.