Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Өткенге тағзым, тарихтан тағылым

28.10.2017
ТҮПСАНА
Өткенге тағзым, тарихтан тағылым
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазақ тарихы мен мәдениетінің тамыр-тамырын қуалап, қозғаусыз қалған жеріне жан бітіргендей. Сан ғасырлық шежіреміздің шертілмеген тұстарына зер салып, жорамалдаудан алшақтап, нақтылы зерттеуге ден қоя бастағандаймыз. Осыған орай, облыстық Ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі «Сакральді Қазақстан» экспедициясын ұйымдастырған болатын.

Аталмыш экспедиция аясында БАҚ өкілдері және археолог, тарихшылар Ақсу, Сарқан аудандарындағы киелі жерлерге барып, аймақ тарихымен кеңінен танысты.
Ат басын алдымен Ақсу ауданына бұрған экспедиция құрамы сапарын Тамшыбұлақтан бастады. Тылсым табиғаттың тартуындай болған бұл бұлақтың тарихы қызғылықты. Қысы-жазы тоқтаусыз тамшылап тұрар бұлақтың бал нәрі дертке шипа. Онда барған адамдар қасиетіне сеніп дәру іздесе, сырқатынан құлантаза айығатын көрінеді. Елімізді былай қойғанда, бұл орынға шетелден де туристер сәт сайын келіп жатады-мыс. 
Қасиетті орынның жұмбағына қаныққаннан кейін зиялы қауым Қапал қаласында орын тепкен Сара Тастанбекқызының мемориалды музейіне еніп, айтыс патшайымының өмір тарихымен, тұтынған заттары және жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, саңлақ Сара кесенесіне барып, ақынға зиярат етті.
Көлік үнімен тербеліп жатқан күрежол бойындағы Сағабүйен ауылы да тарихтың тұмбасындай көрінді. Аталмыш елді мекеннің солтүстік батысында орналасқан қорғанның ішкі аумағы атшаптырым.  Қорған жайлы Сағабүйен орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Құралай Шаңгереева сыр шертті. Ол: 
– Сағабүйен қорғаны атанған тарихи орын қола дәуіріне жатады. Оған табылған қыш ыдыстары дәлел. Бұл киелі жерлердің картасына енуге лайықты ұлтымыздың мақтан тұтар тарихи орны деп білемін, – десе, археолог Батыржан Сейдомар аталмыш қорған Қараханид кезеңінде қалануы ықтимал деген пікірді алға тартты. Зерттеуді қажет ететін аталмыш қорғанның ішінде әлі күнге дейін қыш ыдыстарының сынықтары шашылып жатыр. Бұл жәдігерлер ауыл балаларының ойыншығына айналған. Еліміздегі өзге қорғандардан кірер есігі бұрышында болуымен ерекшеленген тарихи орынның ақтарылар сыры жетерлік. Тек, арнайы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қорғауға алынса игі еді. Одан кейін тағы бір тарихи орынға ат басын бұрған зиялы қауым  Мамания мектебінің ескі орнына барып, қазақ сахарасында тұңғыш рет ашылған білім шаңырағының тарихымен танысты. 
Экспедиция тобы сапарын келесі күні Сарқан ауданының әкімімен кездесуден бастады. 
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген игі шаралар атқарылып жатыр. Аудан азаматтары туған жерін, өскен өлкесін дамытуға өзіндік үлесін қосуда. Мәселен, бірнеше шаруа қожалығы бірігіп аудан орталығына ардагерлер үйін салуда. Осыған ұқсас 22 жоба жүзеге асырылуда, – деген Сарқан ауданының әкімі Ерғазы Қошанбеков биыл  Сарқан ауданының құрылғанына 90 жыл, Сарқан қаласына 50 жыл толатындығын да атап өтті.
Сарқан ауданына қарасты Қойлық ауылының солтүстік батысында орналасқан Бұдда храмы ортағасырлық жәдігер. Аумағы мен көлемі 30 метр болатын бұл храм мемлекеттің қорғауына алынған. Дегенмен сапар барысында археолог Батыржан Сейдомар тарихи орынды «храм» деп атағанымен, оны ғибадатханамен шатастырып алмау керектігін ескертті. Бұл атау түпкілікті зерттеу нәтижесінде берілмеген көрінеді. Сегіз бөлмеден тұратын тарихи орынның сыры толыққанды ашылып бітпеген деуге болады. 
Қазақ тарихында өзіндік орны бар Қаялық қаласының тарихымен танысу үшін аталмыш елді мекендегі Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің жанынан ашылған музейге ат басын бұрған экспедиция құрамы ежелгі дәуірге енгендей сезімді бастан кешті. Музей қоры бай. ІХ-ХІІІ ғасырлар аралығындағы Қаялық қаласынан табылған жәдігерлер көз қуантарлық. Сан ғасыр өтсе де сыры мен сыны кетіп, түсі оңбаған қыш ыдыстары мен шаруашылық бұйымдар, әшекейлер Қаялық қаласының өркениеттің бір бесігі болғанын аңғартатындай. Бұл жайлы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Әйгерім Қабдрахман толыққанды мәлімет беріп өтті. 
Екі күнге созылған сапар барысында зиялы қауым өздері аралаған тарихи орындардың барлығын да «Киелі жерлердің географиялық картасына» енгізуге  негіз бар екендігін алға тартты. 

 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ,

Ақсу, Сарқан аудандары.

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026
Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

11.02.2026
Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

11.02.2026
Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.