Талдықорған: +15°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ: ЖЕЛГЕ ҰШҚАН 409 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

03.12.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ: ЖЕЛГЕ ҰШҚАН 409 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды», — деген ән осы мақалаға сай келетіндей. «Әләуләйы» таусылмайтын бұл әнді Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көпбірлік ауылының тұрғындары жырлап келе жатқанына отыз жылдан асты. Әуезіне келтіріп қанша шырқаса да тыңдаушының құлағына жетер емес. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Мақала түсінікті болу үшін басынан бастайын. «Жетісу» газетінің редакциясына 49 тұрғын қол қойған хат келіп түсті. Ол хатта Көпбірлік ауылы тұрғындарының жанайқайы жазылған. Жыры бітпейтін жол мәселесіне қатысты газеттен көмек сұрап, жоғары жаққа ауыл тұрғындарының өтінішін жеткізуді өтініпті.

Өткен жылы облыс бюджетінен 471 млн.теңге бөлініп, Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік ауылының жолы жөнделеді деген хабарды естігенде бөріктерін аспанға атқан ағайындардың көңілі су сепкендей басылып қалды.

Отыз жылдан бері тозығы жеткен ауылға дейінгі жолды биыл сәуір айынан бастап жасап, қараша айының соңында пайдалануға беруі керек болатын. Негізі тапсырыс беруші — Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Ал жөндеу жұмыстарын ұтып алған мердігер — «Фирма Талдықорған жолдары» ЖШС.

Үштөбе – Алмалы ауылының арасына жамау жұмыстарына қанша бөлінгені белгісіз, ал Алмалы – Көпбірлік ауылының арасындағы 28 шақырымға 409 млн.теңге қарастырылған.

Енді қараңыз, Үштөбеден шыққан жолды жамау жұмыстары толық аяқталмаған. Үзік-үзік болып қалып қалды. Ал Алмалы мен Көпбірлік арасына сәуір айынан бастап ешбір жұмыс жүрмеген. Негізі ол жерге орташа жөндеу жұмыстары, яғни, қиыршық тас төгілуі керек-ті.

Жоғарыда айтқанымыздай, қараша айының соңында пайдалануға берілетін жолдың жөндеу жұмыстары желтоқсан айының басында басталып отыр. Онда да қиыршық тас төгілместен отыз жыл бұрынғы қиыршығы ұшып біткен қара жолдың үстіне құммен араластырып, цементті құйып жатыр деп ауыл тұрғындары назын айтып отыр.

Сонда бұл қалай болды? Жоқ әлде жол жөндеу технологиясы өзгерді ме?! Мұндай жұмыстың сапасына кім жауап береді. Арнайы қиыршақ тас төгуге бөлінген 409 млн.теңге қайда кетті? Мемлекеттің қаражаты су болып, жерге сіңіп кеткен жоқ па? Жолға бөлінген қаражаттың барлығы халықтың қаржысы екенін неге ескермейді?!

Осы тұста ауыл тұрғындарының хатын ескере отырып, Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына арнайы хабарласып, мән-жайды білмек болғанбыз. Жолданған қызметтік хатқа басқарма басшысының орынбасары С.Самұратов былай деп жауап берді:

«Аталған аралыққа оташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, уақытылы жүрмеген жұмысқа ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285, 2020 жылғы 14 сәуірдегі №306, 2020 жылғы 29 сәуірдегі №310 Жарлықтарымен төтенше жағдай енгізу және індеттің таралуына байланысты жұмыс кестесі ұзартылды».

Иә, ол рас, індет көп жұмысқа кедергі болды. Бірақ одан бері қалыпты жағдайға түскен кезде жұмыс қайта неге қолға алынбады? Сегіз айға жоспарланған жұмыс бір айдың ішінде бітіп кетеді дегенге кім сенеді?

Желтоқсанның басында басталып, аяғында аяқталатын жолдың сапасын елестетіңізші. Егер бір айда 28 шақырым жолды бітіріп тастайтын болсақ, біз күллі Қазақстанның жолын бір жылда жөндеп тастауға қауқарымыз бар деген сөз ғой.

Енді мына қызықты қараңыздар:

Өткен жылы аудан әкімінің есебінде осы аралықтарға 471 млн.теңге бөлінді, Алмалы мен Көпбірліктің арасына 28 шақырымға қиыршық тас төгіледі деп есеп берген болатын.

Осы жауапты естіген біз де, ауыл тұрғындары да екі ауылдың арасына толық тас төгіледі деп елестеткенбіз. Өкінішке қарай, олай емес екен. «Дорстрой» ЖШС жобасы бойынша тек 28 шақырымның арасындағы ойылып кеткен жерлерге және қауіпті аймақтарға қиыршық тас төгіліп, үстіне цемент төселеді. Толықтай қиыршық тас төселіп, алдағы уақытта асфальт салуға дайын тұрады деген әңгіме мүлдем жоқ. Осы 28 шақырымның арасындағы ойылып, қауіпті деген аймақтарды таспен толтырғанға 409 млн.теңге жұмсалғалы отыр.

— Айналайындар, сіздер елестетіңіздерші, мынадай қыруар қаражат алақандай жұмысқа кете ме?! Мынадай сорақы жобаны қалай таңдадыңыздар?! Одан да бұл жоба мүлде жүзеге аспай қалғаны жақсы еді ғой. Мардымсыз жобаға осынша қомақты қаржыны жұмсап, мемлекеттің қаржысын текке шашқанша, пайдалы бір іске қарастырған қайырлы еді ғой. Тәуелсіздік алғалы отыз жыл болды, сол баяғы жыртық жолмен күн кешіп келе жатырмыз. Ауыл тұрғындарының зары расымен де ауыр, — дейді Көпбірлік елді мекенінің тұрғындары.

Тұрғындар біздің ауылға тәуелсіздік жетпей қалды дейді. Егер жеткен болса, баяғыда тақтайдай жолмен жүретін едік деп, көз жастарын етектеріне толтырып отыр.

Мына бір көрсеткішке назар аударайықшы. Үштөбе – Алмалы ауылының арасына жолды жамау жұмыстары жүргізіліп жатыр деп атап өттік. Онда қара май араласқан кәдімгі асфальт құйылады. Бұл аралықтың шақырымын есептеп жіберейік. 0-145 шақырым. Енді бір тонна асфальттың құны нарықта орта есеппен алғанда 15,500-18,000 теңге. Ал қиыршақ тастың құны 10,000 теңге. Бірақ толық тас төгілмейді деп отыр. Олай болса, екі араны жырмыштап, қаражатты текке шашқанша, 409 млн.теңгеге асфальт алып, жарым жолға төсей салса, әлдеқайда тиімді болар ма еді деген ой туындайды.

Қалай болғанда да, ауыл тұрғындарына обал-ақ. Қыста қарға кептеліп, көктем, күз айында ми батпақтың ортасында қалатыны анық. Тұрғындардың редакцияға жолдаған хатында осы мәселені облыс басшысы өз назарына алса деген өтінішін жеткізіп, газеттен көмек сұрап отыр.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Көпбірлік ауылы

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026
Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

30.03.2026
Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.