Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ТАЛДЫҚОРҒАНДА «БЕС ҚАРУ» ДЕП АТАЛАТЫН ЕРЕКШЕ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

09.11.2021
ТҮПСАНА
ТАЛДЫҚОРҒАНДА "БЕС ҚАРУ" ДЕП АТАЛАТЫН ЕРЕКШЕ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Тұрарбек Айтқожанов атындағы І республикалық «Бес қару» театрландырылған сахна сайыстары фестивалі өтті. Оған бірнеше театр ұжымы қатысты. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Байқау қарсаңында қазылар алқасымен баспасөз конференциясы өтіп, журналистер ұйымдастырушылардан байқаудың мақсаты, талабы жайлы сұрады.

Байқауды өткізудің мақсаты – қазақтың тарихи бес қаруын ұрпаққа насихаттау, театр саласын қазақтың қару-жарақ тарихи дәстүрімен толықтыру. Фестивальде Қазақстанның әр өңірінен келген облыстық, академиялық дәрежедегі театрлар бақ сынады. Фестивальге келген қонақтар мен қатысушылар қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, театр фойесінде «Сазген» фольклорлық ансамблінің күмбірлеген күйін тыңдап, қару-жарақ мұражай бұрышын ашты.

Фестиваль шымылдығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлиев ашып, игі істің жалғасын табуына, мән-мағынасының өсе түсуіне сәттілік тіледі. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев шараға келген қонақтарға алғыс білдірді.

Ол өз сөзінде қазақтың рухын көтеру мақсатында ұйымдастырылған бастама болашақта екі жылда бір рет өткізіліп тұратынын айтты. «Қазақ үшін садақ, найза, айбалта, шоқпар, қылыш секілді қарулардың орны бөлек. Ел қорғаған, жер қорғаған батырларымыздың бәрі осы қаруларды асынып, ерекше қадірлеп ұстаған. Шараның «Бес қару» аталуында да үлкен мән жатыр. Барша келген жұртшылыққа алғысымыз шексіз. Бұл фестивальдің жас ұрпаққа берері мол. Алдағы уақытта жалғасатын табады», — деді облыстық басқарма басшысы.

Бұдан кейін әр өңірден келген театр ұжымдары өнерлерін көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді. Келесі күні әділқазылар байқау жеңімпаздарын жариялады. Фестивальдің бас жүлдесін Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры иеленді. Бірінші орынды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры алды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының Жастар драма театры, үшінші орынды С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры жеңіп алды. Байқаудағы ең жас қатысушы Бекарыс Еркінұлына «Жас жауынгер» атағы берілді.

Бес қаруын асынған қазақ батырлары соғыс ойынының түр-түрін көрсетті. Батыр бабаларымыз найзаның ұшы, қылыштың жүзімен туған жері үшін қасық қаны қалғанша күресіп, жауға бермегенін көріп, рухымыз бір көтерілді. Фестиваль театрда қару-жарақ пайдаланудың қыр-сырын да терең үйренуге мүмкіндік тудырды. Бес қаруымыз бойымызда болсын, Алаш жұрты.

Гүлжан ТҰРСЫН

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

10.02.2026
Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

10.02.2026
Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

10.02.2026
Қаламгерлер ой додасында

Қаламгерлер ой додасында

10.02.2026
Панфилов ауданында шекара ардагерлерінің жиналысы өтті

Панфилов ауданында шекара ардагерлерінің жиналысы өтті

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.