Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Қасіретті жылдар… ҚАСИЕТТІ КҮН

05.09.2016
ҰЛТ ҰЯТЫ
Қасіретті жылдар... ҚАСИЕТТІ КҮН
WhatsAppTelegramFacebook

Қара өлеңнің қайнар бұлағы болған қасиетті Қарауыл топырағы. Жасыл кілем өрнектеген Сарыжайлаудай құлпырып кетпесе де, өзіне тән ерекшелігімен есте қалатын киелі Сарыжал. Тұмса табиғатымен тамсандырған қойнауы құт Дегелең. Құнанбайдың даналық жолының бастауы болған Ақшоқы, Абайдай хакімнің кіндік қаны тамған Қасқабұлақ, Шәкәрімнің қиялын өрлеткен Жидебай. Сондай қасиетті бойыңа жия тұра, қалай ғана қасіретке душар болдың екен?..

ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР. Қай­ран елім, қайран жерім, қор болған, Жомарттығы өз ба­­сына сор бол­ған, Жары­лыс­тан көз ашпаған далам-ай! За­ман-ай, заман-ай, Заман-ай… Ақиқатында осы, соноу ға­сырлардағы зар-заман жыл­дар салған жарадан ел аман, жұрт ты­нышта қолдан жасал­ған қия­наттың зардабы қатты бол­д­ы. Есдәулеттің Ұлықбегін зар­­­латқан ауыр қайғы бар қа­зақ­­тың қабырғасын қайыс­тыр­ды. Арада ғасыр ауысып, жөң­кі­ліп жылдар өтсе де Се­мей по­­лигонының зобалаңы ұмы­ты­ла қоймас!

Өткен ғасырдың бірінші жар­тысының соңғы жылы, дәл осы қаралы күнде түгін тартса майы шығатын мекенде алғаш рет жарылыс жасалды. Сұм со­ғыстан еңсесін енді көтеріп, есін жаңа ғана жия бастаған елең-алаң уақытта елді елең ет­кізген жарылыстың осын­ша­ма қайғы мен қасіретке ұшы­ра­татынын сол кезде мо­мын қазақ біле қойды дейсіз бе?! Бүкіл билік жүйесі «Ота­ны­мыз­дың жүрегі» деп Мәс­кеуге бас шұлғып, бір айт­қанын екі еткізбейтін сая­сат­пен бұғау­ланып қалған сәтте бұған қар­сы тұратын дәрмен де жоқ еді. Бұл зобалаңның қасіреті бе­сік­тегі сәбиді най­засымен түй­ре­ген жаугершілік замандағы қа­ты­гездіктен де асып кетті. Сон­­да неге сынақ алаңына қа­зақ даласы таң­далды?! Ұлы Да­ла елінің ұр­пақ­тарын ұлар­дай шулатып, ұлт­арақтай жер бұйыртпай жойып жіберу бол­ды ма мақ­сат­тары. Қазақ ұлы­сы­ның қай­мағы бұзылмаған аймағын ны­санаға алғандағы көз­дегені өз де­генін жасау бол­ды ма қызыл им­перияның. Бір өңірді ула­ға­ны­мен басқа жа­ғын­да да тасқа жазылған та­ри­хы терең ел еке­ні­мізді ес­кер­мей қалды-ау сол кез­дегі ессіз өкімет. Әйтеуір, қа­лай десек те ас­та­рында сұм сая­саттың жат­қаны рас.

«Еркек тоқты құрбандық» деп елі үшін басын өлімге ті­гіп, жері үшін құрбан болу­дан асқан бақыт бар ма мына жал­ғанда?! Ал кешегі қанды ға­сыр­дан да зор қайғы әкелген Се­мей полигоны Отаны үшін от кешу былай тұрсын, жаман­ды­­ғы жатырға түсіп, қолдан жа­­салған індет құрсақтан қа­ғы­­­нып, қарап тұруға дәтің шы­дамайтын шараналарды дү­ние­ге әкелді. Айналайын-ай, Се­мейім. Не дейін, саған, не дейін?! Қасіретіңді ойласам, өк­сікке толар көмейім. Ашын­ғаннан шы­ғатын ащы дауы­сым­мен ыш­қына, кеуде толы за­рымды, осы нәубетті жаса­ған, тас ат­қан бізге тасадан, қарабет жан­дар­ға төгейін. Бас­қа амалым қай­сы?

Жидебайда жарылса талай атом, Жырлап жүрген біз соны – сарай ақын. Ұрпағыңа «Тоқ­тат! – деп тоқтам айтшы, Бар еді ғой ардақты Абай атың!

