Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

АУДАНДЫҚ ГАЗЕТТЕГІ ПЛАГИАТ: КӨПШІЛІКТІ АЛДАУ КІМГЕ АБЫРОЙ?

12.06.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
АУДАНДЫҚ ГАЗЕТТЕГІ ПЛАГИАТ: КӨПШІЛІКТІ АЛДАУ КІМГЕ АБЫРОЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

«Сарқан газеті» ЖШС кейінгі жылдары мемлекет тарапынан ақпараттық насихатқа бөлінген қаржыны тендер арқылы ұтып алып жүрген болатын. Жыл сайын порталға Алматы, Талдықорғанда шығатын газеттер де өз ұсыныстарымен шығып, бізбен бәсекелес болып жүреді. Биыл жылдағы дәстүрмен ақпараттық насихатқа бөлінген қаржыны төмен баға қою арқылы «Білім шапағаты» жеңіп алды да, аудандық газетті мемлекеттік қолдау мүмкіндігінен айырды.

«Білім шапағаты – Сарқан» (Сарқан ауданына тарайтын газет) атауымен ауданға сәуір айынан бері таралып отырған басылым тұтастай еңбекті көшіріп, өз аттарынан жариялауды айып көрмейтін секілді.

Атап айтқанда, газеттің 1 мамырдағы санының 3-бетіндегі «Алаштың бір арысы – Махетов-Мәметов Базарбай» атты мақала менің «Сарқан» газетінің 2018 жылғы 13 шілдедегі «Баршамыз бас иеміз арда есімге» деген төлтума жазбамнан айна-қатесіз көшіріп алынған.

Бұл зерттеу, сонымен қатар, 2018 жылы шыққан «Кие қонған, Қыдыр дарыған Сарқан» кітабымда бар. Кітаптың электрондық нұсқасы оқырман үшін қолжетімді. Біреудің еңбегін ұрлау әдеби ұрлық немесе плагиат деп дәрежеленіп, заңмен қудаланатындығын сарқандық тілші білмесе де, редакция алқасы білуі тиіс.

Газеттің мамырдың 22-сіндегі №17 санында сол қателік тағы да жалғасын тауыпты. Аталған кітаптағы «Қазыналы Қойлық» атты зерттеуімді тағы да сол А.Рахимжанова тападай тал түсте қолды қылып, өзінің атынан тұтастай сол қалпында бір әрпін де өзгертпестен оқырманға қайтадан ұсынып отыр. Ешқашан абырой әпермейтін мұндай қадамға барған басылымды және тілшіні ұяттан ада демеске лажымыз жоқ.

Осы басылымның 29 мамырдағы (№18) жарияланымы да бұрынғы олқылықтардан ұзап кете алмаған. Бұған мысал ретінде газеттің 6-бетін тегіс алып жатқан «Көтен Тәуіп Байғотанұлы» деген мақаланы келтіруге болады. Мақаланың аңдатпасында Гиппократ Орта Азия елдеріне келіп, емші, тәуіп, сынықшы, бақсы-балгерлермен кездескен деген сенімсіз дерек айтылады. Арғы-бергі тарихтан хабары бар кез-келген оқырман мұндай сауатсыздыққа дау айтуы сөзсіз.

Мақаланың алғашқы абзацында «Алтынарық бойында 1835 жылы дүниеге келген әулие Көтен Тәуіптің шыққан тегі Найман-Матай» дейді де, сол абзацтың ішінде Көтен Тәуіп әулие Сыр бойында дүниеге келген, өзі үш ағайынды, бірінші ағасы Түгел, екінші ағасы Күшмән, өзінің азан шақырып қойған аты Қойлыбай деп тарихи деректен тағы да ауытқып кетеді.

Көлемді мақалаға өзінің қолын қойған А.Рахимжанованың тарихи тұлға туралы түсінік-пайымы шамалы сияқты. Біріншіден Көтен Тәуіп Байғотанұлы мен Көтен Тәуіп Қоңырбайұлы екеуін бір мақалаға кіргізіп, мидай араластырып жіберген. Көтен Тәуіптің азан шақырып қойған аты Қойлыбай деп бұл киелі тұлғалардан әлдеқайда бұрын Орталық Қазақстан өңірінде ғұмыр кешіп, аты аңызға айналған Балталы-Бағаналы Қойлыбай бақсымен шатастырып, оқырманды, әсіресе кейінгі толқынды тағы да адастырады.

«Көзі тірісінде бір ғана елдің емес» деп басталып, «…қасиеті де үлкен себеп болғаны айқын» деп аяқталатын 150 жолдық мақаланың негізгі бөлімі менің «Кие» атты кітабымның 8-14 бетінен көшіріліп алынғандығы сауатсыздық па, әлде жауапсыздық па?

«Қазіргі заман ұғымдарымен терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігінде» (Алматы: «Сөздік-Словарь», 2001.ISBN 5-7667-8676-Х) және “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедиясында» (Бас редактор Ә.Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9) әдеби ұрлық туралы төмендегідей сипаттама берілген:

«Плагиат (лат. plaqіo – ұрлау, ұрлық) – басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану. Плагиаттық жасап, басқа біреудің шығармасын иемденіп, еңбегін пайдаланған адам авторлық құқықты бұзғаны үшін заң алдында жауапқа тартылады».

Мұндай бағытпен мағынасыз үнпарақ шығарып, көпшілікті алдау кімге абырой әпермек?!

Жомарт ИГІМАН,

Қазақстанның Құрметті журналисі

Сарқан ауданы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.