Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ҚАШАНҒЫ ЖАТСЫНАМЫЗ? ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «ҚАРАДАЛА» АТАУЫНА ҚАРСЫ ШЫҚТЫ

23.09.2019
ҰЛТ ҰЯТЫ
ҚАШАНҒЫ ЖАТСЫНАМЫЗ? ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ "ҚАРАДАЛА" АТАУЫНА ҚАРСЫ ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздіктің таңына не жетсін, шіркін?! Байлығымыз да, барымыз да, бағымыз да осы қасиетті ұғымға сыйып тұр. Жер иесі, ел иесі – қазақ. Қашаннан жақынын жауға бермеген, қиын-қыстау заманда басқаны да бауырына басып, барын алдына тосып, достық пейілін ұсынған дарқандығымыз өз алдына бір төбе. Қазақтың қара даласынан пана тапқандардың барлығы қазақтың кеңдігінің арқасында өсті, өркендеді.

Күні кеше Ұйғыр ауданында дүркіретіп Халық қаһарманы Мурдин Таиповтың 100 жылдығы өтті. Елдің бірлігі, татулығы арқасында тағылымы мол, мазмұны терең, рухани азық берген айтулы шара болды. Батырлығымен, қарапайымдылығымен жерлестерін тәнті еткен тұлғаны жас ұрпаққа таныттық. Артынан жайылған дастарқан басында ағайынның басы қосылып, өнегелі сөз бен пайымды пікірлер айтылып, тағы да татулықтың туы тігілді.

Сөз кезегі тигенде қасиетті Қарадаламыздың торқалы топырағынан тараған тарландар жайлы ой қозғадық. Аңғарсақ, сөзіміздің әлқиссасы Қарадаламен басталғаны кейбір ағаларымыздың жанына жақпапты. Бізден кейін сөз алған Бахар ауылының тұрғыны, талай жыл бойы жоғары лауазымдарда қызмет атқарған Сайдалим Амутов ағамыз тұра сала біздің сөзімізге ескерту жасады, «Қарадала» деп атауымыздың қателік екенін айтып өтті. Ағамыздың сөзінше, Қарадала атауы бұл өлкеге ешқандай қатысы жоқ екен, тіпті, негізі де жоқ. Қу медиен, түгі жоқ ен даланы «Қарадала» дейді екен-міс. Қара сөзінің мағынасы да, мәні де жоқ көрінеді.

Қалайша? Қасиетті де құнарлы қазақ тілінде «қара» сөзінің мазмұны терең. Тіпті, атa-бaбaлapымыз дүниені төpтбұpыш деп түcініп, әp бұpышқa өзіндік cимволдық pеңк-түc те беpген. Aтaп aйтқaндa, шығыc – көк түc, оңтүcтік – қызыл түc, cолтүcтік – қapa түc, бaтыc – aқ түc деген күн aйнaлымынa негізделген этномәдени дүниетaным да бар бізде. Қaзaқ тілінде қара түcтің мaғынaлық түpлеpіне бaйлaныcты көптеген мaқaл-мәтелдеp, фpaзеологизмдеp, жұмбaқтap да мол ұшыpacaды. Дәл осы сөздің бірнеше жерде айтылып, «Қарадалаға» қарсылық танытылғанын естіп, біліп жүрген соң, қолымызға қалам алдық.

Қазақ қacтеpлі, қacиетті, ел қaдіpлейтін не әкенің, не aтaның, не бaбaның үйін «Қара шаңырақ» дейді. Халықты да «қара орманға» теңеп жатады. Көзімнің aғы мен қapacындaй деп жанымызға жақын, ең aбзaл, қaдіpлі, қымбaтты жанды атаймыз. Қазақ ұғымында «қара қазан» ең қастерлі ыдыс, ырыстың белгісі болып саналады. Сөз әлемінің ең құдіреттісі саналған «қара өлең» қайдан шықты сонда? Тепсе темір үзетін, күшті, жаужүрек азаматтарымызға «қара күштің иесі екен» деген теңеу де береміз. Демек, түсіне білген жанға «қара» сөзі қарға тамырлы қазақтың қастерлі сөздерінің бірі.

Бала кезден кезiп, шарлап ой, көгiн,

Арманымның жуған талай көйлегiн.

Бұғытыдан басталатын әрi ассаң,

Бұл даланы «Қарадала» дейдi елiм.

…Қарадала – күй қанатты талмайтын,

Жiбек жолы ғасырлармен самғайтын.

Сақ, хундар мен үйсiндердiң көзi бұл,

Шығыс пенен батысты үнсiз жалғайтын.

