Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

СУРЕТ ТІЛСІЗ СӨЙЛЕЙДІ

22.10.2018
ТҮПСАНА
СУРЕТ ТІЛСІЗ СӨЙЛЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысы штабы Достық үйінде «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында «Әлем таныған Қазақстан» атты жас суретшілер байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Шараны ұйымдастырудағы мақсат – жас суретшілердің талабын шыңдап, шығармашылық, көркемдік қиялдау дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, туындыларын көпшілікке жария ету. Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Барлығы 31 өтінім келіп түсті. Байқаудың шарты бойынша салынған суреттерде ұлттық нақыш болуы шарт. Осыған орай жас қылқалам шеберлері қазақ халқына тән ерекшеліктерді баса көрсетіп, бірі ұлттық киімдегі сұлу қызды, енді бірі мемлекеттік туды, ою-өрнектерімізді арқау еткен. Туындылардың қай-қайсысы да көркемдігі, әсемдігімен көз тартады.   

Байқау жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайға берілді. Ол: «Алматы облысында 100-ден астам ұлт өкілі тұрады, 71 этномәдени орталық бар. Олар әрбір этностың салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін танып-білуге, оны сақтап дамытуға өз үлестерін қосуда. Дегенмен де, осы ұлт өкілдерінің басын қосып, ортақтастыратын, бірлігін арттыратын қазақ халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі екені даусыз. Осы орайда бүгінгі байқауға қазақ халқының ұлттық ерекшелігін көрсететін туындылар арқау болды. Жас таланттарға ақ жол тілейміз», – деп байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Байқау нәтижесінде жас суретші Сымбат Сәрсенбаева бас жүлдені иеленді. Мөлдір Қасымбекова мен Радина Батпенова І орын тұғырынан көрініп, жеңімпаздарға диплом мен теледидар сыйға берілді. Ольга Пономарева, Толқын Абдрасилова, Арина Четверникова, Екатерина Герман II орынды, Аққуан Бодыбай, Диана Таңатар, Дамир Тәңірбергенов, Нұрсұлтан Мамутов III орынды жеңіп алып, естелік сыйлық, дипломмен марапатталды. Бірқатар қатысушыға ыңталандыру сыйлығы, Алғыс хат табыс етілді. Бас жүлде иегері Сымбат Сәрсенбаеваның суреті қазақтың қызы мен арғымақ атты астастыра білуімен ерекшеленді. «Қазақ халқы жылқыны ерекше қастерлейді. Мен де аттың сұлулығына тәнтімін. Қазақ қызының бейнесі де әдемілігі, сымбаттылығымен көз тартады. Сондықтан, осы екі әдемілікті үйлестіруге тырыстым.  Еңбегімнің көпшілік көңілінен шыққанына қуаныштымын», – дейді суретші қыз.

Бала кезінен қылқаламмен сырласып өскен Сымбат І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде Қазақстан Суретшілер одағының және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі. 2015 жылы жеке сурет көрмесін де өткізген. Ұлттық жанрдағы суреті көп. Біз де қылқалам иесінің таудай талабы мен ізденісіне риза болып, шығармашылық табыс тіледік.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.