Талдықорған: -4°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«ЗАТАЕВИЧ ЖАЗЫП АЛҒАН»: РЕСЕЙДЕН САРА ТУРАЛЫ ТЫҢ ДЕРЕК ТАБЫЛДЫ

08.03.2020
ТҮПСАНА
"ЗАТАЕВИЧ ЖАЗЫП АЛҒАН": РЕСЕЙДЕН САРА ТУРАЛЫ ТЫҢ ДЕРЕК ТАБЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ілгеріде «Қазақ пен қазан» кітабын шығарғанда «Қазақтың алғашқы журналист қыздары» деген тақырыпты да қамтып едік. Жақында мектепте сабақ беретін бір ініміз хабарласып, 10-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына сол тақырыптың енгені туралы айтып, бір қуантты. Сол алғашқы қарлығаштардың ішіндегі ерекше тұлға Сара Есова болатын.

Сара Сәтбайқызы 1903 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданындағы балықшы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастады. 1919 жылы Орынбордағы әйелдер педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін Қызылорда, Тәшкенде шәкірт тәрбиеледі. Революциядан кейін идеологиялық қызметке ауысты. Оның қызмет жолы билік басына Кеңес өкіметі  келіп, жаңа заманның құрылысы қайнап жатқан уақытпен тұспа-тұс келді. Ауыл-ауылды аралап, жұртшылықты сауаттандыру, әйелдерге құқықтарын түсіндіру, интернат, ашу, мәдени кештер, сенбіліктер ұйымдастыру, осындай жауапты жұмыстарды қаршадай Сараның атқаруына тура келді.

1920 жылдан бастап, Сара Ғани Мұратбаевпен бірге Түркістан комсомолы орталық комитетінің жұмысын жүргізді. Өзінің замандастары Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Мәдина Бегалиева секілді оқыған қазақ қыздарымен бірлесіп, қыз-келіншектер қозғалысына жан бітірді. Соның арқасында тағдыры талауға түскен мыңдаған қазақтың қыз-келіншектері басына бостандық алды, оқу-білімге, өнер-ғылым үйренуге қам жасады.

Сара Сәтбайқызының журналистік қыры да бір төбе. 1922 жылдан бастап Жетісуға қоныс аударып, «Тілші» (қазіргі «Жетісу») газетін шығарғандардың (жауапты хатшы, редактор) бірі болды. Ол кісінің газетте көтерген тақырыптарының басым бөлігі әйел теңдігі, қыз-келіншектердің тағдыры болатын. Осы бағытта Қазақстан өлкелік партия комитетінің әйелдер бөлімінде нұсқаушы бола жүріп, 1925-1932 жылдары «Әйел теңдігі» журналын (кейінгі «Қазақстан әйелдері») шығарды.

Сара оқу-ағарту саласына да серпін берді. Халық ағарту комиссариаты жанындағы саяси ағарту басқармасы бастығының орынбасары, Халық ағарту қызметкерлерінің республикалық кәсіподақ комитетінің төрайымы, ҚазПИ-дің жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Сталиндік репрессия басталған жылдары Сара да сотты болды. Жұбайы Ораз Исаевпен бірге қамауға алынып, тоғыз айдай темір торда отырды. Кейін Надежда Крупскаяның араағайын болуымен абақтыдан босады. Ал жан жары Ораз Исаев ату жазасына кесілді.

Қанқұйлы 30-шы жылдардың соңынан бастап Сара Есова кейінгі өмірін музей ісіне арнады. Алматыдағы Орталық музейдің қарапайым қызметкерінен музей директорына дейін көтерілді. Сол жерден зейнетке шығып, 1984 жылы дүние салды.

Жақында Ресейдегі Ұлттық музыка музейінің электронды қорын ақтарып отырып, Сара Есованың екі грампластинкасы сақталғанын байқадық. Қазақ әндерін жинақтаған Александр Затаевич Сараның орындауындағы бірнеше әнді жаздырып алыпты. Соның бірі – «Дударай» (домбырада сүймелдеген Жүсіпбек Елебеков) мен «Сұрша қыз». 1935 жылы дайындалған дүниелер көзге оттай басылды.

Сара апамыздың әншілік қыры барын бұрыннан білуші едік. Бірақ дауысы сақталғаны олжа болды.

Сара Есова өзі ән салып қана қоймай, әншілерді, өнер адамдарын үнемі қолдап-қуаттап отырды. Әсіресе, Әміре Қашаубаевтың өнерін жоғары бағалады. Әміренің бейітін тауып, басына белгі қойғандардың бірі осы Сара екені айтылып жүр. Сұлу да сырбаз Сара туралы ел арасында жылы әңгімелер көп. С.Есованың шешендігіне Бауыржан Момышұлы жоғары баға берсе, Сәкен Сейфуллин жыр арнаған.

Өкінішке қарай, Сара апамыздың жиған-тергені, жазып қалдырған мол мұрасы әлі толық жинақтала қоймады. Алдағы 2023 жылы Сара Есованың мерейтойы келе жатыр. Сол кезде ескеру керек шығар, бәлкім?!

Серікбол ХАСАН

Қатысты жаңалықтар

Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

12.02.2026
Жырлау үшін келгенмін

Жырлау үшін келгенмін

12.02.2026
Ақын рухы асқақтаған күн

Ақын рухы асқақтаған күн

12.02.2026
Сөреден шыққанымен мәреге жете алмады

Сөреден шыққанымен мәреге жете алмады

12.02.2026
Тарих төріндегі тұлға

Тарих төріндегі тұлға

12.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.