Талдықорған: +13°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

АНАҒА ҚАМҚОР, БАЛАҒА ПАНА БОЛАЙЫҚ

27.11.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
АНАҒА ҚАМҚОР, БАЛАҒА ПАНА БОЛАЙЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміздің бас иеріміз хақ. Ана – өмір нәрі, тіршілік тірегі. Барлық жақсылық атаулы әйел бойынан тарайды. Ана болудың өзі – Жаратқанның үлкен сыйы. Сондықтан да ата-бабаларымыз қыздарды кішкентай күнінен болашақ өмірге баулыған. Қыз тәрбиесіне ауыл-аймақ болып атсалысып, дұрыс жүріп-тұруына, жаман атын шығармауына ұйытқы болған. Қыз абыройы бүкіл елдің намысы саналған. Болашақта бір үйдің түтінін түтетіп, берекесін кіргізетін, ұрпағын өргізетін әйел-ана болғандықтан соған лайық өсуіне мейлінше көңіл бөлген. Даналығымен, даралығымен тарихта аты қалған аналарымыз қаншама?! Қазіргі қыздарымыз осы аналардың жолын жалғай алып жатыр ма?

Олай деп ой топшылауымызға қыздарымыздың бүгінгі жағдайы себеп болып тұр. Кешегі ар мен ұятты бірінші орынға қойған ақ жаулықты аналарымыздың жалғасы ізет, иба, имандылық дегенді сыпырып тастап, неге көше жағалап жүр? Сол аналар өмірге әкелген сәбилер тумай жатып тағдыр тауқыметін көріп, не себепті дәретхана мен қоқыс арасынан табылуда? Жетімдер үйін паналап жүргендері қаншама?! Ертең осы тауқыметті көріп өскен бала кімге жарық дүние сыйладың деп дала гүлдерін жинайтыны белгісіз болып тұр-ау…

Иә, бойжеткен мен бозбаланың есейе келе ұнату сезімін бастан өткеретіні – табиғи заңдылық. Әлі пісіп-жетілмеген әлсіз сезімнің жетегінде кететін қыз бен жігіт «әй, дейтін әже, қой, дейтін қожаның жоқтығынан», бәлкім, тәрбие діңінің әлсіздігінен, болашақ жауапкершілікті жете сезінбегендіктен ессіз әрекеттерге барады. Оның соңы болашақ ананың тағдыры бүлініп, некесіз өмірге келген баланың тірі жетім атануына әкеліп соғады. Осылайша жайқалып өскен гүл құлпырып қауызын жармастан тапталып жерде қалады. Ал олардың қанынан тараған қаракөз балапандардың «ұшарын жел, қонарын сай біліп», шетел асып кетіп жатқандары қаншама?!

«Таяқтың екі ұшы бар» демекші, соның бір ұшы орта жастан өтіп, ақсақалдық жасқа жеткен бізге де тиюде. Жер жаннаты Жетісудың кіндік қаласы Талдықорғанда да осындай келеңсіз жайттардың орын алуы жанымызға аяздай батады. Статистикаға сүйенсек, облысымыздың колледждерінде оқитын 327 қыздың тағдыры ерте жүктілік салдарынан бұзылып отыр. Жаза баспағанда осы қыздарымыздың бір шаңыраққа келін болып, егізден, сегізден ұлағатты ұл, қылықты қыз әкеліп, қаншама әулеттің түтінінің түзу шығатынына куә болар едік-ау! Осындайда «Қыздың орны төр», «Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпаған» ел екенімізді еске түсіріп, нәзік жандыларға қол ұшын беретін қазақы даналығымыз бен саналылығымызға салатын уақыттың келгенін түйсінуіміз керек.

Бір-бір әулеттің ұрпағын жалғастырушысы, қоғамға қомақты үлесін қосатын, керек болса, ертең ел іргесінің тізгінін ұстайтын ұлтымыздың ұтқыр азаматтарын өмірге әкелетін сол қыздарымызға қолдау көрсету біздің азаматтық парызымыз. Осыны «әншейінде ауыз жаппас», қажымас қара нар ағалар неге қолға алмасқа?

Сәбиді дүниеге әкелу оңай болса, шетелдік азаматтар сонау мұхит елінің ар жағындағы алпауыт мемлекеттерден келіп, туа кемістігі бар балаларымызды сол мініне қарамастан асырап алмаушы еді. Шетелдік атаанасы Теодор деп жаңа есім берген кешегі қаракөз Марат Қазақстанда туып, бүгінде Америкада тәрбиеленуде, неге?

