Талдықорған: -6°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Өреліден өнеге ал

12.06.2017
ТҮПСАНА
WhatsAppTelegramFacebook

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР КЕШКЕН, ЕЛІ МЕН  ҰЛТЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН НЕБІР ЕРЕН, ӨРЕСІ КЕҢ ТҰЛҒАЛАР ЖАЙЛЫ ОҚЫП БІЛГЕНДЕ, СОЛАРДЫҢ ӨНЕГЕ АЛАРЛЫҚ ІСТЕРІН ӨЗГЕЛЕР ДЕ КӨҢІЛГЕ ТҮЙЕ ЖҮРСЕ ДЕГЕН ОЙМЕН ОСЫНЫ ОҚЫРМАНДАР НАЗАРЫНА ҰСЫНЫП ОТЫРМЫЗ.

Сіз бұған сенесіз бе?.. Иран мемлекетінің бұрынғы президенті Махмұд Ахмединежад қызметінен кеткен соң өз еліндегі университеттердің бірінде сабақ берген. Тіпті, бос уақытында таза ауада қой бағып, кейде көше сыпырып жүрген қарапайым адамдарға жәрдемдесіп, олармен әңгімелескенді ұнататын көрінеді.
 Ол бұрынғы президент ретінде өзіне тағайындалған мемлекеттік жеңідіктердің бәрінен бас тартып, жәрдемге мұқтаждарға бергізген. Қарапайым өмір салтын ұстанған. Неткен адалдық десеңізші?!. Кеше ірі болған, бүгін өзінің жеке бизнесімен кеткен біздегі өзгелер де үлгі алса ғой осыдан.
Ел басқарып, президент болып тұрғанда Иран президентінің жұмысқа автобуспен келетінін, ал әйелі медреседе қарапайым ғана қызметші екенін кезінде газеттер тамсана жазған.
Кеңестік кезеңде ұлы держава атанған, Ресейдің басқару тізгінін ұстаған М. Горбачев бастап, кейін өзге президенттер де әйелдерін сол елдің бірінші ханымы атағанын барша жұрт білсе керек. Ал, Иранның біз әңгімелеген бұрынғы президенті ондайға бармаған.
Тектілік, өзін және отбасын бар билік қолында тұрғанда да өзгелерден биік қоймау, қарапайым ғана күн кешу секілді асыл қасиеттер Дінмұхамед Қонаев секілді ерен тұлғаға да тән болған екен. Бәлкім, сол жақсы қасиеттері үшін шығар, өзі өмірде жоқ Димаш ағамыз туралы бүгінгі ел тек жағымды пікірлер ғана айтады. Әр ісін үлгі-өнеге етеді.
«Ұлық болсаң, кішік бол» деген есті сөзді есте ұстап, тектілердің өнегелі істері мен ғибратты ғұмырларын көңілге түйе жүрсек, одан кем болмаймыз, ағайын!
 *** 
Адамзат баласына тек қана жақсылық тілеп, адал әрі тура жол көрсетуші, аса мейірімді Пайғамбарымыз Мұхаммед әлейкуассалам да бала кезінде қой бағып, жыртылған киімдерін өзі жамап, үзілген түймесін өзі қадап алады екен. Бұл туралы Пайғамбарымыздың өмірі жайлы жазылған кітапта айтылған. Өмірдегі нағыз қарапайымдылық деп осыны айтса болар. Осының бәрі бүгінгі біз бен сізге және ұрпақтарымызға өнеге әрі тәлім боларлық іс емес пе?!
*** 
Кеңестік кезеңде Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев ағамыз Кремльде отырып бурадай буырқанған Хрущевпен де, қапсыра құшақтап, қатты сүйісетін Брежневпен де, аурушаң Андроповпен, демігіп қалатын Черненкомен, сөзшең Горбачевпен де жиі араласып, қызметтес болды. Елдің экономикасын, халықтың тұрмысын көтеру үшін солардың алдына орынды мәселені дер кезінде қойып, тілдерін тауып, Мәскеудің оңды шешімдеріне қол жеткізу арқылы сандаған қала, ғылым мен мәдениеттің ордалы ошақтары бой көтерді. Ауылшаруашылығы, ғылым мен білім, құрылыс, мәдениетіміз бен спорт, медицина салалары өркендеп, өсті. Соның бәріне байсалды басшылық жасап, қыруар іс атқарса да Димекең: «Мен мынаны тындырып едім!», – деген жоқ. Өзінің емес, ұлтының қамын ойлады. Адал қызмет атқарып, таза жүрді. Өзгелерге де сондай талаптар қойды.
Қазақстан Республикасы аталатын үлкен мемлекетті басқарған сол ұлы адам көпқабатты қарапайым үйдің үш-ақ бөлмелі пәтерінде тұрды дегенге сіз сенбеуіңіз де мүмкін! Мен әдейі барып, көрдім сол үйді. Ұлылық пен қарапайымдылықтың ордасы болған Димекеңнің пәтері үш бөлме ғана. Жұмыс істейтін кабинеті, кітапханасы. Қонақ қабылдайтын үлкен зал. Демалып, ұйқтайтын шағын бөлме және асхана.
