Талдықорған: -4°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Жыр айдыны шалқыды

13.02.2017
ТҮПСАНА
Жыр айдыны шалқыды
WhatsAppTelegramFacebook

Поэзия атты ұлы мұхитқа Хантәңірі мен Алатаудан арындап аққан қос өзен құйды. Таңдайда дәмі қалар мөлдір сулар талайдың сусынын қандырып, жанын жадыратты. Тегінде суды жырдың баламасы ретінде алсақ айыбы жоқ шығар. Өйткені ол тіршіліктің көзі болса, қазақ жанына рухани күш, өміріне серпін берер өлең емес пе? Осы бір халықтың басты байлығын бақытына балап, тағдырына арқау еткен ақиық ақын Мұқағали мен Есілдей есіп аққан Есенқұл ақын ел жүрегінде. Оған дәлел, қазақ баспасөзінің атасы саналар «Жетісу» газетінің ұйымдастыруымен өткен «Егіз қалам, бір ғалам» атты рухани кеш.

Аталмыш игі шара мұзарт таудың мұзбалақ ақыны өмірге келген күні облыс орталығындағы «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында орналасқан Мұқағали Мақатаев бюстіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Оған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінің ұстаздары мен студенттері, Жетісу жерінде құрылған «Тамшыбұлақ» әдеби бірлестігінің мүшелері және қаламгерлер қатысты. Баба рухына құрмет көрсету мақсатында жасалған рәсім барысында зиялы қауым ақынның жырын оқып, естеліктерімен бөлісті.    
Одан кейін ақынын құрметтеп, қара өлеңнің қасиетін түсінген қауым Журналистер үйінде өткен «Егіз қалам, бір ғалам» рухани кешін тамашалады. Жан жадыратқан игі шараның алғашқы сөзі Қазақстанның Құрметті журналисі, Жазушылар одағының мүшесі, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрінге берілді.
–  Қазақ қара өлеңді қадір тұтады, қасиетін ұғынады. Осындай парасатты да қайсар елдің поэзиясын өрістеткен өршіл ақындарды қазақ баспасөзінің атасы саналған айдынды газетте руханият үшін қызмет етіп келе жатқан біз ұйымдастырмағанда, кім ұйымдастырады?! Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ғана емес, жақұт жырлардың иесі, ұлттық поэзияның көркемдік көкжиегін жаңа биікке көтере білген Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары,  Ғалым Жайлыбайдың да туған күні, – деп ақынға тән асқақ рухпен тебірене сөйлеген ол, поэзиялық кештің шымылдығын ашып берді.
Одан соң облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы бастаған Еңлік Кенебаева, Құралбек Сәбитов, Асыл Сұлтанғазы, Айдар Қалиев сынды  журналистер мен ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер Данияр Құрамысов мұзбалақ ақынның жырын оқып, әндерін әуелетті. «Жас өмір, саған өкпем жоқ», – деп жалындаған кезеңін руханият арнасына бұрып, «Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде, ұйқыдағы сәбидің келбетіне» деген тебіреніспен сәбилік шаққа, ғазиз анаға деген сағынышын өрнектеген, махаббаттан басталған поэзия жолында «Жырласам ба екен» деп толғанып, текті жұртына жырдан тұмар тағып, ең соңында «Пай, пай – өмір, өтесің-ау, бір күні» деп тағдырмен қоштасқан ғажайып ақынға деген мәңгілік сағынышты өнерімен жеткізген олар, көрерменнің жүрегін тебірентіп, кейбір қаламгердің көзіне жас үйірді. 
Есенқұл Жақыпбеков өзінің  «Туу туралы куәлік» атты өлеңінде:
Өлер деп көздің жасын 
        сан ағызған,
Өмірге қайта кепті 
               жаңа бір жан.
Бір күнге мен осылай 
            кеш туыппын,
Мұзбалақ Мұқағали                   ағамыздан, – 
деп жырлаған болатын. Жалпы, туған күні ғана емес, өлеңдері де сабақтасып, үндесіп жатқан ақындар ғой Мұқаң мен Есенқұл аға. Сондықтан да, тал түс болып саналар алпысында есіл ғұмырымен қоштасып, есті жырын еліне қалдырған Есенқұл оқулары былтыр «Жетісу» газетінде басталған еді. Сол игі бастаманы ары қарай жалғап, дәстүрлі өткізу мақсатында игі шараның келесі бөлімінде Есенқұл Жақыпбековтың әндері мен жырларына кезек берілді. «Көк шыққанға бір қуанып, шөп шыққанға бір қуанып», «зырғып аққан» өмірін текті жұрттың қасиетті қара өлеңіне арнаған, өзі де жырға, сағынышқа айналған есіл ақынның парасатты пайымынан туындаған, шынайы сезімінен өрілген өршіл туындылары да талай жүректі тулатып, көрерменнің көңілін толқытты. Жаңа форматта өткен рухани шара шын мәнінде қос ақынға деген сағынышты еселеп, алыстаған сайын асқақтай түскен таулардың бауырында бір демалып қайтқандай күйге түсірді.
Бірі Хантәңірі сынды асқақ, бірі Алатау сынды арда тауға  қарап талаптанып, ақырында заңғар тұлғаға айналған қос ақынға арналған игі шара соңында Есенқұлмен өмірде жан жолдас, сырлас, мұңдас, өнерде де қанаттас бауыр болған белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым мен журналистік әлемге Мұқағалидың өлеңімен еніп, Есенқұл ағамен ең соңғы тілдескен журналист Жұмахмет Жайлаубаев және сатирик Тұрлыхан Кәрім естеліктер айтып, қос шайырдың адамгершілік, ақындық қасиеттеріне тоқталып, дара болмысы мен шынайы таланты және шығармашылығы жайлы әңгіме өрбітті. 

Өз тілшіміз.

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.