Талдықорған: -2°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Ұлттық рухты ұлықтаймыз

14.07.2018
ТҮПСАНА
Ұлттық рухты ұлықтаймыз
WhatsAppTelegramFacebook
Бүгінгі күнде ақпарат айдынын ғаламтор жайлап, газет-журнал мен кітап оқу үрдісі кеміп бара жатқаны жайлы алаңдаушылық пікірлер аз айтылмайды. Тамыры тереңде жатқан бағзы басылымдарға да үзбей жазылатын оқырман қатары кеміп барады деген теріс пікірлер қалыптасуда. Осындай алаңдаушылыққа қарамастан «Рухани жаңғыру» атты республикалық жаңа журналдың жарыққа шығып, оқырмандарға жол тартуы шын мәнінде әлгіндей жалаң пікірлерге қарсы жауап болғандай. ЖаҺандану дәуірінде сан ғасырлық салт-дәстүрімізді сақтап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, Рухани жаңғыруды мақсат еткен жаңа журналдың күретамыры  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен байланысты. Осы себепті де, аса құнды құжатқа айналған мақалада айтылған маңызды мәселелерді насихаттап, қалың оқырманға жеткізуді көздеген жаңа басылымның бүгінгі аяқалысы жайында «Рухани жаңғыру» журналының бас редакторы Бақтияр Қабасовтан сұрап-білуді жөн көрдік.

– Бақтияр Мырзаханұлы, ең алдымен өзіңізді төл мерекеміз – Баспасөз күнімен құттықтап, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыстар тілеймін. Осы мерейлі мерекеге республикаға жол тартқан жаңа басылым – «Рухани жаңғыру» журналы қандай жетістіктермен жетіп отыр?
– Рахмет, өзіңізді де және барша әріптестерімізді төл мерекемізбен құттықтаймын. Ғасыр жасаған газеттеріңіздің мерейтойы құтты болсын! Журналымыз күні кеше ғана жарыққа шықса да оқырман ықыласына бөленіп отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен редакция қоржынына сансыз хаттар мен мақалалар лек-легімен түсуде. Осы тұрғыда ақпараттық қолдау көрсеткен «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Қала мен дала», «Рух», 100 жылдық тарихы бар «Жетісу» сынды ақпарат айдынындағы және барлық ақпарат құралдарындағы әріптестеріме алғысым шексіз. Әр басылымның оқырманы бөлек. Ол рас! Еліміз бойынша ЖОО доктор, профессор, ғалым аға-әпкелеріміз осы басылымдардан журналдың қанат серпігенін естіп, құлағдар болып, қол ұшын созуда. Осының өзі біз үшін алғашқы жетістіктердің бірі деп білеміз. Осы тұрғыда республикалық «Рухани жаңғыру» журналы Астана, Алматы емес, Алматы облысында жарық көруінің өзі сәттілік деп санаймын.
– Басылымның басты ұстанымы, мақсат-мазмұны жайында кеңірек тарқатып өтсеңіз?
– Елбасының бағдарламалық мақаласында көрсетілген басым бағыттар – біздің жаңа басылымымыздың негізгі айдарларына айналып отыр. «Рухани жаңғыру» журналы оқырманына қазақ ұлтының жаңғыру жолына түсудегі негізгі жетістіктері мен жеңістерін паш етуді, осы жолда өнегесі мен еңбегі үлгі болған жандардың ұстанымдарын жариялайды. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, ежелгі дүние сипатын, сән-салтанаты жарасқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз жайлы да осы басылым бетінен оқи аласыз. Әдебиеттің, мәдениеттің, өнер жайлы да пайымды-пайдалы материалдар оқырмандардың көкірек көздеріне сәуле болып құйыларына бек сенімдімін. Қоғамның даму кілті – білімде. Болашақ қоғам мүшелеріне тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар даярлайтын біздің білім беру ұйымдарының да жетістіктерімен журнал арқылы таныс болады деп үміттенеміз. Әрбір жас өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс десек, басылым бетінен де сол жолдағы игі істермен кеңірек таныстырсақ деген жоспарымыз бар. 
– Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау төңірегіндегі алқалы жиын, келелі кездесулерді қайталап басу емес пе? 
– Жоқ, одан адамыз. Біздің басты мақсатымыз – ұлттық код пен ұлттық рухты басты нысанға алып, жан-жақты жұртшылыққа  тарихи, ғылыми,  әдеби, мәдени тұрғыда рухани азық ұсыну. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өтіп жатқан түрлі іс-шаралар, ауқымды істер, ақпараттық материалдар журналымыздың электронды нұсқасында күн сайын жарияланып тұрады. Өтті-кетті материалдарға журналда орын жоқ.
– «Рухани жаңғыру» журналының ақпарат айдынындағы орны айқындалған болар. Мемлекеттік маңызды құжатты арқау еткен басылымды қолдаушылар аз емес деген ойдамыз.
– Рас, күні кеше жарық көрген журналымызды қолдаушылар қатары көп. Еліміз бойынша айтар болсақ, Алматы, Түркістан облысы, Алматы қаласы әкімдері және жұртшылығы қызу қолдауда. Алдағы уақытта кеңістігіміз кеңейетініне кәміл сенімдіміз.

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.