Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Жаркенттегі жаңа мешіт

05.07.2016
ТҮПСАНА
WhatsAppTelegramFacebook

Күн  мен  түнді,  ай  мен  жылдарды  жөңкілтіп  жетегіне  ертіп  бара  жатқан  тіршілік  көшіне  бір уақ  байыптап  қарар  болсақ, тарих  деген  тағылымы  мол  шежіре  қарт  артына  айшықты  із  қалдырып,  адамзаттың  саналы  пендесінің  есіне  еріксіз  салар  кезеңдер  ескерткіштерін  сомдап  та  кетеді  екен. Кең-байтақ  қазақ  жерінің  әр  тұсында  жүздеген,  мыңдаған  жылдардың  шындығы  мен  көрінісін,  тұрмыс  ерекшеліктерін  бедерлейтін, тасасында  қызықты  тарихи  құпиясы  мол адам  қолымен  жасалған  ескерткіштер  қаншама? Ата-баба  қолымен  сомдалған  сол  ескерткіштер тылсым  үнсіздікпен  аңғартатын  шежіре  сыр  жергілікті  халықтың  кешегісін  кескіндеп,  келешегіне тарихи,  рухани  тіреу  болмақ.

 

Осындай  тарихи  та­ным­дық, айшықты  ескерткіштер  жазиралы Жаркент  өңірінде  де  аз  емес. Олардың  ертеден  барын  екшеп, зерттеп,  ел  игілігіне  айналдыру  қажет. Ел  есінде  қалғанын  қадірлеп, қа­лың  қауымға  насихаттау  шарт. Тарихи  ескерткіштерді  қорғап,  қалпында  сақтау  да  маңызды. Мысалы,  ХІХ  ға­сырда  салынған  Жаркент  ме­шіті (қазіргі  Жаркент  ме­ші­ті көркем-сәулет  мұра­жа­йы) бір  шегесіз ағаштан  құрас­ты­рыл­ған шығыс сәулет өнерінің  қай­­таланбас  ерекше  үлгісі  болып  табылады. Мұндай  та­рихи  ескерткіштер  мемлекет  қорғауына  алынып,  ел  игі­лі­гіне  сақталмақ. Дегенмен  уа­қыт  сынына  төзбеген, сәулет  өнерінің  ерекше  қайталанбас  үлгісі  бола  алмайтын  кейбір  көне  ғимараттардың   орнына заман  талабына  сай  жаңа  құрылыс  жасаудың  әбестігі  жоқ.

Жаркент уезі құрылған (1882 –1890) жылдарда  са­лын­ған  көне  ғимараттар  қа­та­рында «Татар мешіті» де  бар.  Жаркент  қаласының  бел  ортасынан  бой  түзеген  татар  мешіті  Кеңес  үкіметі  ор­на­ған соң ұзақ  уақыт  бойы  қызыл  әскер  казармасы,  ас­тық  қоймасына айналып, түр­лі  мақсаттарда   пай­да­ла­ныл­ды. Өткен  ғасырдың  орта  ше­нінде  бұл  ғимарат  күрделі  жөн­деуден  өткізіліп, «Ор­ле­нок» атты жасөспірімдер  ки­но­театры болды.

Үстіміздегі  ғасырдың  ал­ғашқы  жылдарында  ол  ау­дан­дық  орталық  мешітке  бе­ріліп, жергілікті  кәсіп­кер­лер­дің  қаржылай  қолдауымен  қай­тадан  күрделі  жөндеуден  өткізілді.

Алайда,  осыдан  100  жыл­дан  астам  бұрын  ағаш  бө­ре­нелерден  салынған   мешіт  үйінің  іргесі  отырып,  ағаш­тары  шіріп,  төбесі  қақырап, тозығы  әбден  жеткен  бо­ла­тын. Сондықтан  өңірдегі  дін­дәр­лар  мен  қариялардың  сұрауымен  өткен  жылы көне  мешіт  үйін  жаңарту  мәселесі  көтерілді. Аудан  тұр­ғын­да­ры­ның  осы  өтінішін  жүзеге  асыруды  өңірдегі Тасқын  Жа­пар­құл, Серік  Ақсубаев, Закир  Кузиев сынды  ауқатты кәсіп­керлер  қолға  алып,  өзара  ке­лісіп  қаржы  топтап, өткен  жылдың  тамыз  айында  көне    ғимарат  сүріліп,  жаңа ме­шіт­тің   құрылысы  басталған  болатын.

Жалпы  сыйымдылығы  1500  орынды  еңселі ғима­рат­ты Сәкен  Дәуренбеков  бас­шы­лық  ететін  құ­ры­лыс­шы­лар  бригадасы  салды. Мешіт  жанында 50 бала оқитын  мед­ресе, кітапхана  мен  мұ­ражай, мешітке қарасты 1,5  гектар  аумақта балалардың  спорт  алаңы жасалды.

Биылғы  Наурыз  мере­ке­сінің  қарсаңында  жаңа  мешіт  үйін  салғызушы  Серік  Ақ­су­баев, Тасқын  Жапарқұл  және  Закир  Кузиев  отбасы  мү­ше­лерімен, немерелерімен  келіп  сенбілік  өткізіп, 35  қарағай  көшетін  егіп, құнарлы  топы­рақ  тасып  түсіріп,  болашақ  гүл­зардың  орнын  дайындады.

– «Ел  тілегін  жүзеге  асы­ру – ердің  ісі»  дегенді  әкем  мар­құм  жиі  айтып  отырушы  еді, – дейді, сол сенбілік  сә­тін­де  бізбен  тілдескен  кәсіпкер  Тасқын  Жапарқұл  мырза. – Сенбілікке  қолдарына  тұң­ғыш  рет  күрек  ұстап  тұрған  сәби  немерелеріміз  бен  бала­ларымызды  ертіп  келгеніміз  де  ұлтымыздың  ортақ  іске  бай­ланысты  ұлағаты  жастар­дың  санасына  сәуле  болып  се­бездесе екен деген ниет. Құ­рыш қолды  құрылысшы  аға­ла­рындай  жұмысты  жапырып  тастамаса  да  періште  жан­да­рына  ізгіліктің  нұры  құйы­лып, болашақта  елдік  іске  елгезек азамат болса деген  ті­леу­мен  келдік.

Қазір  аудандық  орталық  мешіттің  жалпы  құрылысы, іші-сыртын  әрлеу  жұмыстары аяқталды. Құтхана  жақында  пайдалануға  берілмекші. Жал­пыға  ортақ  қуанышқа  барша  Жаркент  өңірінің  жұрт­шы­лы­ғы  жиналып,  алыс-жақыннан  құр­метті  қонақтар  да  шақы­рылмақ.

Мырзағали Нұрсейіт

Жаркент  қаласы.

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.