Қаншама осындай қара домалақтарымыз тағдыр тауқыметінен бе, жоқ әлде, әлеуметтік жағдайдың төмендігінен бе, өз елінен жыраққа кетуде. Әрине, көңіліңе өкініш орнайды. Әйтеуір аман-есендігіне шүкір дейсің. Ал қаншама шақалақтар мына жарық дүниенің есігін ашпай, иісін сезбей, дәмін татпай анасының қорқынышымен бірге ана дүниеге аттануда. Қыздарымызға төрден ұсынған орын қайда қалды? Кісілікті айтып жүргенде кішілікті жоғалтып алдық па? Осылай жалғаса берсе қаншама гүлдің өмірі қыршыннан қиыларын кім білсін?!

Қыздардың осындай күйге түсуіне ер-азаматтар кінәлі екені сөзсіз. Бойжетіп келе жатқан жас өскінді жұлып алуға асығады. Оның нәзік те жіңішке жолының не боларына ой жіберіп жатпайды. Отбасында да қызды кешегі тектілік жолымызбен тәрбиелеп, «қырық үйден тыйым» жасап жатқанымыз жоқ. Барлық нәрсеге қолжетімді, еркіндік берілген ашық қоғамда өмір сүрудеміз. Белгілі бір шектеу болғанмен түбегейлі тыйым жоқ. Бұл жастардың әр нәрсеге қызығып, соны жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Бір-біріне ынтыққан жас басында бақыттан бастары айналып, бірге өткізген сәттеріне риза болып, құштарлық, ынтызарлықпен күн кешеді. Өрімдей қыз бойыма бала бітеді-ау деп ойланбайды. Ұрық-баланың пайда болғанын білген кезден бастап, екеудің арасында суық сызат пайда болады.

Әкесымақ жауапкершілікті мойнына алудың орнына қыздан қаша бастайды. Енді сол ыстық сезімнен «қорқыныш пен мақлұқты» көргендей жеріп, тіпті кездессе «тез арада құрт, біз әлі жаспыз, менімен болғың келсе сол ұйыған қаннан құтыл» деген талаптар қоятынын қайтерсің?! Қыз байғұс махаббаттың құдіретті күшіне сеніп, әлі талай балам болар деген үмітпен түсік жасатуға барып, қателікке бой алдырып жатады. Жүкті болғанын біліп, қорқыныш пен үрей бойын билеген қыздың алғашқы ана болудағы кеудесін мұң басып, пәк сезіміне құм құйылған күйі:«Бұл жағдайды ата- анама, туыстарыма, достарыма қалай айтамын? Баланы әкесіз қалай өсіремін? Ертең өскенде тегін сұраса, не істеймін? Осы сынды талай сұрақтың жауабын таппай тығырыққа тірелері анық. Өмірдің алғашқы соққысынан жол таба алмай, қиналған бойжеткендердің кейбірі оны жамандықпен жеңетін суицидке де бой алдыруда. Мұндай қыздардың қатары да көбейе түсуде.

Өзінің ерік-жігерінің мықтылығымен қорқынышқа қарсы тұрып, тәуекелге белін буып, баласына жарық дүние сыйлап, перзентханадан бөбегін құшақтап шығып, баратын жер, басатын тау іздеген қыздарымыз да баршылық. «Желден басқа тимеген, күннен басқа сүймеген» қызының аяғы ауырлап, балалы болғанын естіген ата-ана оны шіріген жұмыртқаға теңеп, ел алдындағы абыройын немересінен жоғары қойып, өз баласын сыртқа тебетіні – өмірдің ащы шындығы.

Алданған қыздың жүрегі қан жылап жараланған, намысы тапталған кезде «Ішіме сыйған бала сыртыма да сыяды» деп құндақтаулы сәбиін көтеріп алып паналайтын жер іздейді. Міне, осындайда қыздарымызға жанжақты психологиялық, медициналық көмек көрсетіп, аяғынан тік тұрып кеткенше көмек көрсететін орталық керек. Қыздардың жастықпен жасаған қателігіне үйреншікті нәрседей бейқам қарап жүре бермей, салғырттықтан арылып, ұлт жанашыры ретінде «Ана мен бала» орталығын ашуға атсалысайық. Облыс орталығында «Бөбектер», «Айналайын» балалар үйінің бар екені баршамызға мәлім. Жоғарыда айтылған жайттарды ескере отырып, панасыз қалған қыздарға «Ана мен бала» үйі есігін айқара ашса деген тілегіміз бар. Сонда кеткеніміз келіп, кемтігіміз толып, өшкеніміз жанып, солғанымыз жайқалар еді.

