Талдықорған: -2°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

САҒАТБЕК МЕДЕУБЕКҰЛЫ ҚОЛЫНА БҮРКІТ ҚОНДЫРДЫ

16.11.2018
ТҮПСАНА
САҒАТБЕК МЕДЕУБЕКҰЛЫ ҚОЛЫНА БҮРКІТ ҚОНДЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда белгілі ғалым, қарымды қаламгер, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлының алпыс жылдық мерейтойы аталып өтті. Игі шара ең алдымен қазақ журналистикасының қара шаңырағынан бастау алды. «Рухани жаңғыру: замансөздегі ғылыми стиль және журналистік шеберлік» атты конференцияға зиялы қауым өкілдері, өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты. Конференцияны Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып ашып, жүргізіп отырды.

Жиында М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижан баяндама жасап, Сағатбек Медеубекұлының ұлт руханиятына қосқан сүбелі үлесіне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, әлем елдері өзара ықпалдасу үрдістерін бастан кешкен бүгінгі кезеңде ұлттық журналистика қалай болу керек деген сұрақтарға жауап іздеді. Осыған орай кадр даярлау жұмыстарындағы ізденістер мен ұмтылыстарды саралады. Оның орындалу жайына көңіл бөлінді. Бұдан кейін сөз алған ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы, ақын Нұрлан Оразалин, жазушы Әлібек Асқаровтар қаламгерге өзіндік бағаларын беріп, тұшымды ой-пікірлерін ортаға салды. ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов мерейтой иесін әл-Фараби атындағы күміс медальмен марапаттады. Салтанатты жиында Сағатбек Медеубекұлының жаңадан жарық көрген жеті кітабының тұсауы кесілді.
Зерделеп қарасақ, көп нәрсені аңғарамыз. Ғалымның танымы мен талғамы, мұраты мен мақсаты қашанда уақытпен үндеседі. Жаңашыл көзқараста жазылған мақалалары соның дәлелі. Монографиялық еңбектері де салмақты әрі терең. Ол кісі Жетісу әндері мен күйлерін зерттеуге де ерекше ден қойған. Шалтабай, Қапез, Қожеке сияқты есімдері ұмыт бола бастаған дала өнерпаздарының шығармаларын ел ішінен іздеп жүріп тапты. Оларды бүгінгі ұрпақпен табыстырды. Әрине, бұлай ету үшін ғалымдық аздық етеді. Ең алдымен ондай адамның өз бойында өнерпаздық қабілет болуы шарт. 
Алғашқы еңбек жолын «Жетісу» газетінен бастаған қаламгер республикалық басылымдар мен баспаларда қанатын қатайтып, шыңдалды. «Өнер» баспасы, «Ана тілі» газеті, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жемісті еңбек етті. Оқырманның сүйіспеншілігіне бөленді.
Жырсүйер қауым Сағатбек Медеубекұлын ақын ретінде де біледі. Поэмалары мен өлеңдерінің тілі жатық, ойы көркем. Кезінде Сәкеңнің өлең жазуға деген құштарлығын Кегеннен шыққан Мұқатай Жылқайдаров ағасы оятқан екен. Осы бір таланты тас жаратын қайсар қаламгер кейін тағдыр теперішіне тап болады. Жалғыздықтың мұңлы күйін кешеді. Солай жүріп өмірден озады. Сағатбектің ақынға деген құрметі ешқашан өзгерген жоқ. Небір қиын сәттерінде ағасын қолтығынан демеді, көмегін көрсетті. Жылуын ұсынды. Кейін артындағы қалған мұраларын жинақтап, кітап етіп шығарды. Осылай деп тізе берсек Сәкең жайлы әңгіме шағын мақалаға сыймайды.
Мерейтой кешінде Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай ішкі саясат басқармасының құттықтауын табыстады. Әріптесіне арналған ілтипатын паш етті.
– Сағатбектің бірге оқыған курстастары университет өміріндегі ең таңдаулы лек еді. Олардың арасынан Алтынбек Сәрсенбайұлы, Дархан Мыңбай секілді екі министр шықты. Редакторлар да аз емес. Ендеше осылардың ортасында жүрген Сағатбектің мықты болмасқа хақысы жоқ, – деді ол.
Қаламгердің туған жері Қарқараның ыстық сәлемін алып келген Кеген аудандық мәслихатының хатшысы Нұрбай Советов бастаған жерлестері жүрекжарды лебіздерін білдіре отырып, Сәкеңнің иығына шапан жауып, сый-сияпатын көрсетті.
Республикалық бүркітшілер қауымдастығының төрайымы Бағдат Мүптекеқызы мерейтой иесіне қыран бүркітті еншілегендерін айтты. 
– Біздің Сағатбек таудың баласы. Қия жартастарда қырандардың қалай түлейтінін ол жақсы біледі. Өзі де жас журналистерге қанат бітіріп жүр. Осының бәрін ескере келіп, қолына бүркіт қондырғымыз келеді. Жақын күндері қырандар жарысы өтеді. Сонда бүркітіңді аламан жарысқа өзің алып шық, – дей отырып биялайды көпшіліктің көзінше табыс етті.

Болат МӘЖИТ,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

12.02.2026
Жырлау үшін келгенмін

Жырлау үшін келгенмін

12.02.2026
Ақын рухы асқақтаған күн

Ақын рухы асқақтаған күн

12.02.2026
Сөреден шыққанымен мәреге жете алмады

Сөреден шыққанымен мәреге жете алмады

12.02.2026
Тарих төріндегі тұлға

Тарих төріндегі тұлға

12.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.