Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ЖУРНАЛИСТЕР САЯХАТҚА ШЫҚТЫ

09.11.2018
ТҮПСАНА
ЖУРНАЛИСТЕР САЯХАТҚА ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімі баспасөз өкілдеріне арнап өлкетану саяхатын ұйымдастырды. Оған журналистермен бірге жергілікті тарихшылар да шақырылды. Жиналған қауымды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момынжан Исламов бастаған қызметкерлер қарсы алды. Ең алдымен ол қонақтарды аталған шараның мазмұнымен қысқаша таныстырып өтті.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұсынғаны бәрімізге үлкен міндеттер жүктеп отыр. Осыған орай елге, жерге деген жаңа көзқарастар қалыптаса бастады. Туған өлкенің қыры мен сырына қанығу – ұлттық тарихқа ден қою деген сөз. Сондықтан, өлкетану саяхатына сіздердің де араласып, куә болғандарыңызды қаладық. Ендеше, туған жер табиғатын бірге тамашалайық, – деді М. Исламов.

Ары қарай өзімізге бөлінген көліктерге отырып жолға шықтық. Алғашқы бағытымыз – атақты Есік көлі. Ол теңіз деңгейінен 1714,5 метр биіктікте жатыр. Тау бөктерімен қиялап өрлеп келеміз. Күз мезгіліне қарамастан табиғаттың бояуы қанық. Өзіндік өрнектермен ерекшеленеді. Мәңгілік жасыл түстен ажырамайтын қарағайлар мен шыршалар көз жауын алады. Оған қайыңдардың алтын жапырақтарын қосыңыз. Ғажап әлемге тап болғандай әсерге бөленесіз.

Көлікте отырған сапарластардың бірі – аудандағы «Елім-ай» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жаңаберген Мұхамедов. Үкіметтік емес бұл ұйым кезінде оралмандарға қол ұшын беру мақсатында құрылыпты. Қазір аудандағы мәдени және әлеуметтік шараларға белсене қатысатын ұжым. Бірталай жасты еңсергеніне қарамастан Жаңаберген ағамыздың қимылы ширақ. «Джиптің» рөлін тізгіндеп келеді. Екінші адам – аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов. Жергілікті баспасөзді басқарғанына ширек ғасырдан асқан. Жасы жетпістің ортасында. Үшінші серіктесіміз – жергілікті қаламгер Шаяхмет Құсайынұлы. Көпті көрген қариялар әдемі әңгімелерімен жолды қысқартып, өлке тарихымен таныстырып отырды.

– Ғалымдар Есік көлін 8-10 мың жылдар шамасы бұрын тау жыныстарының тектоникалық ығысуынан пайда болған деп болжайды. Еріген тау мұздықтары бөгеттерге құйылып, оған қардың, жауынның суы қосылып айдынды көлге айналған. Кезінде Есік көлінің даңқы әлемді шарлады. Бүкілодақ басшылары тұрмақ, шетел Президенттері де талай рет қонақ болыпты. Қазір де сол мәртебесіне қайта оралатын мүмкіндігі бар, – деді олар өз пікірлерін жарыса білдіріп.

Өкініштісі сол, 1963 жылы 7 шілдеде болған алапат тасқын сұлулықты ойрандап кеткен. Сол кездегі сәні мен салтанаты жарасқан демалыс үйлерінің үңірейген орындары көп жайдан хабар беріп тұр. Бүгінгі таңда Есік көлінің көлемі кішірейгенімен, оған келушілердің легі ешқашан толастаған емес.

Әйгілі саяхатшы П. Семенов-Тяньшанский бұл көлді Іле Алатауының інжу-маржанына теңеген екен. Оның растығына тағы бір көз жеткіздік. Егер көрсетілетін қызметтерді заманауи талаптарға сай ретке келтірсе, мұнда туристер санының молая түсуіне мүмкіндіктер көп.

Келесі кезекте саяхатшылар керуені Түрген шатқалына атбасын бұрды. Үлкен сайдың екі жағы жасыл желекпен көмкерілген. Оның арасында не жоқ дейсіз?! Қылқан жапырақты ағаштарымен бірге, жабайы өскен жемістердің түр-түрі кездеседі. Табиғаттың өзі жомарт қолымен қыруар байлықты осы араға төгіп тастаған сияқты.

Біз мұнда киелі бұлақты кездестірдік. Қайнардың түбі тұп-тұнық, айнадай жарқырайды.