Ащы болса да шындық. Қазағы үшін жаратылған алып­тардың алтын бесігіне ай­нал­ған құтты қоныста қолдан жа­салған зобалаң мен елдің ба­сына түскен нәубетке Алаш­тың айтулы ақыны Ұлықбек Есдәулет алдаспан жырымен үн қатып, қарсылық білдірді. Ұлт перзенттерінің намысын оят­ты, жігерін жаныды. Олай ет­песе өткен ғасырдың ба­сын­да дәл осы қазақия ұлысы үшін жалғыз жанын оққа бай­лаған Алаш аяулыларының атына дақ түсері де мүмкін еді.

Бір кездері Алаш орданың ақ отауы сенде тігіліп, ұлтым деп жұлқынған дала пер­зент­терінің дара келбеті көрінген қасиетті өңір едің. Ақ пат­шаның сойылы жетпегенімен қарғыс атқыр қызыл им­пе­рияның құрығы ұзын болып шықты. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өлетін» қай­ран ат жалында көз іліп, ат үс­тінде шөл басқан заман. Жек­пе-жекте басың кетіп, Отаныңа атылған оққа кеудеңді төсеп өлгенге не жетсін. Ал мынау не деген сұмдық! Бір емес, екі емес, төрт емес қырық жыл сы­нақ алаңына айналып, ос­па­дар билік жүйесінің айтқанына көніп, айдағанына жүре беру не деген қасірт десеңізші?! «Қазақ қой мінезді» дегенге қойдан да жуас болып кет­ке­ні­міз бе? «Атадан бала айы­ры­лып, Қанаты сынып қайы­ры­лып, Қасірет толып жүрекке, Тұр­ған бір кезде қайғырып, То­лып жатқан қамқорлар, Елде жоқ едің, қайда едің? », – деп Міржақып қойған сұрақты тө­те­сінен алдына тартқанда, әй, жауап та ала алмаған шығар-ау? Құдайдан қорқуды қойған заманның тұтқасын ұстағандар қазақтың қамын күйттеді дей­сіз бе?! Осыдан барып қой Ұлық­бек ақынның ұлтым де­ген ұл болса ұғар, ұялар деген сеніммен үн қатқаны.

Неге біздер у ішеміз суат­тан, Неге біздер ажыраймыз тұяқтан?

Туған жерді тоздырғанша, заман-ай, Неге жерге кір­мей­міз біз ұяттан? Ұлттың ұя­ты­на сын түскен сәтте жаратқан Жаппар ием өзі жар болды. Бо­дандықтың бұғауын бұзып, ноқ­тасын үзіп тәуелсіздіктің арай­лы таңы атты. Бұл осынау Жер деп аталатын алып шар­дың үстіндегі бар байлықпен бағасы өлшенбейтін күн еді. Иә, бұл…

ҚАСИЕТТІ КҮН. Ұл­да­рым­ның қайда кеткен құрығы, Қыздарымның қайда кеткен бұрымы? Мейірімге за­рық­тыр­ған заман-ай, Туған жер­дің лайланды-ау тұнығы, – деп Ұлықбек ақынмен бірге көкке қарап ұлыған Көкбөрідей қай­сар елдің еңсесі көтеріліп, ер­кін ел атанып, Күн нұрынан тәж киіп, ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛ­ДАР­ҒА нүкте қойылған ҚА­СИЕТ­ТІ КҮН салтанат құрды. Оғлан ақын Олжас Сүлей­ме­нов «Невада – Семей» қоз­ға­лысын құрып, елін соңынан ерт­ті. Осы сәтте Тәуелсіздіктің де таңы атып, еркін елдің Тұң­ғыш Көшбасшысы таққа отыр­ды. Сөйтіп, егемен елдің тіз­гі­нін қолына алған Нұрсұлтан На­зарбаев 1991 жылдың 29 та­мызы күні Семей полигонын жа­бу туралы Жарлыққа қол қой­ды. Тәуелсіздіктің алғаш рет маңдайымызға бұйыртқан ба­ғы да осы еді! Содан бері де күн аптаға ұласып, апта айды арқалап, жылдар жылжып, ши­рек ғасыр өтті. Бірақ қазақ хал­қы­­ның басына орасан зор қай­ғы әкелген зұлматтың тарихта ізі, жүректе сызы қалды. Бұл қа­сірет ешқашан ұмытылмақ емес. Ізі де сызы да ға­сыр­лар­мен ілесіп, ұрпақтан-ұр­паққа же­тері сөзсіз.

Жұматай ӘМІРЕЕВ

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.