Талдықорған: -6°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚОНАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

04.05.2022
ТҮПСАНА
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚОНАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Біртуар тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері Дінмұхамед Қонаевтың есімі ресми түрде Қапшағай қаласына берілді. Қаланың салынуы мен онда көрікті көлдің пайда болуына Дінмұхамед Ахметұлының тікелей қатысы бар. Өзі жетекшілік жасап жүріп әсем қаланы тұрғызды. Қапшағай қаласының ғана емес, еліміздің көркеюі жолында аянбай тер төкті. Мемлекетімізді көрегендікпен басқарып, ел дамуына төте жол салды. Міне, осындай ұрпақтан-ұрпаққа үлгі боларлық тарихи тұлғаны қалай әспеттесек те жарасады.

Осы орайда Талдықорған қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті. Онда облыс әкімі Қанат Бозымбаев біртуар тұлғаның ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті. Жиналған көпшілік алдында сөз сөйледі.

— Қайырлы күн, құрметті қауым! Елордадан сүйінші хабар жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаев есімі берілді. Осыған орай, мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне арналған еске алу шарасына жиналып отырмыз. Талдықорған қаласында арнайы ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгеруі – Дінмұхамед Ахметұлының елге сіңірген қызметіне, қаланың негізін салушы ретіндегі ерен еңбегіне берілген лайықты баға деп санаймыз. Бұл – тарихи әділдік. Осы орайда, зиялы қауымның қатысуымен біз алдымыздағы 8 мамыр күні Қапшағай қаласында үлкен жиын, мерекелік шара өткізіп, айтулы оқиғаны ерекше атап өтетін боламыз. Қонаев қаласы атауының ауысуы, қаланың жаңадан бой көтеруіне леп беретін бірегей бастама. Биыл Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 110 жыл. Жыл басынан облысымызда атаулы іс-шаралар өтуде. Дінмұхамед Қонаев халық үшін адал еңбек етіп, ел мүддесіне қалтқысыз қызмет етті. Есімі аңызға айналған ардақты тұлғаны халқы ешқашан ұмытпайды. Тарихи тұлғалардың артында қалған мұрасын жеткізу кейінгі өскелең ұрпаққа абыройлы парыз. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Баршаңызды осы тарихи сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді  облыс басшысы.

Бұдан соң облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт сөз алып, Қапшағай қаласына Қонаев есімін беру турасындағы көптен бері көптің көкейінде жүрген үлкен бір істі жүзеге асырып отырған ел Президентіне алғысын жеткізіп, еліміздің ары қарай гүлденіп, өркендей беруін тіледі.

Шараға жиналған көпшілік Дінмұхамед Ахметұлының тау мүсініне қарап, гүл шоқтарын қойып, елі үшін тер төккен тұлғаның еңбегі мен өнегелі істерін тебірене еске алды.

Қуанышты сәттің куәсі болған Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, ҚР білім беру саласының үздігі Жұмабала Балақаранова: «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда көтерген ең үлкен бір мәселесі – Алматы облысын екіге бөлу жайы болды. Облыс үлкен болғандықтан басқаруға да қиындық туғызып келгені рас. Оның бір шетінен екінші бір жағына жетудің өзі қиын. Сол себепті бұл өте бір көрегенді шешім болды деп ойлаймын. Президентіміз Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы да ұсынысты да  бірауыздан қолдады. Ол кісі қандай құрметке де лайық. Еліміз үшін жасап кеткен еңбегі ұшан-теңіз. Қашанда көпшіліктің жадында, ел есінде тұрады. Соның бір дәлелі – бүгінгі шара», — деп пікір білдірді.

Ал отставкадағы полковник, Талдықорған қаласының тұрғыны Қалибек Қалдыбаев: «Мемлекетіміздің іргесін қалаған бірден-бір тұлға – Дінмұхамед Қонаев. Оның қазаққа сіңірген еңбегі зор. Мұны жастар, келер ұрпақ ұмытпай, біліп жүруі керек. Ол үшін мына ескерткіштің астына сіңірген еңбегі, атақ-даңқы, мәртебесі жазылуы тиіс. Өзім бірнеше мәрте Дінмұхамед Ахметұлымен жұмыс бабында кездесіп, көзін көріп, өнегелі сөзін естідім. Басшымын деп бәлсінбей, балаға да, қарияға да қол беріп амандасып, кішілігі мен кісілігін таныта білетін. Әлі күнге дейін сол өнегесін жадымда сақтап,  ұрпағыммен келіп ескерткішіне тағзым етіп тұрамын. Қапшағайды салып жатқан кезде біз жас мамандар едік. Көпірден бастап қаланы тұрғызғанда таңертеңген кешке дейін жүретінін көзбен көрдік. Бүгінде Қапшағайдың Қонаев қаласы аталып жатқанына дән ризамыз. Бұл ұрпақ үшін де өнегелі іс», — деп лебізін арнады.

Алма ЕСЕНБАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕК

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.