Талдықорған: -1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ОН ШАҚТЫ КҮН ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫРҒАН АУЫЛ БАР

13.03.2021
ҰЛТ ҰЯТЫ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ОН ШАҚТЫ КҮН ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫРҒАН АУЫЛ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Қарасай ауданында тоғыз күннен бері жарықсыз отырған тұрғындар наразылық білдірді. Жеке кәсіпкерге ақшасын уақытында берсек те, электр желісінен ажыратып тастады дейді олар. Осының кесірінен үй іші азынап, берекесі қашқан. «Жетісу» газеті zakon.kz сайты мен «Еуразия» бірінші арнасы шығарған материалды қаз-қалпында ұсынып отыр.

«Светімізді біріне-бірі қарыз болғаннан өшіріп тастап, екі ортада халық қиналып, оның қарызын бізге төлетпекші,» — дейді тұрғындар.

Кемертоған ауылындағы «Саяжай» кооперативі тұрғындарының алды мұнда 2019 жылы көшіп келген екен. Жаңа мектеп бой көтергелі балаларымызға ыңғайлы болуы үшін осында қоныс аудардық дейді көбі. Сол уақытта су мен жарыққа деп ақша беріп, жеке кәсіпкермен келісімшарт жасасыпты. Бірақ, енді бұл құжаттың ештеңеге жарамай қалғанына қапалы. Өйткені, электр қуатын тарататын мекеме қайтадан келісім-шарт жасау қажет деп қолқа салып жатыр екен.

Нұржан Қыстаев, саяжай тұрғыны: «Көк дала сервис» бізге айтады қосылыңдар дейді. Керек болса бізге қосылыңдар, бірақ каждыйыңызбен отдельно договор жасасамыз. 320 мың теңге светке төлейсіздер дейді. Ал, енді халық ақшасын беріп тастады ғой. Мына жерде 4 көше, жүз отбасы ақшасын берген. Свет, суын тартқан, столбтары тұр. Бірақ тірлігі аяғына дейін жетпеген».

Бұл жерді бірнеше жеке кәсіпкер жарықпен қамтиды екен. Бірақ бізге қызметін ұсынатын компанияның басшысы жиып алған ақшасын өткізбепті деп өкпесін айтты жұрт. Ал, тікелей байланысқа шықпақ болғандырымен, ұялы телефоны сөндірулі екен. Осы тоғыз күннің ішінде жұрт біраз қиындыққа тап болыпты.

Ринат Керімқұлов, Кемертоған ауылының тұрғыны: «Қыстың көзі қырауында мына үйдің бәрі қазір білесіз нососпен жұмыс істейді. Отопление өшті. Роддомнан шығарып әкелген балалар тастай үйде отырды. Міне, дәлел ретінде айта аламын барлығын. Мына мектепті соқты ма, жан-жағындағы халықты былай бір шақырым, былай екі шақырым жағдайын жасаса. Біз жағдайға деген ақшамызды да төлеп қойдық».

Жарықсыз отырған тұрғындар қазір бір-біріне қол ұшын беріп амалдауға көшкен. Үйінде тамақ пісіріп, телефондарын қуаттау үшін көршісінің генераторын уақытша пайдаланып жан бағуда. Ал, үйдегі тоңазытқыш ара-тұра жұмыс істегендіктен, тез бұзылатын астарды далаға шығарып, сақтауға кірісіпті.

Мейрамға байланысты тікелей тоқ таратын компания жарықты бірер күнге көпшілікке қосып беріпті. Алайда 9-нан бастап қайтадан ажыратамыз деген хабарламалар бағаналарда ілулі тұр. Қазір осы ақпараттан шошығандар не істерін білмей дал. Әкімдіктегілердің бұған қатысты жауабы мынадай :

Абылай Ысқақов, Іргелі ауылдық округінің әкімі: «Бәрін жалпы өшірмей, жеке-жеке әр үймен сөйлесіп, әр үйдің иесімен сөйлесіп, шақырып қандай жағдай болды, қандай келісімшарт болды, қағазы бар ма, жоқ па, қанша төледі, соның бәрін анықтау керек».

Ал, қыруар қаржыны алып, қарасын батырған жеке кәсіпкердің үстінен аудандық прокуратураға арыз жазылыпты. Енді істің ақ-қарасы анықталады дейді. Ал тұрғындар жол ортасындағы бағаналар мен жерге жақын тұрған сымдар үшін де қауіптенуде. Күн ысыған уақытта балаларымыз ойынға шығады, сол кезде зияны тиіп кетпесе болғаны дейді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.