Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

«ҚАЙТАРЫП БЕРІҢІЗШІ»: БАЛАСЫНАН АНА БЕЗБЕСЕ ЕКЕН

02.11.2019
ҰЛТ ҰЯТЫ
"ҚАЙТАРЫП БЕРІҢІЗШІ": БАЛАСЫНАН АНА БЕЗБЕСЕ ЕКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Теледидардан «шарана қоқыстан табылды» деген жаңалықты естігенде Башира апай: «О, тоба! Адамдардың пейілі тарылып кеткен екен. Байғұс қызылшақа сәбидің не кінәсі бар? Осындай сәбиге зар болып, әулие аралап кеткендер қаншама?!» – деп күңіренді. Ұлы мен келінінің ортасында немересін бағып, қарапайым ғана өмір кешіп жатқан Түймебаев ауылының тұрғыны Башира Шайыхқызының кезінде талай жетімге пана болып, көптеген адамның алғысын алғанын бірі білсе, бірі білмейді.

«Иә, ол кез жадымда мәңгі жаңғырып тұрады, – деп еске алады Башира апай. – 1986-1993 жылдары Арыс қаласындағы халыққа білім беру бөлімінің қорғаншылық-қамқорлық органында қызмет атқардым. Жұмысым перзентханада туылып, анасы бас тартқан сәбилерді баласы жоқ отбасыларға орналастыру болатын.

Ол кезде мұндай жұмыстың барлығы жасырын түрде жүргізілетін. Баласынан бас тартқан адамның аты-жөнін түстеп жатпайтын».

Башира апай алдында отырған немересіне тамақ беріп жатып, әңгімесін ары қарай жалғады. «Ауылымызда Бибіхан есімді апай болатын. Жасы қырықтан асқанда бір кісімен бас қосқан соң бала асырап алуды ойлады. Сол оймен маған келді.

– Шырағым, маған бір балаңды бер. Ұл демеймін, қыз демеймін. Туғанымнан артық асырап өсіремін, – деді.

– Апай, мен сіздің қандай адам екеніңізді білемін. Маған салсаңыз, қазір-ақ бір баланы қолыңызға тапсыруға дайынмын. Бірақ жұмыстың аты – жұмыс. Сіздің алдыңызда перзент тілеп келіп жүрген талай отбасы бар. Мен сізді кезекке қояйын. Кезегіңіз келгенде өзім хабарын айтамын. Бұйырған баланы аласыз, – дедім шын пейіл танытып.

– Жо-жоқ, айналайын, асықтырмаймын. Қанша күт десең, сонша күтемін, – деп Бибіхан апай қала берді. Ол кездері баласынан бас тартатындар өте сирек еді. Сондықтан кезек те баяу жылжитын. Үш-төрт айда бір ғана отбасы аңсаған баласын қолына алатын.

Арада екі аптадай уақыт өтті. Бір күні Бибіхан апай келді. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетін оқып отырса, бір хабарландыруға көзі түседі. Хабарландырудың мәтіні былай екен: «Бір жігіттен алданып қалдым. Менің аяғым ауыр. Әке-шешем мұнымды білген соң, «ішіңдегіңнен құтылмасаң, кіргізбейміз» деп үйден қуып шықты. Енді барар жер, басар тауым жоқ. Баламды туған соң асырайтын жақсы отбасы іздеймін». Мұны оқыған Бибіхан апай дереу газет редакциясына «Бала асырап алғым келеді» деген мазмұнда хат жолдайды. Апайдың хаты жариялана салысымен-ақ, газетке «менің баламды ал, менікін ал» дегендер ағыла бастайды.

Бір күні жұмыста отырғанда кеңсеме біреулер кіріп келді. Басымды көтеріп қарасам, Бибіхан апай. Қасында қарны шермиіп тұрған жас келіншек. Сөйтсем газетке хат жолдап, ішіндегі баласына отбасы іздеп жүрген осы келіншек екен. Сонау Түркістаннан Арысқа бала асырап алғысы келген Бибіхан апайды іздеп келіпті. Содан апай не істерін білмей маған әкеліпті. Мен дағдарып қалдым. Кейіннен әлгі келіншекті бір отбасымен таныстырдым. Ол босанғаннан кейін баласын сол отбасыға беріп Түркістанға қайтып кетті. Арада 15 шақты күн өтті. Кеңсеме кірсем, жаңағы келіншек отыр екен. Таңғалып қалдым. Ол біраз қипақтап отырды да:

– Мені әке-шешем кешіріп, үйге қайта кіргізді. «Балаңды алып кел, ата-әжесінің қолында өссін» деп жатыр. Маған баламды қайтарып беріңізші, – деді. Менің тілім байланып қалғандай қаттым да қалдым. Адам осыншалықты бейсауат бола ма екен деген ойға келдім.

– Өзіңіз қызық екенсіз. Бұдан 10 күн бұрын құжаттар тіркеліп, мұрағатқа жіберіліп қойды. Ол баланың енді заңды отбасы бар. Мен сізге қалай қайтарып беремін? – дедім наразылығымды білдіріп. Байғұс әйел жылап жіберді. Басында өз баласынан өзі безген соң енді жылағанмен не қайыр?! Көлікке отырғызып жібердім. Жылаған күйі үйіне қайтты. Ал Бибіхан апай болса, өзінің туысқан сіңлісінің баласын бауырына басты», – деп оқиғасын аяқтады Башира апай.

Әңгімесінің соңында көңілінде жүрген түйткілді ойынан сыр шертті: «Кейбір жастар сабырлылық, ұстамдылық, кеңпейілділіктен ада болып барады. Әйел жүкті кезінде жақсы ой ойлап, қызғану мен көреалмаушылықтан аулақ жүрсе, аз сөйлеп, көп іс тындырса, тапқан баласының мінезі де өте жайлы, мейірбан болады. Ондай бала ертең ата-анасы қартайғанда асырайды. Қазіргілер шыр етіп туғаннан қолына телефон ұстайды. Сол зиянкестен қажетсіз нәрсені көріп бұзылады. Әркімге бір еліктеп жүріп, гүл өмірін қор қылады. Әке-шешені тыңдаудан да қалады. Медицинада: «Дені сау анадан – дені сау ұрпақ туады», – дейді. Сол сияқты ана баланы мінезімен қоса туады. Сондықтан жеңілтектіктен тыйылып, тектілігімізді жоғалтпайық», — деді.

Өмірден көрген-түйгені мол Башира апайдың бұл сөздері көпке үлгі болар деймін.

Рабиға ПАТТА

Іле ауданы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.