Талдықорған: +14°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ПРЕСС-ТУР: «ТАҢБАЛЫҒА» ТІЛШІЛЕР КЕЛДІ

19.06.2019
ТҮПСАНА
ПРЕСС-ТУР: "ТАҢБАЛЫҒА" ТІЛШІЛЕР КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайын насихаттау мақсатында БАҚ өкілдерімен баспасөз туры өткізілді. Республикалық, өңірлік газет-журналдар мен радио тілшілері Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым қашықтықта орналасқан Қарабастау ауылы маңындағы Таңбалы шатқалына барып қайтты.

Аталған қорық-мұражайының директоры Мадияр Әмірғалиев бастаған қызметкерлер мен қорықшылар қарсы алып, алдымен осындағы этноауылға аялдадық. Қазақтың алты қанатты ақбоз үйлерінің іші ұлттық бұйымдармен жабдықталған, тұрмыстық заттармен қатар айбалта, садақ, сауыт-сайман сияқты жауынгерлік қару-жарақ та бар. Қорық-мұражайға келгендер тарихи орынға саяхатын алдымен қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен танысудан бастайды. Сонымен қатар мұнда ұлттық тағамнан дәм татып, тынығатын мүмкіндік те қарастырылған. Этноауыл БҰҰ «Даму» бағдарламасының гранты есебінен өткен жылы ашылды. Киіз үйлер мен күзетшілер қосынын электр қуатымен жабдықтау үшін күн сәулесі мен желден қуаттанатын 5 киловаттық электр стансысы да аталған халықаралық ұйымның қолдауымен былтыр орнатылған. Мұражай басшысы келешекте мұнда ұлттық ойындар алаңын ұйымдастыру жоспарымен бөлісті. 

Ғылыми қызметкер Ринат Шәріпов журналистерді шатқалға бастап, есте жоқ ескі заманнан сыр шертетін жәдігерлермен таныстырды. Жартасқа қашалған түрлі сурет, белгілерге жеке-жеке тоқталып, ғылыми түсініктеме бере отырып, ашық аспан астындағы үлкен табиғи көрмені бес бағыт бойынша көрсетті. Ежелгі Жетісуды әр кезеңде мекендеген бағзы жұрттың тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімінен хабар беретін мұралар жиынтығы мұнда көптеп шоғырланған. Сондықтан мемлекет қорғауына алынып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Мұндағы қорғалатын аймақтың жалпы ауданы 3800 гектар. Оның 900 гектарына археологиялық орындар кірсе, аралық бөлігін 2900 гектарда орналасқан таңбалы тастар алып жатыр. Қорықта әртүрлі дәуірге тән жүзден астам ескерткіш бар. Олар – қола дәуірінен бастап біздің заманымызға дейінгі ғасырларды және кейінгі жыл санауымызды қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тастан қашалған орындар, табыну ғимараттары. Олардың бәрі бірігіп үш мың жыл бойы осы жерді мекендеген ертедегі және кейінгі кездегі халықтардың тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды. 

Осындағы негізгі жәдігер – жақпар тастар бетіндегі бес мыңға жуық петроглиф. Тасқа қашалған сансыз суреттер галереясы негізінен қола дәуіріне тән. Сонымен қатар, мекеменің Сапаршы орталығы үшін 24 гектар жер телімі бөлініп, онда бас кеңсе орналасқан. Осында ірі құрылыс жүргізіліп жатқанын көрдік. Мадияр Орынтайұлының айтуынша, ол өткен жылдың күзінде басталды. Онда туристерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында дәмхана, қонақүй, басқа да түрлі қызмет көрсету орындары болады. Қабырғасы көтерілген көпқабатты нысан биылғы қыркүйекте салынып бітпек. Келушілер саны жылдан-жылға арта түскен. Биылдың өзінде үш мыңға жуық саяхатшы келіпті. Шетелдіктер негізінен Жапония, Германия, АҚШ, Франция және жақын елдерінен. Отандық саяхатшылардан жастар жиі келеді. Туристерге қолайлылық жасалса, олардың саны еселеп артары анық. Таңбалыны таныту мақсатында мұражай қызметкерлері жер-жерде дәрістер оқиды, көшпелі көрме ұйымдастырады. Алда Нұр-Сұлтан қаласына көрме апармақшы. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Аманатқа адал ұл

Аманатқа адал ұл

03.04.2026
Кітаппен кемелденген сана

Кітаппен кемелденген сана

03.04.2026
Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

03.04.2026
Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.