Димаш ағамыз өзінің әр кезеңдерде шыққан кітаптары мен мақалаларының қаламақысын жетім балалар үйіне, басқа да жәрдемге мұқтаж жандарға қатысы бар мекемелердің есепшоттарына аудартып тұратыны жайлы да естігеніміз бар. Осындай мәрттік пен адал ірілікті бүгінгілердің көңілге түйе жүргені артық болмас еді.
 Кейбір шенділер мен қалталылар ең болмаса «олжадан» тапқан қаржыларын шетел асырып тыққанша, әлгіндей өнегелі істен үлгі алса, кәне?! Шерхан ағамша айтсам, «…Бұл да бір кем дүние…».
 Өзбек халқының тағдыры мен болашағын ерекше ойлап, сол жолда кейде қаталдық та танытқан Ислам Каримов жайлы кезінде түрлі пікірлер айтылған. Анығы, Ислам ака өзбек ұлтының қамын қатты жеді. Өз ұлтын өзгенің табанына салғызбауға тырысты.
 Ол дүние салғаннан кейін орнын басқан Шавкат Мирзияевтің қазіргі әр қадамына өз елі де, өзгелер де жіті назар салып отыр. Жаңа президент Шавкат қарапайым халықтың арасында жиі болып, олардың тұрмыс-тіршіліктерін өз көзімен көргенді дұрыс санайды екен. Сол үшін ол өз еліндегі облыстар мен аудандарды аралағанда шенеуніктері күні бұрын дайындап, тек жақсысын көрсетуді жоспарлап қойғандарын сезгендіктен кейде машинадан түсе салып бұлың-бұлың жолдармен баратын қарапайым көшелер мен үйлерді жаяу аралап, тұрғындардың жай-күйлерін өз көзімен көреді екен. Ал бізде қалай?! Жоғарыдағыларға облыс пен аудан басшылары «бәрі бес!» деп бар жақсыны ғана көрсетіп, жыртық-кетікті жасырып қалуға шебер-ақ! Ал, Шавкат өйткізбейді. Содан сабақ алсақ кәне?! 
*** 
Әкемнің Әлікен шешен атанып кеткен өте зерек замандасы болушы еді. Сол кісі: «Дүние қуып біз жүрміз. Бізді қуып өлім жүр, Әбе. Осыны мына тыпырлап, пайда іздеген ынсапсыз пенделеріңнің қайсысы ойлар дейсің? Ертең өлсең қалатын боқ дүние үшін қатырмай-ақ қойдым басымды…», – деп отыратын.
 Жарқ-жұрқ етіп, сақылдап сөйлеп, әзілдеп жүретін сол кісі шипажайда демалып қайтып, ертеңгілік Нарынқол жақтағы ауылы Қайнарға автобуспен шықпақ болып бара жатқанда Алматының «Саяхат» автобекеті алдында машина қағып кетіп, ажал құшты. Өзі айтатын өлімнің қуып келіп, құрық салған жері сол болды ма екен? «Жазмыштан озмыш жоқ» деп қазақ атам осындайды айтқан-ау, шамасы. Өлім барын ұмытып, байлық пен дүние үшін қырқысып, жаға жыртысып жүргендер бір сәт тәубеге келіп, осыны көңілге түйе жүрсе ғой, шіркін!
***  
 Өрісі тар, өзегі кір кісі адамның қадіріне жетер ме? Ондайлар өзінікін ғана дұрыс санайды. Өзгенің бәрін жау көреді. Тырнақ астынан кір іздеп, өсекті өрбітіп, ағайынның арасын ашып, дауласып, жауласып, пәле қуып жүреді. Көрдік ондайларды. Қазір де көріп жүрміз. Осындай ит қылықтарды өзің жақсылық жасаған адамнан көргенде жанға жаман батады-ақ…
 Бұл сөзіме назар салшы, сен менің,
 Өресі тар, өзегі кір пенденің.
 Өз баласын жау санап,
 Жас жүрегін паршалап,
 Бауырына күл шашқанын көргенмін,
 Жаныма шын, батып-ақ жүр сол менің, – деппін.
 Осыны кімге айттым? Неге айттым? Білмеймін. Біреу «Бұл –мен ғой» деп іштей мойындап, кеш те болса ойланса болды.
 …Қастасқандар мен
достасқандардың тағдыры,
Табысқандар мен
адасқандардың барлығы, 
Кеңдігімен мына дүниенің
және тарлығы,
Жалған дүние бүгінгі. 
Бақ-құс қолдағы
біз әлі зерттеп білмеген,
Бәлкім, жүрмеген,
өмірдің жұмбаққа толы,
қиын да  қыспақ жолдары, – деген өлең жолдары келеді кейде ойыма.
 Өмір бар жерде көлеңке мен нұр-шуақ, адалдық пен сатқындық болмай тұра ма? Мүмкін, мына шолақ жалған сонысымен де күрделі әрі қызықты шығар…
 

 Айтақын ӘБДІҚАЛ,
 Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын,

 Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты.

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.