Талдықорған: +16°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

МҰХАМЕТЖАН ТЫНЫШБАЕВ — 140: ТҰҢҒЫШ ТЕМІРЖОЛШЫ

14.05.2019
ТҮПСАНА
МҰХАМЕТЖАН ТЫНЫШБАЕВ - 140: ТҰҢҒЫШ ТЕМІРЖОЛШЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл — Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы есімін иеленген Алаштың асыл ұлдарының бірі Мұхаметжан Тынышбаевтың 140 жылдығы. Тоқсан жылға жуық тарихы бар академия еліміздің көліктік-коммуникациялық кешеніне, оның ішінде, теміржол мен автожол көліктері, сондай-ақ, телекоммуникация салалары бойынша білікті мамандар дайындайтын жетекші жоғары оқу орны. Қазіргі таңда академия түлектерінің басым көпшілігі «Қазақстан теміржолы» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Қазавтожол» АҚ, «КЕГОК» АҚ және тағы басқа ірі ұлттық компанияларда және олардың филиалдарында қызмет атқаруда.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана М.Тынышбаевтың асыл есімі мен ғылыми мұрасы халқымен қайта қауышты, ол туралы ғылыми-зерттеу еңбектер мен көркем шығармалар жарық көре бастады. Қазақтың тұңғыш теміржол инженері, аты аңызға айналған Түрксібтің Құрметті құрылысшысы, Алаштың ардақты азаматтарының бірі Мұхаметжан Тынышбаевтың есімі академиямызға 2000 жылы берілген болса, ал қоладан құйылған ескерткіші білім ордамыздың ғимараты алдына 2006 жылы қойылды. Тәрбие орталығы саналатын академияның тарихынан сыр шертетін музейде Тынышбаев мұрасы бір бөлмеге жинақталған.

Атаулы күнге байланысты өткізілген салтанатты жиында академия ректоры Берікбол Аркенов қазақтың біртуар перзенті туралы тебірене сөйлеп, оның халыққа жасаған еңбегіне тоқталды. Ардақты азаматтың ой-арманы елімізде орындалып, шойын жолдың қызметі ел экономикасының дамуына зор үлес қосып отырғаны осыған дәлел екендігін көпшілікке жеткізді.

Салтанатта сөз алған Мұхаметжан Тынышбаевтың ұлы Дәулет Шейх Әли-Тынышбаев: «Дінмұхамед Қонаев өзін өмір бойы қазақтың тұңғыш инженері М.Тынышбаевтың рухы шабыттандырып келгенін үнемі айтып отырады екен. Сендерді де, студенттер, жастар, Тынышбаев есімі шабыттандырсын», – десе, немересі Елена Ескендірқызы атасының биік мақсатқа толы өмірі бүгінгі және ертеңгі жастар үшін жарқын үлгі екенін айтып, даңқты атасына арнап өзі шығарған жыр шумақтарын оқыды.

Мұхаметжанның тұлғасы мен тұрпаты, атқарған еңбектері, тірліктерінің ауқымы, қайраткерлік қарқыны, азаматтығы және біліміне сай біліктілігі, халқына адалдығы, елі мен жерін, ұлтын қалай жақсы көретіндігі жастарға үлгі. Атамыздың ғұлама ғалымдығы, тектілігі, парасаттылығы да өз алдына бір бөлек әңгіме. Ертеде Тұрар Рысқұловқа Ташкентке оқуға баруы үшін қаражатпен көмек берген де осы М.Тынышбаев екен. Бұл туралы Тұрар өзінің 1929 жылы  жазған Түрксіб теміржолының тарихы мен тағдырын, келешегін қозғаған еңбегінде айтады.

Академиямызда әр жылғы сәуірде өтетін студенттер мен оқытушы- профессорлық құрамның «Көліктегі инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы да, студенттердің факультетаралық «Студенттік көктем – 2019» фестивалі де, «Тынышбаев апталығы» атты шығармашылық байқау да, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы мен республикалық пәнаралық олимпиадасы да  М. Тынышбаевтың 140 жылдығына арналды. Осы іс-шараларда студенттер арасындағы жеңімпаздардың барлығы да Мұхаметжан атамыздың суреті бейнеленген Мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен, ал білім беру саласында ерекше көзге түскен оқытушы-профессорлық құрамның бір тобы М.Тынышбаев төсбелгісімен марапатталды. Атаулы күнге орай жатақхана тұрғындары арасында «Менің студенттік үйім – менің мақтанышым» тақырыбында жарыс өткізілді.

Жыл сайын түлектер диплом алу салтанатында, атамыздың туған күніне және Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай М.Тынышбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тұлғаның рухы мен халқы үшін атқарған еңбегіне бас иіп, тағзым етеді.

Мұхаметжан атамыздың замандасы, Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Өткенді еске алған – өскендіктің белгісі, өткенді ұмытқан – өшкендіктің белгісі», деп айтып кеткендей, халқымыздың әйгілі тұлғаларының елінің болашағы үшін жасаған құнды істерін ешқашан ұмытпай, өздерін жиі-жиі еске алып тұру – қазіргі ұрпақ парызы.

Кеңес ЖҮСІПОВ,
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының доценті, техника ғылымдарының кандидаты

Қатысты жаңалықтар

Аманатқа адал ұл

Аманатқа адал ұл

03.04.2026
Кітаппен кемелденген сана

Кітаппен кемелденген сана

03.04.2026
Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

03.04.2026
Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.