ДАНАЛЫҚ

Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.
Қыздың ұяты шешеге.
Қызды асырап білмеген күң етер,
Жібекті түте алмаған жүн етер.
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
Қызда қырық көліктік бақыт бар.
Ақ жаулығы ананың – Ақ көрпесі баланың

Қыздарымыздың жолдан ерте жаңылуы құптарлық жайт емес. Алайда, жаза басып, тығырыққа тірелген ұрпағымыздың ары қарайғы тағдырының дұрыс өріліп кетуі біз бен сізге сын. Ең бірінші жауапкершілік атаанада. Әке-шеше жастайынан қыз бен ұлдың санасына ата-ана болудың құндылығын, жаза басудың соңы өкініш пен мұң боларын жақсылап тоқыса мұндай жайттар орын алмас па еді. Ал орын алды екен одан шығар жолды іздеу керек. Осы кезде ата-ана да, жігіт те қыздан теріс айналып, қатал сынақ ортасында қалдырады. Мұндайда «Ей, қатыгездік, қайдан келдің? Мейірімділікті қайдан табамын?» деп жаның қиналмай ма?

Бәріміз теріс айналсақ, кім қорғайды жәудірген қызыңды, кім жүгендейді ессіз кеткен ұлыңды?! Осы сұрақты саған, оған, сізге, бізге қойғым келеді. Ұят болады дейтін тәрбиеміз қайда? Ұрпағымызды өзекке теппейтін тектілігіміз қайда кетті? Кім ұрлады? Рухани қалай жаңғырып, жаңарамыз? Онсыз да аз ұлтпыз, қыздарымызды табалдырықтан телміртпей, төрден көруге жазсын. Ұлдарымызды ұлағатты, қыздарымызды қылықты қылып өсірген елміз. Ендеше, жастық желігін баса алмай, мастыққа алданған әкесымақтарды жөнге салатын, алимент төлеуден қашып, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүрген жүгенсіз көкек еркектерді ноқталайтын кез келді.

Сын айту оңай, одан қорытынды шығару қиын. Сыпыру оңай, қайта жасау қиын. Сондықтан ауылдың үлкендері атқамінерлерімен АНАҒА ҚАМҚОР, БАЛАҒА ПАНА БОЛАЙЫҚ ақылдасып, осы мәселені шешетін мерзім жетті.

«Жұмақтың кілті ананың табанының астында» деген тәмсілдің сенің не менің анама ғана емес, барша әйел затына қарата айтылғаны хақ. Олай болса ұрпағымыздың алаңсыз өсіптәрбиеленуіне сеп болатын «Ана мен баланы бейімдеу орталығын» ашып, қыз баланың қайырылған қанатын жазып, қол ұшын берейік. Данышпандық тауына шығаратын алғашқы баспалдақ – талант екен. Қыздарымыз дүниеге әкелетін дарынды балалардың қадамына демеу болайық. Соның бірі – сіз бен біз екеніне сенімдімін. Сұрақты сырттан іздемей, оның жауабы өзіміздің жүрегімізде, қайырымдылғымыз бен мейірімділігімізде жатқанын ұмытпағанымыз жөн болар. Сол қыздарымыз тербеткен бесік ертең елді тербетеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед [с.ғ.с]: «Қызды балам емес деген менің үмбетім емес, қызды ұядан ажыратуға болмайды», – деген екен. Сондықтан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілетіндей» қазіргі заманауи ұяға бейімдейік. Желкілдеген жеткіншектеріміз ертең-ақ «ұшырдың баптап ұядан, кетпейсің ойдан, қиялдан» деп аға-буынға ризашылығын білдіреді. Бәлкім, осындай мүмкіндік туғызсақ адасқан жастарымыз табысып, жігіттер өсіп келе жатқан періштелерін көріп, әкелік сезімі оянып, жұптарымен қосылар. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» демеуші ме еді?

Міне, осындай сауапты істі мұсылмандық парызымыз деп санап, атсалыссақ – мойнымыздағы үлкен бір жүкті жеңілдетер едік. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген дана халқымыз. Қыздарымызға, аналарымызға, ұрпағымызға мейірімділігіміз бен қайырымдылығымызды танытайық, ағайын!

P.S: Бұл бастамаға қатысты ой-пікір, ұсынысын білдіремін, осы іске қол ұшын созамын деген ниеттес, тілектес адамдар болса, менің ватцап нөміріме 8 701 566 21 66 хабарласып, tkzm@ mail.ru электронды адресіне хат жолдауларыңызға болады.

Мықтыбек РАХЫМБЕК,
Талдықорған заң колледжінің директоры, облыстық ардагерлер ұйымының Президиум мүшесі

 

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.