Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«СӘУЕГЕЙЛІК ЖАСАҒАН»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШЕҢБЕР ТАСТЫҢ ҚҰПИЯСЫ

24.08.2020
ТҮПСАНА
"СӘУЕГЕЙЛІК ЖАСАҒАН": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШЕҢБЕР ТАСТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тарихи жазба деректерге сәйкес, қазақ даласының көшпенді тайпалары қола, ерте темір дәуірінен бастап аспан, от, жануарлар әлемін, ата-баба аруағын ерекше құрмет тұтты. Уақыт өткен сайын бұл құндылық жаңаланып, толығып отырды. Күн мен Ай сияқты негізгі аспан денелеріне тән жылдан-жылға қайталанатын ырғақты құбылыстарын оқып-үйрену, сонымен қатар, алыс қашықтыққа көшу, әскери жорықтар барысында «Темірқазық», «Үшарқар», тағы да басқа шоқ жұлдыздар арқылы кеңістікте бағдарлау, аспан денелеріне тұрақты түрде астрономиялық бақылау жүргізіліп келді.  Көшпелі тайпалардың мәдени-шаруашылық әрекеттері қоршаған ортаға тәуелді болғандықтан әсіресе көктемгі, күзгі Күн теңелу, жазғы және қысқы тоқырау кезеңінде Күннің, Айдың, басқа шоқ жұлдыздардың орнын анықтаудың маңызы зор болды.

Еуразияның дала зонасында, таулы аймақтарында, әсіресе, сақ, түркі кезеңінің ескерткіштері сақталған Алтай мен Саян тауларында, Қазақстан аумағында астрономиялық бақылауар қызметін атқарған Батыс Алтайдағы «Ақбауыр», Теректі әулие (орталық Қазақстан), Торғай геоглифтері (Қостанай облысы), Шалкөде өзені аңғарындағы «Шартас» (Райымбек ауданы) халық қастерлейтін киелі орындар санатына енетін ежелгі обсерваторияларға жатады.

Осы табиғи ғибадатхана қызметін атқарған мегалиттік кешендерде ерте темір дәуіріндегі адамдар ауа райын болжаумен қатар Күнге, аспан денелеріне табынып, тәңірден тыныштық, сыртқы жаулардан, табиғи апаттардан төнетін қауіп-қатерден сақтауды тілеп, құрғақшылық жылдары құрбандық шалып, тасаттық берген.

Қола, сақ, түркі кезеңдерінен бастау алатын аспан кеңістігін бақылау, ғибадатхана қызметін атқарған киелі орындардың бірі ежелгі «Шеңбер тас» (Қалақай) обсерваториясы. Ол Баянжүрек (279 м) тауы мен Қаратау жотасының (3289 м) аралығындағы Күреңбел ойысында теңіз деңгейінен 1830 м биіктіктегі Сұңқарбүйен өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Нысанның географиялық координаты — 45º 06′ с.е. 79º 18′ ш.б.

Жетісу Алатауының Қаратау жотасынан басталатын Сұңқар Бүйен өзенінің сол жақ жағалауында диаметрі 90 м болатын қола, сақ, үркі кезеңдерінде астрономиялық бекет, ғибадатхана қызметтерін атқарған тас шеңбер. Обсерваторияның тура ортасында алапат сел ысырып әкелген биіктігі 2,5-3 м болатын үлкен қойтас жатыр.

Осы тастың айналасында малта тастармен қоршалған шеңбердің және кеңістіктің негізгі төрт бағытын көрсететін солярлық белгінің болуына байланысты «Шеңбер тас» кешені аталған. Ал оның айналасына көлденең қимасының өлшемдері 50-100 см-ден асатын ірі және орташа малта тастардан тұратын шеңбер және ортасындағы үлкен тас арқылы кеңістіктің төрт бағытына (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс) бағытталған тастан қаланған сызық бар.

Шеңбер тас кешеніндегі солярлық белгілерде дүниежүзінің көптеген халқына ортақ Күнді бейнелейтін солярлық белгілер бар. Мұның ішінде, 1-ші ортасында нүктесі бар қарапайым солярлық белгі, 2-ші кеңістіктің төрт бағытын көрсететін солярлық белгі, 3-ші көпсәулелі солярлық белгі, 4-ші көркем солярлық белгі.

Археолог  ғалымдардың  Солтүстік Қазақстандағы Батай, Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай қоныстарында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес Күнге табыну неолит заманында пайда болған. Мұндай белгі Қазақстанның басқа жерінде көп кездеседі. Бұған «Есік», «Бесшатыр», «Берел», «Шілікті» сияқты сақ патшаларының қорғандары жатады.

Олар жылдың әр мезгілінде халық тәу ететін ғибадатхана және астрономиялық бақылаулар жүргізетін обсерватория қызметін атқарған мегалиттік кешен болған деген қорытынды шығаруға болады. Айталық, Алматы облысы аумағындағы Қапал ойысы, Алтынемел ұлттық табиғи паркіндегі Бесшатыр патша қорғанындағы шеңбер тәрізді қоршаулар солярлық белгілерге сәйкес келеді. Біздің ойымызша, ондағы солярлық белгінің ортасындағы нүкте қызметін биіктігі 5-10 м жететін ел басқарған сақ патшаларының қорғандары атқарған.

