Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

АУЫЛ ӘЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕНДЕТТІҢ АТЫНДА

23.10.2018
ҰЛТ ҰЯТЫ
АУЫЛ ӘЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕНДЕТТІҢ АТЫНДА
WhatsAppTelegramFacebook

Өз басым коммунистік режимнің көсемдері мен қолшоқпары болған қайраткерлердің есімдерімен аталған жер, су, көше аттарының ауыстырылып жатқанын тарихи әділдіктің жеңісі деп санаймын. Нысанның әкімшілік-аумақтық классификациясы базасы бойынша еліміздің барлық облыстарында Қазақстан Орталық атқару комитетінің төрағасы болған (1927-1934 жылдары) Елтай Ерназаровтың атымен аталған 12 ауыл, ауылдық округтер бар. Ал тәуелсіздік алғанға дейін бұдан да көп, 20-дан аса ауыл болған.  Шынында, Елтай Ерназаров деген кім? Қазақстанның барлық облыстарынан ауылдардың атын беруге лайықты тұлға ма еді? Мұның тарихын біреу білсе, біреу біле бермейді.

Елтай Ерназаровтың Қазақстанға сіңірген ауыз толтырып айтарлықтай ешбір қызметі жоқ. Сауатсыз, белсенді болған Елтай Ерназаровты (шын тегі Тышқанбаев) отызыншы жылдарда Қазақстанды қан қақсатқан басшы Филипп Голощекин Шымкент облысының Бадам болысында жүрген жерінен шақырып алдырып, комитетінің төрағалығына тағайындаған. Ф. Голощекиннің мұндағы ойы Тұрар Рысқұлов, Жалау Мыңбаев, Смағұл Садуақасов сынды ұлтшыл, принципшіл, өте сауатты қазақ кадрларын ығыстырып, өзінің айтқанымен жүріп-тұратын шала сауатты белсенділерді қарамағына жинау болатын.

Елтай Ерназаров Қазақстан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып отырған уақытта ірі және орта шаруашылықтарды кәмпескелеу науқаны басталып, соңынан халық ең үлкен нәубет –ашаршылыққа ұшырады. Сол кездегі құжаттардың барлығында қолы бар. Тарихшы-профессор Т. Омарбековтың айтуынша, Голощекиннің қолшоқпары болған Елтай Ерназаров – өзінің мансабын халық мүддесінен жоғары қойған карьерист.

Қазақстанда «Кіші Қазан төңкерісін» ұйымдастырып, халықты қан қақсатқан Ф. Голощекин ұмтылса да оның қолшоқпары болған, карьерист аппарат қызметкерлерінің аты өшпей келе жатқаны қатты қынжылтады. 1920-1930 жылдары жергілікті жерлердің атын социализм көсемдерінің, жергілікті коммунистердің атымен атау туралы қаулы болған. Сол кезде билік жердің атын ауыстыру науқанын бастап жіберіп, айналдырған бір-екі жылдың ішінде барлық қазақ ауылдарының ескі атауларын өшіріп, Ленин, Маркс, Сталин, Ворошилов, Киров, Ежов, Голощекин, Мирзоян, Елтай Ерназаров, Тұрар Рысқұлов, Ізмұқан Құрамысов, Ораз Жандосов, Ораз Исаев атымен атау туралы қаулы шығарып, мыңдаған елді мекен ауыстырылды. Кейін 1937 жылғы сталиндік террордан соң Тұрар Рысқұлов, Ізмұқан Құрамысов, Ораз Жандосов, Ораз Исаев халық жауы аталып, ату жазасына кесілді. Ал олардың атымен аталған ауылдардың аты тағы өзгерді.

 Террор кезінде Елтай Ерназаров қайда кетті? Ешқандай репрессияға ұшырамады. Қанды қырғыннан аман қалады да, Шымкент облысындағы өз ауыл-аймағына көшіп барып, соғыс біткеннен кейін қайтыс болады. Қазақстанның түкпір-түкпірінде оның атымен аталған ауылдардың аты да өзгермей, сол күйі қалып қойғанының себебі осында.  Қазіргі кезде облыс бойынша Елтай Ерназаровтың атымен аталған, сол отызыншы жылдардың шаш ал десе бас алатын тарихынан мұра болып қалған бірнеше ауыл мен және округтер бар. Бұлар: Қарасай ауданындағы Елтай ауылы, Қарасай ауданындағы Елтай ауылдық округі, ​ және Ескелді ауданындағы Елтай ауылы.

​  Осы қызыл коммунист, шолақ белсенді Елтай Ерназаровтың аты қашанға дейін қала бермек? Осы ауылдардың ескі тарихи аты болмаса осы жерден шыққан құрметке лайық басқа азаматтар жоқ па?!

Менің бір ұсынысым, облыстағы жоғарыда аталған ауылдарды Жетісудағы Алаш қозғалысына қатысқан, қуғын-сүргінге ұшыраған Түлембай Дүйсебаевтың (Үлкен Алматы болысы, қазіргі Қарасай ауданында туған), Ыбырайым Жайнақовтың (Үлкен Алматы болысы, қазіргі Қарасай ауданында туған), Базарбай Мәметовтың (Сарқан ауданында туған) аттарымен атаса дұрыс болар еді.

Былтыр ғана Алматы қаласындағы жалынды коммунист, жазушы Дмитрий Фурманов атындағы орталық көшенің аты алынып тасталды. Левон Мирзоян атындағы көшенің де аты ауысқанына халық қуанып жатыр. Бұған ешбір кедергі жоқ. 2007 жылы Қаратал ауданындағы Елтай ауылына Қаражиде тарихи атауы қайтарылғанына халық әлі күнге риза.

Қазіргі кезде ескі коммунистер немесе коммунизм дәуірінде қойылған, сол заманнан хабар беретін К. Маркс, Ф. Энгельс, Чапаев, Комсомол, КазЦИК сияқты барлық елді мекен, көше аттары өзгеріп жаңа атауларын алып жатқаны құптарлық іс. Бұл бағытта аудандық, облыстық ономастикалық комиссияның істеп жатқан жұмысы қуантады.

Ономастикалық комиссияға жергілікті халықтан келетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау өте маңызды. Сол себептен аудандағы, облыстағы ел азаматтары Елтай ауылының атын өзгерту туралы осы мақалаға мән беріп, назардан тыс қалдырмай, ономастикалық комиссияға ұсыныс тастаса деген тілегіміз бар.

​Нұржан СӘДІРБЕКҰЛЫ,

Алматы облыстық мемлекеттік архив қызметкері

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің туғанына 86 жыл толды

Қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің туғанына 86 жыл толды

02.02.2026
Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

02.02.2026
Бараат түні қандай құлшылық түрлерін орындаса болады?

Бараат түні қандай құлшылық түрлерін орындаса болады?

02.02.2026
Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

02.02.2026
Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.