Талдықорған: -0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ТАЯУДА ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҮЛЕСІ 72 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ: АССАМБЛЕЯ КЕҢЕСІ

11.12.2020
ТҮПСАНА
ТАЯУДА ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҮЛЕСІ 72 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ: АССАМБЛЕЯ КЕҢЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Таяуда қазақ ұлтының үлесі 72 пайызға жуықтайды. Ал Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында айтылды.

Еліміздің барлық аймағы аталған жиынға онлайн қатысты. Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілген кеңес отырысын ашып, жүргізіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ алқалы жиында бірнеше мәселе қаралатынын жеткізіп, алғашқы мәселе – Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасау үшін сөз кезегін Мемлекеттік хатшы Қырымбек КӨШЕРБАЕВҚА берді.

Баяндамашының айтуынша, күллі әлемді абдыратып тастаған биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы болды. Атап айтсақ, Ұлы Даланың айтулы тұлғалары Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және әлемнің екінші ұстазы саналған әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойлары, ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық белестері аталды. Енді келер жылдың басында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқаны тұр.

– Халқымыздың бірлігін бекемдеп, ынтымағын арттыратын бұл атаулы даталар мен мәдени-саяси шаралар отандастарымызды Тәуелсіздікті нығайтуға жұмылдыруға серпін береді деп сенеміз, – деген Қырымбек Елеуұлы Қазақстан Республикасының көпұлттылық татулықты сақтаудағы тиімді саясатын атап өтті. – Ежелден «бірлік болмай тірлік болмайды» деген сөзді басты бағдар еткен халқымыздың асыл қасиетін ұстанған Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сарабдал саясатының арқасында елімізде этносаралық татулықтың бірегей үлгісін қалыптастырды. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы тағылымы мол, саяси дәстүрді сабақтастырып, ел бірлігін ең басты стратегия ретінде жүргізіп отыр.

Біріншіден «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттық жаңғырудың өзегіне айналуы тиіс. Қазақстандық қоғамды өзгерістерге дайындау индексі өте жоғары. Осы сәт ұлтты ұйыстырудың, сақтаудың, тәрбиелеудің, жаңа формацияға бейімдеудің нағыз уақыты. Екіншіден, ұлттық жаңғырудың басында мемлекеттік тіл мәселесінің тұрғаны рас. Соңғы есептер бойынша әрбір екі апта сайын әлемдегі екі мың тілдің бірі өліп жатады. Тілдің даму эволюциясына назар аударайықшы. Тәуелсіздік алған алғашқы елең-алаң кезеңде қазақ ұлтының саны 39 пайызды құрады. Сөйтіп, біз өз жерімізде тұрып, Ата Заңнан мемлекеттік тілге мәртебе сұрауға мәжбүр болдық емес пе?! Өйткені, ең бірінші тәуелсіздікті сақтау қажет еді. Тіл мәселесін саяси жағынан ушықтырмай, ішкі-сыртқы сілкіністерге жол бермей, кезең-кезеңімен шешіп келдік. Қазір жағдай өзгерді. Бұйырса, жақында халқымыздың саны 19 миллионға, қазақ ұлтының үлесі 72 пайызға жетеді.

Кеңесте қаралған келесі мәселе бойынша алдағы қаңтардың 10-ы күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылатын  9 кандидаттың тізімі таныстырылып, қатысушылардың қолдауына ие болды. Одан соң жарыссөзге шыққан Парламент Мәжілісінің депутаты Шәкір Хахазов, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавхат Исмаилов, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі кезекпен сөз алып, ұсынылған кандидаттарды қолдайтындықтарын жеткізді.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.