Жоғарғы тас ғасырынан қола дәуіріне өтпелі кезеңдердің өзінде Күнге табыну ежелгі тұрғындардың, малшылардың, аңшылардың құралында, тұрмыстық бұйымдарында, әдет-ғұрпында көрініс тапқан. Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың солярлық белгілері негізінен адамдар мен олардың тұрғын үйлерін теріс күштердің қауіп-қатерінен сақтау, жалмауыздардан қорғау қызметін атқарған.

Ғылыми жазба деректер мен мәдени мұраларға жасалған талдаулар қоршаған орта жағдайына тәуелді қола, сақ, түркі кезеңінде тәңірге табынған Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі халықтардың әдет-ғұрпында солярлық белгілердің жиі кездесетінін көрсетті. Олардың қатарына көшпелі түркі халықтарына тән шаңырақ қазақ, қырғыз, ноғай, басқа да халықтардың қолданбалы өнер мұралары саналатын ою-өрнектерде сақталған деген қорытынды шығаруға мүмкіндік берді.

Басқасын айтпағанның өзінде, мұны Қазақстан Республикасы Елтаңбасындағы шаңырақ түрінде бейнеленген кеңістіктің төрт бағыты мен көпсәулелі Күн кескінделген солярлық белгілер дәлелдейді. Мемлекеттік рәміздегі шаңырақ пен уық Қазақстан халқының береке-бірлігін, шуағын шашқан Күн сәулесі біздің Мәңгілік ел болу мақсатын бейнелейді.

«Шеңбер тас» ғибадатханасындағы толық шеңбер мен оның құрамдас бөлігін ерте замандағы сақ, түркі кезеңіндегі Жетісуда мекендеген халықтар аспан шырақтарының орны мен қозғалысын, жылдың әр мезгілінде ауа райын болжау мақсатында қолданған. Мұндай ежелгі обсерваторияның арқасында алуан түрлі дәстүрлі болжам мен сәуегейлікке сеп болатын астрономиялық күнтізбе секілді жұлдызды аспанның картасын жасауы да ықтимал.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жазда таңғы сағат 7.00-де «Шеңбер тастың» ортасындағы биіктігі 2-2,5 метр болатын тастың үстінде тұрған адамның көлеңкесі оны бірін-бірі перпендикуляр қиып өтетін тас сызықтың батысында, ал күндізгі сағат 12.00-де көлеңке солтүстігінде, кешкі сағат 19.00-де шығысына түсетінін көрсетті. Осыдан-ақ, Қапал ойысын мекендеген ежелгі халықтар кеңістіктің төрт бағытын жақсы білген деген қорытынды шығаруға болады. Күннің түсу бұрышының өзгеруінен туындайтын жыл мезгілдері, 30 (31) тәуліктен тұратын ай, 24 сағатты қамтитын тәулік, апта түсініктері сол кезде қалыптасты деген қорытынды шығаруға болады.

«Шеңбер тас» обсерваториясы орталық нүктесінен батыстан шығысқа бағытталған көлденең қимасы 90 м, солтүстіктен оңтүстікке бағытталған радиусы 85 метрді құрайтын эллипс тәрізді екенін көрсетті. Ежелгі мегалиттік кешенді салған құрылысшылар эллипстің шеңберін бір орталық нүктеден емес, шеңбердің орталық нүктесін қиып өтетін көлденең қимасы арқылы өтетін фокус деп аталатын екі нүкте арқылы анықтауы мүмкін. Эллипстің бірегей қасиеті оның бірінші және екінші фокусындағы ұзындығының жиынтығы бірдей және өзгеріссіз болуымен ерекшеленеді.

Қола, сақ, түркі кезеңдеріндегі ежелгі «Шеңбер тас» обсерваториясын салған адамдар математикалық емес, F1, F2 және М тік төрт бұрышты үш бұрыш сызу немесе эллипстің орталық нүктесіндегі биіктігі 2, 3 м үлкен тас арқылы өтетін сызықтағы F1 және F2 нүктелеріне қағылған қадаларға байланған қатты тартылған арқанды шеңберді айналдыра сызу арқылы жасауы мүмкін. Жүргізілген тәжірибе үш кесіндінің ұзындықтарының арақатынасы тік бұрышты үшбұрыш түзетіндей өлшеммен құрылатынын көрсетті. Үшбұрыштың гипотенузасы эллипстің ұзындығына, ал бір канаты эллипстің еніне, екіншісі F1 және F2 арақашықтығына тең болады.

Демек, ата-бабаларымыз жоғарыда берілген математикалық амалдарды қолдану арқылы жер бетіндегі екі бүйірінен сығыңқы пішіні эллипс тәрізді «Шеңбер тас» сияқты аспан кеңістігін бақылайтын обсерватория, ғибадатхана қызметтерін атқарған жер бетіндегі көптеген мегалиттік кешендер салуды жақсы меңгерген.

Еркін ТОҚПАНОВ,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.