Әлеуметтік желіде ит соятын орын ұйымдастырылғаны туралы бейнежазба жарияланған болатын. Осы жарияланым бойынша тергеу басталды.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада екі әйел адам қамауда тұрған иттерді көрсетеді. Олардың болжамы бойынша, бұл – ит соятын орын. «Бұл – тура ит соятын орын. Қарасаңшы, арқан тұр. Ал, мына жерге итті сояды», — деп қосады видео авторы.
Желідегі жазба бойынша тексеру жұмыстары басталған.
«Аталған фактіні Алматы облысының Қарасай аудандық полиция басқармасы назарға алып, «Жануарларға қатыгездік көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Тексеру басталды», — делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»