– Қанеки, бері келіңдер. Ыдыспен іліп ал да сіміріп жібер. Денеңді сергітіп, бойыңа қуат береді, – дейді осы өңірдің тумасы, зейнеткер ұстаз Нұр Малбеков ағамыз.

Бұлақ басындағы ақ шүберектер байланған ағашқа көзіміз түсті. Жергілікті халық бұл орынды кие тұтқан. Тіпті, ел ішінде жүрген мынандай бір аңыздарға да құлақ түрдік. «Ертеде ауруына ем іздеген шал мен кемпір осы бұлақтың басына келіп түнейді. Суына шомылған кейуана таңертең оянып таңғалыпты. Науқасынан жазылмақ тұрмақ, мүлдем жасарып кеткен. Шалы да ауруынан құлан таза айығыпты». Бүгінгі таңда да киелі бұлақтың қасиетіне сенетіндер аз емес.

Бұдан кейінгі сапар бағыты сақ қорғандарына қарай бұрылды. «Алтын адам» табылған аймақтың әр қыртысы тарих. Көне жәдігерлерге бай. Сондықтан археологиялық қазба жұмыстары ешқашан тоқтап көрген жоқ. Бұл аумақ Есіктен Талғарға шығатын тас жолдың бойында. Аудан орталығынан 5 шақырым қашықтықта. Ол жерден қарасаңыз шығыстан батысқа қарай созылған ежелгі үш қамалдың орны байқалады. Жәдігерлердің көлемі әртүрлі болғанымен құрылысы мен құрылымдары бірдей.

Археологтар қазба жұмыстарының қолда бар деректеріне сүйене отырып, бұл маңда сақ дәуірінің үлкен орталығы болғанын болжайды. Сонымен қатар, Есік қорғандарының жасалу уақытымен сәйкес келетін мәдени қабатты да тапқан. Осының бәрі келушілерді, көрушілерді өзіне тартып қызықтыра түседі.

Өлкетану саяхатын қорытындылайтын нүкте «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі болды. Аталған музей 2011 жылы пайдалануға берілді. Мұндағы жәдігерлердің саны 3000-нан асады. Өзіндік мүмкіндіктері бар ғылыми орталыққа айналды. Алыс-жақын шетелдермен әріптестік байланыстар орнады.

Ұлы Жібек жолының бойындағы қорық-музей мәдени туризмді дамытуға ықпал ететін маңызды нысандардың қатарында. 80-нен астам қорғандар, «Рахат», «Өрікті» және «Талғар» сынды ежелгі қалашықтар орны қазір музейдің қарауында.

— Бүгінгі таңда біз шетелдік әріптестермен бірігіп жұмыс істеудеміз. Олар беймәлім болып келген жұмбақтардың жауабын іздеуде. Мәселен, «Алтын адамның» әшекейлеріндегі жазуды дүниежүзі ғалымдарының ішінде әлі ешкім оқи алмайды. Осы құпияларды ашатын жәдігерлер табылса деп үміттенеміз. Жоғарыда аталған қорымдарды көздің қарашығындай сақтау керек дейтініміз сондықтан. «Алтын адамды» өз қолымен табыттан шығарған атақты археолог Бекен Нұрмұханбетов атамыз өмірінің соңына дейін осы музейде, бізбен бірге қызмет істеді. Тәлімін көрдік. Тәрбиесін алдық. Өз ұлтын жанындай сүйген ондай адам өте сирек. Сондықтан атамыздың жұмыс бөлмесін мәңгілік өзіне қалдырдық. Ол да музейге қосылып, құнды жәдігерге айналды. Мінеки, бір күннің өзінде-ақ сіздер талай нәрсеге қанықтыңыздар. Өлкетану саяхаты мұнымен шектелмейді. Оның жалғасы әлі алда. Өйткені, бай өлкенің қыры мен сыры бәрібір келушілерді қызықтырмай қоймайды, – деді музей қызметкері Досым Зікірия.

Естіген-білгенімізді көзбен көріп, көңілге түйдік. Әлемді кезіп, дүниенің төрт бұрышын түгендеген дұрыс. Алайда өз өлкеңді іздеп, атамекеніңді таныған одан да жақсы. Алыс-жақын ағайынға шежіреңді шертіп, тарихыңды айтып отырсаң қандай ғанибет! Ол – бабалар рухы алдындағы бір парызың. Өлкетану саяхатынан біз осындай оймен оралдық.

Болат МӘЖИТ,

«Жетісу»

Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.