Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ҚОҒЫЛ ӘУЛИЕ КЕСЕНЕСІ ҚАШАНҒЫ ҚАРАУСЫЗ ЖАТАДЫ? ӘКІМДІК НАЗАРЫНА!

26.09.2022
ТҮПСАНА
ҚОҒЫЛ ӘУЛИЕ КЕСЕНЕСІ ҚАШАНҒЫ ҚАРАУСЫЗ ЖАТАДЫ? ӘКІМДІК НАЗАРЫНА!
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының іргесіндегі, жыл сайын бірнеше мәрте ат бәйгесі өтетін ипподромға ағылып-төгіліп баратын жұрт оның қарсы бетіндегі Қоғыл әулиенің кесенесіне ат ізін жиі сала бермейді. Біз қасиетті тұлғаларға қашанда құрметпен қараймыз. Себебі, сол ата-бабаларымыздың ерлік істерінің жемісін осы дәуірдегі біз көріп отырмыз. Бірақ тілдің ұшында ризашылық білдіре бермей, өз міндетімізді нақтылы іспен көрсеткеніміз жөн. Қоғыл әулиенің кесенесіне барып қайтқалы өз борышымызды әлі де толық түсіне алмай жүргенімізді сезініп, мазам қашты.

Әулие жайлы аңыз көп

Көнекөз қариялардың айтуынша, Қоғыл әулие Ескелді би, Балпық батырлардың замандасы. Олармен бірге ел тілеуін тілеп, жоңғарлардың қазақ жерін шауып, қырғынға ұшыратқан кезінде, сонау Шу бойына ауып барып, атақонысқа қайта оралуға күш жұмсаған. Өзінің көрегендігімен жаудың жасырын жоспарын біліп отырған. Ел батырларына болжамдарын айтып, кеңес беріп, іс-жоспарын көрсетіп, жеңіске жетуге ықпал еткен. Сондықтан ол кісі заманында әулиелігімен алыс-жақынға аты тараған. Кейінде емшілігімен де көзге түскен.

Қоғыл әулиенің кіндігінен он бір ұл тараған. Оның өзінен кейін де ұрпақтарының арасынан елге қадірлі, құрметке бөленгендер болған. Қоғыл Сарғалдақұлы Мырзаның Әліке атасының Шұңғыр әулетінен тарайды. Қоғыл әулиенің ұрпақтары Ескелді ауданының Шымыр, Көксу ауданының Жарлыөзек ауылында тұрады.

Ел арасындағы бір аңызда Қоғыл әулие Қора шатқалындағы жайлауында қайтыс болар алдында жақындарын шақырып: «Менің сүйегімді түйеге артып, бұйдасын босатып, қоя беріңдер. Түйе қай жерге түнесе, сол жерге жерлеңдер», – деп тапсырады. Ағайындары айтқаны бойынша істейді. Сонда түйе Талдықорғанның іргесіне келіп, шөккен екен. Кейін жұрт бұл жерді қасиет тұтып, басына түнеп, қасиетті жер деп таныған. Бүгінде айналасында бірнеше бейіт орны бар шағын қорымның ортасында әулиеге арнап соққан кесене бар.

Қасиетті нысандар тізіміне енген

2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында қос облыстан Жалпыұлттық объектілер тізіміне 17, өңірлік объектілер тізіміне іріктеліп 41 нысан енгізілді. Олар 2018 жылы киелі нысандар бойынша «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы шығарған 2 томдық кітапқа енген. Сондай-ақ, 2019 жылдың қасиетті орындар қатарына енгізу үшін қосымша 12 нысан ұсынылып, оның тоғызы қосымша тізімге алынған болатын. Сол қатарға Сөк төре және Қоғыл әулие кесенесі бір нысан ретінде сол тізімге енгізілді. Себебі, Қоғыл әулие кесенесі Сөк сұлтан Абылайхановтың жатқан жеріне таяу. Тірлігінде Сөк сұлтан да Қоғыл әулиені құрметтеп өтсе, арасына сызат түспеген қос алып, міне, осылай өлген соң да қатарласып жатқан көрінеді.

Сөк Төре (азан шақырып қойған аты – Сүйік, орысша құжаттарда Сюк Аблайханов) Абылайханұлы, ел айтқандай 52 жыл бойы Жалайыр, Шапырашты (бір бөлігі) руларына төрелік етті. Ел аузында «Шүйіркелескің келсе Сөкке бар… Тентек көпке көнеді, көпке көнбесе Сөкке көнеді…» деген мәтелдер әлі күнге айтылады. Бірін-бірі толықтап, ұрпаққа ұлылықты ұғындырған қос алыптың кесенесіне «мемлекеттің қорғауына алынған нысан» деген бір тақтайшаны әлі күнге іле алмай жүргеніміз өкінішті-ақ.

