Талдықорған: -3°C
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жердей жер болмас

26.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Туған жердей жер болмас
WhatsAppTelegramFacebook

Туған өлкем – жүрегімнің бір бөлшегі. Оның бүгінгі тынысы мен ертеңгі келбеті мені әрдайым толғандырады. Сондықтан «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық байқауына ұсынған жобамды «Ертеңгі менің өлкем: болашақ» деп атадым. Бұл – қиялым ғана емес, туған жеріме деген шынайы жанашырлығымның көрінісі.

Жобамның өзегінде – экологиялық таза, заманауи әрі ұлттық болмысты сақтаған шағын қала үлгісі тұр. Суреттегі макетте мен болашақ өлкемнің басты нысандарын бейнеледім. Күн панельдері орнатылған ғимараттар – жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдаланудың белгісі. Ал биік жел диірмені – табиғатпен үйлесімде дамудың символы. Меніңше, болашақта әрбір аймақ өз энергиясын өзі өндіріп, қоршаған ортаға зиян келтірмей өмір сүруі тиіс.

Ғимараттардың сыртқы безендірілуінде ұлттық ою-өрнектерді қолдандым. Себебі технология қаншалықты дамыса да, біз өз құндылығымызды ұмытпауымыз керек. Болашақ ме- кен – заманауи әрі рухани құндылықтарға бай өлке. Мұнда кең, жарық, қауіпсіз көшелер, жасыл желекке толы аулалар бар. Көшедегі көліктер рет- ретімен қозғалып, тәртіп пен мәдениеттің үлгісін көрсетеді.

Макеттегі кішкентай үй мен жасыл аймақ – отбасылық құндылық пен табиғатқа жанашырлықтың белгісі. Мен болашақта адамдар тек технологияға емес, бір-біріне жақын, табиғатқа қамқор болуын қалаймын. Таза ауа, сұрыпталған қоқыс жәшіктері, көгалдандырылған алаңдар мұның бәрі өлкемнің ертеңгі келбеті.

Бұл жобаны жасау барысында туған жерімнің мүмкіндігін, оның даму бағытын ой елегінен өткіздім. Әр бөлшекті орналастырғанда «Елім үшін не істей аламын?» деген сұраққа жауап іздедім. Менің шағын Отаным – үлкен арманның бастауы. Егер біз бүгіннен бастап табиғатты қорғап, білімге ұмтылып, жаңашылдыққа ашық болсақ, ертеңгі Қазақстан бұдан да қуатты болары анық.

Жарас ШЕРҒАЛИ,
10 «А» сынып оқушысы

Қатысты жаңалықтар

Көксу ауданында 7 отбасы баспаналы болды

Көксу ауданында 7 отбасы баспаналы болды

26.02.2026
Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім тірегі

Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім тірегі

26.02.2026
Жалынды жастар өркендеу мен өрістеуді қолдайды

Жалынды жастар өркендеу мен өрістеуді қолдайды

26.02.2026
Жұлдызың жансын, Жақсылық!

Жұлдызың жансын, Жақсылық!

26.02.2026
Сұлулықты бояумен сөйлеткен келеді

Сұлулықты бояумен сөйлеткен келеді

26.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.