Талдықорған: +13°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«МАНАС» — ҚАЗАҚ ПЕН ҚЫРҒЫЗДЫ БІРІКТІРГЕН МӘҢГІЛІК МҰРА

28.06.2019
ТҮПСАНА
"МАНАС" - ҚАЗАҚ ПЕН ҚЫРҒЫЗДЫ БІРІКТІРГЕН МӘҢГІЛІК МҰРА
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесті. Онда екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік салаларды дамыту жөнінде әңгіме өрбіді.

Алдымен Қырғыз Республикасының Елшісіне сөз берілді.

Жээнбек Молдоканұлы: «Облыс орталығы Талдықорған қаласына бірінші келіп отырмын. Қалаларыңыз өсіп, өркендеп, экономикалық жағынан дамып келе жатқан көрікті шаһарлардың біріне айналуда екен. Жақында елдеріңіздің жаңа Президенті сайланды. Құттықтаймыз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкекке келді. Онда Шанхай Ынтымақтастық ұйымының XII саммитіне қатысып, Қырғыз Президентімен кездесіп қайтты. Қазір қос елдің достық қарым-қатынасы нығайып, саяси, сауда-экономикалық және мәдени жағынан байланыстар өркендеп келеді», – деді.

Бұдан ары қарайғы сөзін Елші: «Алып Алатаудың арғы-бергі бетін ен жайлаған қазақ пен қырғыз ежелден өрісі бір бауырлас халық. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде туризмді дамытуға мүмкіндіктер қарастырылуда. Ыстықкөлге Алматы облысынан адам көп келеді. Демалушыларға өз алғысымызды білдіреміз. Қазақстандық туристерге есігіміз әрдайым ашық. Қос елдің табиғаты да бір-біріне ұқсайды. Бұл туризмді, әсіресе ауыл, соның ішінде, мал шаруашылығын дамытуға ерекше септігін тигізуде. Сондықтан, сіздермен бірлесе жұмыс істеп, ынтымақтастығымызды өркендетуге әзірміз», – деп түйіндеді.

Бұдан соң келген делегаттарға Алматы облысының экономикасы таныстырылды. Кездесуде Амандық Ғаббасұлы:

– Жетісу жеріне қош келдіңіздер! Біз Қытай және Қырғыз елімен көршілес, шекаралас жатқан мемлекетпіз. Қазір екі елмен де қарым-қатынасымыз жақсы өрбуде. Алдағы уақытта сіздердің елге барып, қайту жоспарда бар. Бізде туризм дамып келеді. Жыл сайын Алакөлге келушілердің қатары өсуде. Қазір туристердің алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалып жатыр. Осыдан төрт жыл бұрын Алакөлге 146 мың турист келсе, былтыр бұл көрсеткіш миллионнан асты. Ресейден де келушілер көп. Енді сіздермен ауылшаруашылығы,  құрылыс, сауда, өндіріс саласын дамыту үшін бірлесе жұмыс істесек дейміз, – деді.

Кездесуде аймақ басшысы екі елдің салт-дәстүрі де ұқсас екендігін, рухани жағынан да қарым-қатынас дами түсетіндігін айтып, «Ұлы Даланың мәңгілік мирасы – «Манас» атты қазақ-қырғыз зиялылары бас қосқан форумның маңыздылығына тоқталды.

«Облыста 2 миллионнан аса халық тұрады. Республика бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің 17 пайызы Алматы облысынан шығады. Көптеген ірі өндіріс ошақтары жұмыс істейді», – деген облыс басшысы одан әрі сөзін аймақты дамыту бағытында жүріп жатқан жұмыстармен байланыстырды.

Соңында облыс әкімі Қырғыз Республикасының Елшісіне естелік ретінде арнайы сыйлық тапсырып, суретке түсті.

* * *

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп жатқан «Ұлы Даланың мәңгілік мирасы – «Манас» қазақ-қырғыз зиялыларының халықаралық форумы Талдықорған қаласындағы Мәдениет сарайында жалғасын тапты.

Түркі әлемінің құндылықтары мен тұлғаларын дәріптеу мақсатында өткен шараға Қырғыз Республикасының Елшілігі, Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстанға танымал ғалымдар мен профессорлар, жазушы, академиктер қатысты.

Алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қатысушыларды құттықтай отырып: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясы жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақ-қырғыз зиялыларының форумын ұйымдастырып келеді. Биылғы форумның киелі Жетісу жерінде жалғасын табуы – біз үшін үлкен мерей. Қазақ-қырғыз тарихының тамыры тереңде жатыр. Ежелден бауырлас елдің тұтас тарихына зер салсақ, қаншама ұлы адамдар, батырлар мен билер шыққан. Олардың асыл мұраларын сақтап, рухына тағзым ету – ұрпақ парызы», – деді.

Пленарлық мәжілісте қонақтар кезекпен сөз алып, өз алғыстарын білдірді. Екі елдің өкілдері «Манас» жырының жалпы түркі әлеміндегі орны туралы ой қозғады.

Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Сұлтан Раев мінберге көтеріліп, Талдықорған қаласына келгеніне өте қуанышты екенін жеткізді. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасы Президентінің құттықтау сәлемін жеткізді.

Айтулы кездесуде «Манас эпосу» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Аймарал ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Электронды темекінің жасырын қаупі: Вейпинг қатерлі ісікке себепші ме?

Электронды темекінің жасырын қаупі: Вейпинг қатерлі ісікке себепші ме?

04.04.2026
Аманатқа адал ұл

Аманатқа адал ұл

03.04.2026
Кітаппен кемелденген сана

Кітаппен кемелденген сана

03.04.2026
Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

03.04.2026
Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.