Кесене қалай тұрғызылды?

Еркін ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тортай Ізбасқанов ақсақалдың айтуынша, кесене тұрғызылған жер баяғыдан Қоғыл төбесі деп аталып келген. Кезіндегі Кеңес билігінің қылышынан қам тамып тұрған тұсында еркіндіктер осы төбедегі Қоғыл әулиенің зиратына жиі келіп, дұға жасап, болашаққа бақыт тілеп тұратын. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ішінде Қоғыл әулие Еркінде тұратын бір апамыздың (аты-жөнін ұмытқан) түсіне кіріп: «Балам, қашанғы мені жалаңаш қалдырасыңдар? Күн қақтап, жаңбыр мүжіп мазалап бітті ғой», – деп аян береді. Сосын сол кісі зират басына кесене тұрғызып, қорымға жас көшеттер егіп, шамасы жеткенше тірлік етеді. Бірақ одан кейінгі қиын жылдары кесене ескерусіз қалып, тозып, шатыры бұзылып, сәні кете бастайды. Өткен жылы Қоғыл әулие талдықорғандық кәсіпкер қыз Аида Ыдырысованың түсіне тағы кіріп, тағы да аян береді. Әрине, аруақ сыйлаған, қасиетті жерді жанымыздан артық көретін халықтың перзентіміз ғой. Осыған дейін Аида Ыдырысова қолында бар мүмкіндігін пайдаланып, кесененің шатырын бүтіндеп, терезелерін жасап, ішінің тағанына кілем төсеп, әулие жатқан жерді ретке келтіріп, бірталай жұмыс атқарыпты. Енді бұл бастаманы бір қыздың иығына артып қоймай, ел азаматтары ұйысып қолға алуы тиіс емес пе?!

Ол үшін не істеу керек?

Жоғарыда айтылғандай, аталған кесене Қазақстанның өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енген. Демек, мемлекет қорғауында болатын орынды ескерусіз қалдырса, өзге дүниелер не болмақ?!

Ұлттың басты құндылығы – оның тарихы мен тілі. Тарихын ескермеген ұлтты болашақта есіркей қоймайтыны анық. Қоғыл әулие кесенесі Талдықорған – Өскемен күрежолының бойында таяқтастам жерде жатыр.

Жолдан кесенеге дейін көп болса 100 метр. Ол жер шаңы шығып, тозып, топырағы аспанға ұшып тұр. Сол аттам жерге асфальт төсеп, келіп-кететіндерге жағдай жасау көп қаржыны керек етпейді. Ал кесененің айналасында күн қақтаған бірнеше тал-терек шөлдеп, сұрқы қашып тұр.

Мемлекет басшысының ел аумағында 2 миллиард түп ағаш көшетін егу бастамасы бойынша жыл сайын көктем-күз айларында қала аумағында көшет отырғызу науқаны жүргізіліп келеді. Кесененің айналасын абаттандыру ісін де осы жоспарға енгізіп, жасыл желекке көмкеріп тастауға болар еді. Әрине, бұл төбедегі басты мәселе – судың тапшылығы.

Сонау еңісте Сарыбұлақ өзені ағып жатыр. Кезінде сол өзеннен мотормен су шығарып, осы дөңді игілікке жаратқан екен. Қазір оның ауылы алыс кеткен. Бірақ күн сайын болмаса да күн аралап Талдықорғаннан шығаберіс айналмадан әуежайға дейінгі жолдың ортасындағы көк шөпті техникамен суғарып жүргенін жиі көреміз. Кесене айналасындағы ағаштар мен шөптерге су шашып өте шығуды сол маршуртқа қосса, мәселе түбірімен шешілгелі тұр. Сондай-ақ, Еркін ауылының аумағында Үйтас, Қоғыл әулие кесенесі, Сөк төре кесенесі, Әуежай, Сырымбет қырғыны болған жер, Жайнақ батыр жатқан төбе, Балықты өзенінің бойындағы ежелгі жәрмеңке өтетін жер, тағы да басқа тарихымызға қатысты нысандар жетерлік. Сол нысандарды жас ұрпаққа жеткізу үшін қаладағы басқа оқу орындарын айтпағанның өзінде, Еркін ауылындағы Е.Берліқожанов атындағы және №15, №26 мектеп оқушыларына өлкетану бағытындағы экспедициялар ұйымдастыру ісі қолға алынса, нұр үстіне нұр болар еді.

Айту — бізден, атқару — сізден, ағайын!

Қажет АНДАС

Талдықорған қаласы,

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.