Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Жаңа нұсқа таныстырылды

14.10.2017
ТҮПСАНА
Жаңа нұсқа таныстырылды
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің әрбір тұрғынын ойландырған латын әліпбиіне көшу мәселесі асқан жауапкершілікті талап етеді. Себебі, келешек ұрпақтың күндері арайлы болуына негізделген жаңа әліпби қазақ тілінің тамырын терең жаюына ықпал етері анық. Осыған орай қоғамдық талқылауға тап болып, кемшілігі мен мүмкіндігі айқындалған әліпбидің жаңа нұсқасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына ұсынылды.

Бұған дейін Парламент Мәжілісінде қаралып, қоғам талқысына түскен үлгі диграф арқылы жазылуы тиіс болатын. Яғни, латын әліпбиіндегі қазақы үнді әріптер қосарланған күйде таңбаланады. Алайда барлығы 25 әріптің басын біріктірген нұсқа көпшіліктің сынына ұшырап, қоғамдық пікірге түрткі болуына байланысты жаңа әріптер қайтадан сараланып, қарапайым халыққа ыңғайлы болуы үшін апостофпен – үтір арқылы жасалды. Ақорда таратқан мәліметке қарағанда жаңа әліпбимен танысқан Елбасы қаріп ауыстыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау көрсететінін әрі әліпби өзгертудің қажеттілігін халыққа дұрыс түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.
Жұмыс тобымен кездесуде сөйлеген сөзінде Президент:
– Соңғы күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу жөніндегі идея біз тәуелсіздік алған кезде туындаған болатын. Қазақ жазуының латын әрпіне көшіру мәселесі әрдайым менің айырықша бақылауымнан шыққан емес, – деп аса маңызды қадамның жауапкершілігі ауыр екендігін, әліпбиді ауыстырудың тарихи мән-маңызы басым екендігін ұғындыра кетті. – Әлемнің бірде-бір елі өзінің жаңа алфавитін дәл біздегідей бүкілхалықтық талқылаудан өткізген емес. Өйткені, біз үшін әрбір азаматтың ой-пікірін білу маңызды. Латын әліпбиіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті белсенді түрде қолдағаны қуантады.
Бұдан соң А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының жетекшісі Ерден Қажыбек пен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов атқарған жұмыстарының нәтижесін таныстырып өтті.
– Жалпылай алғанда жасалып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарын қолдаймын. Жобаны жүзеге асыру кезінде әлемдік тәжірибе ескерусіз қалмады. Бұл өте маңызды. Сонымен қатар, қазақ тілінің латын қарпіне ауыстыру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыра беру керектігін ескертем, – деген Нұрсұлтан Әбішұлы бұл бағыттағы реформа еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтірмеуін және азаматтық құқықтың аяққа тапталмауын қадағалауды тапсырды. – Қазақ тілін латын алфавитіне ауыстыру орыстілділердің, орыс тілінің және өзге тілдердің құқына ешқандай кедергі келтірмеуі тиіс. Орыс тілін кирилл қарпімен қолдану өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қолданыста болады. Жаңа әліпбиге ауысу қазақ тілін оқытуды, меңгеруді, үйретуді жеңілдетуі керек.
Осы ұстанымы арқылы Президент латын әліпбиіне көшу ең алдымен қазақ тілінің даму мүмкіндігін арттыру және әлемдік ақпараттық кеңістікке қосылу үшін қажеттігін қайтара еске салды. Шынында бұл бастаманы тоқсаныншы жылдары бастаудың қажеттігін енді сезініп отырғандаймыз. Өйткені, арадағы жылдарда жіберген мүмкіндіктерімізді еселей қайтару мақсаты алдымызда тұр. Сол себепті де Елбасы латын әліпбиіне көшуді ел болып, жұрт болып қолдау қажеттігін айтудай-ақ айтып жатыр. Соған байланысты ендігі үміт мұғалімдер мен жаңа алфавитті білім жүйесіне енгізудің методикалық әдіс-тәсілдерін дайындайтын мамандарда тұрғандығын көкірек көзі ашық адам ұғынатындай етіп түсіндірген Мемлекет басшысы Үкіметке кезеңдік жұмыс жоспарын құруды тапсырды.
Ақорданың сайтына салынған латын әліпбиінің жаңа жобасында 32 әріп бар. Қоғамдық талқылау кезінде түскен ұсыныстарға орай дайындалған әліпбиде қазақ халқына тән ә, ң, ғ, ү, ө әріптері мен и, й, ш, ч, у сияқты ортақ әріптер шекесінен үтірмен белгіленетіні анық көрсетілген. Алғашқы нұсқаға қарағанда біршама икемделген әліпбидің жөні түзеле бастағаны осыдан-ақ анық көрінді. Өйткені, бұған дейінгі диграфпен – қосарланған әріптермен жазылатын нұсқаның басты себебі компьютердің пернетақтасына икемделіп жасалғанын айтқан мамандар әлемдік байланысқа тиімді екендігін де дәлелдемек болған-ды. Алайда оның бәрі бос сылтау екені соңғы күндердегі қоғамдық талқылауда ашық айтылып, қатты сынға ұшырады. Сондықтан ендігі әліпбиіміздегі әріп саны көбейіп отыр. Оның әлі де сараланып, талқылануды талап ететіні белгілі. Осыған орай тіл мамандарының ұсыныстары мен тілектерін назарға алу керектігін ұмытпауды Елбасы ескертті. Осыған қарап, латын әліпбиіндегі қазақ әріптерінің таңбалануын талқылау жалғасатынын түсінуге болады. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген сөздің мағынасы осындай қоғамдық пікірталас кезінде айшықтала түсері анық.
Ендеше, іске сәт! Халық болып қарастырылуы тиіс мәселеден сырт қалмаңыз ағайын!

Мәди АЛЖАНБАЙ.

Қатысты жаңалықтар

«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

«Арасан» шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерге арналған тренинг өтті

10.02.2026
Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

Шекара шебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етілді

10.02.2026
Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

Тіл үйретуде ЖИ-ді пайдалану тиімді

10.02.2026
Қаламгерлер ой додасында

Қаламгерлер ой додасында

10.02.2026
Панфилов ауданында шекара ардагерлерінің жиналысы өтті

Панфилов ауданында шекара ардагерлерінің жиналысы өтті

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.