Айтулы ақын, қазақтың нар тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Нұрлан Оразалин ағамыз Қарадаланы дәл осылай жырға қосады. Тарихтың қатпарын аршып, тамырын басып, өткенімізді қара өлеңге арқау еткен ағамыздың жыр жолдарынан бұл топырақта бабаларымыздың ізі, көнекөздеріміздің сөзі қалғанын байқаймыз.

Бахадүрлеріміз салған сүрлеу де осы Қарадалада сайрап жатыр. Бұған нақты әрі бұлтартпас дәлелдерді келтірген белгілі публицист, Қазақстанның Құрметті журналисі Жақыпжан Нұрғожаев ағамыз жуырда «ҚАРАДАЛАМ — БАБАДАН ҚАЛҒАН БАЙ ДАЛАМ» атты зерттеу мақаласын оқырманға ұсынды.

«Жетісу жері неше мың жылдардан бері түркі халқының ту тіккен тұрақты мекені болды. Бұл өңірде жыл санауымыздан бұрынғы II ғасырдан  жыл санауымыздың V ғасырына дейін үйсіндер қуатты мемлекет құрды. Үйсіндерден соң Юебандар мемлекетті биледі. Одан соң Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қарақан мемлекеттері өмір сүрді. Шыңғысхан заманында Жетісу жері Шағатайдың иелігінде болды. Алайда Шағатай мемлекеті де бүлінбей тұра алмады. Осының бәрінің негізгі бір орталығы – қазақтың қасиетті Қарадаласы еді», – деп сөз бастаған Жақыпжан ағамыз Қарадаланың қара топырағында мыңжылдықтар тоғысында өткен тарихи оқиғалар мен жаугершілік замандағы жорықтарды жіпке тізеді. Дәл осы мақаланы оқып отырып бұл мекенді 2 мың жылдан астам уақыттан бері қарай қазақтың үйсін тайпалары мекен еткендігін, Қарадала – тоғыз жолдың торабына орналасқандықтан Ұлы Жібек жолы арқылы Ши-ән, Жемсары (Иыңсар), Алмалық, Алматы, Талқиз, Баласағұн, Сайрам, Ясы, Отырар, Шаш, тағы басқа қалалар арасында жүрген қытай, түрік, араб, парсы халықтарының сауда керуендері осы Қарадаланы басып өткендігін білеміз. Ендеше, тарих таңбалаған Қарадалаға «Қарадала» атауын таңып, сөзімізге арқау еткеніміздің несі айып? Бұны екінші себеп деп қоялық.

Үшіншіден, әдебиеттану ғылымында теңеу (эпитет), әсірелеу (гипербола) деген болады. Яғни, затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым және әртүрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Демек, біз өлкеміздің белгісін, қасиетін осы «Қарадала» ұғымы арқылы береміз. «Жер жаннаты Жетісу», «Жерұйық Жетісу», «Әулиелі өңір» деп жерді сипаттап, әсірелейміз, әспеттейміз. Ал ауданымызды «Қасиетті Қарадала» дегеннен қандай терістік байқаймыз? Біздіңше ешқандай әбестік жоқ.

Күні кеше ғана ел Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауын ұсынды. Сан саланы қамтыған Жолдауда қоғамдық келісімді нығайту мәселесі сөз болды. Президент: «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет», дегенді екшеп айтты. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында: «1 наурызды немесе басқа күнді Қазақстандағы барлық этностардың бір-біріне және өздерін қабылдап, туғанындай мейірім көрсеткен қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өткен әділетті болар еді», — деген еді.

Яғни, қазақтың пейілі мен мейірінің арқасында осынау ұлан-ғайыр далада сан этнос өсті, өркендеді. Сондай құтты өлкенің бірі – осы Қарадала. Бүгінде қазақтың даласын мекен еткен әр ұлт пен ұлыс алғысын айтып, басын июде. Ендеше, қасиетті Қарадаланың да қадірін бағалап, кіндік қанымыз тамып, қалың ізіміз қалып, ұрпағымыз өсіп отырған ұлық өлкенің тарихын тани білейік.

Қазіргі кезде осы өлкені мекендеп жатқан ұйғыр ағайындардың қиналып, қысастық көріп келген ата-бабаларын құшақ жая қарсы алып, шұрайлы жерімен бөліскен қазақтың атауы — «Қарадалаға» қақпайлау болмай, жер иесінің достығына, қонақжайлылығына құрметпен қараған жөн. Достық керек. Татулықты ту ету екі екі жақтан бірдей болғаны абзал.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026
Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

03.02.2026
Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.